Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні
Жоспар
Кіріспе 3
1 Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні 4
1.1 Ақша қызметтері мен функциялары 7
1.2 Ақша айналысы және ақша жүйесі 8
1.3 Ақша айналыс заңы 9
1.4 Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері 12
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер 14
Кіріспе
Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық бйланысты қамтамасыз етеді.Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды.
1 Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні
Ақша ерте заманда пайда болды, олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарты және өнімі болып табылады. Тауар -бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Заттың тауарға айналуы, ақшаның пайда болуы объективті алғы шарттарды құрастырады. Бір кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса мұндай бұйым тауарлы формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Алғашқы қауымдық құрлыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ аййырбасталу барысында айырбас құнының жәй немесе кездейсоқ формалары қолданылады.
1.1 Ақша қызметтері мен функциялары
Ақшаның әр қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын тауар өнлірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.Ақша 5 түрлі функцияны орындайды.
1.Ақша құны өлшем ретінде – құн өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды.Бұл ақшаның барлық тауарлар құнын өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді бағаны оның тауда делдал қызметін атқарады.Ақша еңбек өлшемі ол жұмыс уақытын емес осыеңбекпен құрылған құнды көрсетеді.Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны оның бағасынан пайда болады.Құнын өлшемі қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді.
1.2 Ақша айналысы және ақша жүйесі
Ақша айналысы — қолма-қол ақша қозғалысы. Ақша айналымы ұғымы одан кең мағынаны бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналым мағынасын сипаттайды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлем ақыны жүзеге асыратын кезінде қызмет көрсету. Сонымен бірге кәсіпорындармен қаржы және несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуын ақша айналысы деп аталады. Ақша айналысының обьективті негізі тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауарды сатып алу үшін қолданылуы. Ақшалардың әрдайым қозғалыста яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекеленіп жүреді.
1.3 Ақша айналыс заңы
Адамзат құнының әртүрлі формалардың өз басынан өткере отырып яғни ақша орнына әртүрлі тауарлар қолданысынан кейін (мал, тері, бақалшақ) адамзат металл ақша айналысына қол жеткізуі. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен бастап одан бірте-бірте монеталар пайда болған. Монета — ол формасы, сыртқы пішіні, салмақты құралы заңмен бекітілген. Металдан жасалған ақша белгісі мемлекет пробаны (монетадағы таза металдардың құрамы) массасын, типін ремедиюмді (заңмен рұқсат етілген номиналды массасының нақтыдан ауытқуы) эмиссялау ережесін және де тағы басқа белгіленеді.
1.4 Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері
Жалпы мемлекеттік заңмен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің ақша жүйесі бар. Қазақстанның валютасы — теңге. Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын қағаз немесе несие ақша.
Металдық айналым мұнда ақшалай тауар, ақшаның барлық қызметін атқара алады. Ал несие ақшалар металға айырбасталады. Мұнда алтын айырбасталатын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты.
Алтын монометализмнің 3 түрі бар.
Қорытынды
Ақшаның пайда болу мәнін және шығу тегін қорытындылай келе,ақша-бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол жалпылама эквиваленттік роль атқаратын тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.
Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.
Ақша - бұл тауар өндірісі және құн тұрі дамуының өнімі.