Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

ДСҰ пайда болу тарихы


Жоспар
Кіріспе 3
1. ДСҰ пайда болу тарихы 4
1.1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы 4
1.2. Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд 5
1.3. Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды 7
2. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері 8
2.1. ДСҰ жүйесінің принциптері 8
2.2. ДСҰ құрылымы және бюджеті 12
2.3. Соңғы жылдары ДСҰ- на кірген елдердің тәжірибесі 16
3. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі 20
3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда, артықшылықтары көп болғалы 20
3.2. Ауылшаруашылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы 23
3.3. ҚР ДСҰ- на кіруі жайындағы келісім сөздер 25
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы мәселені өте қиын етеді.
Бұл курыстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.
Курыстық жұмыстың бірінші бөлімінде ДСҰ-ның пайда болу тарихы мен оның пайда болуына әкелген негізгі келісім сөздер раундтары қарастырылған.

1. ДСҰ пайда болу тарихы

1.1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы

СТЖК- халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор атымен танымал «Бреттонвудтық» ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін уақытша пайда болған.
СТЖК құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа арнайы ұйымы - Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық, шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқты мәселелер туралы ережелер болған.

1.2. Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд

1973- 1979ж. ж. 102 мемлекет арасында жүргізілген Токиолық раундта СТЖК тарифтерді біртіндеп кемітуге тырысты. Оның нәтижесінде негізгі әлемдік тоғыз өнеркәсіптік нарықтардағы кедендік баждар үштен бір бөлікке кеміді, нәтижесінде дайын өнімдерге орташы тарифтер СТЖК құрылуының алғаш кезіндегі 40 %- дан 4,7 % - ға дейін кеміді. Тарифтерді кеміту сегіз жыл ішінде өзара келісушілік нәтижесінде жүзеге асырылды. сондықтан ең жоғары тарифтер ең кеміне қарағанда едәуір көп азайды. (1,24) Ал қалған мәселелер бойынша Токиолык раундтың нәтижелері жақсы болған жоқ. Ауылшаруашылық өнімдер саудасы мен «қоргау шаралары» (импортқа қатысты төтенше шаралар) жайындағы мәселелер шешілген жоқ. Келісім сөздер барсында бірқатар бейтарифтік шек қоюлар жайындағы келісімдерге қол жеткізілді. Көп жағдайларда тек бірқатар индустриалды дамыған елдер бұл механизмдер мен келісімдерге (нәтижесінде олар «кодекстер» деген атпен танымал болды) қосылды. Бұларға келесідей келісімдер кіреді.

1.3. Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды

Уругвай раундын жүргізу туралы ой 1982 жылы Женевада өткен СТЖК мүшелері - елдер министрлерінің кездесуінде туған. Мәселерді шешу және келесімге келу үшін төрт жыл мұқият жұмыс жасалды да, 1986 ж. қыркүйекте Пунта – дель - Эстеде министрлер қайта жиналды. Олар келісім сөз кеңістігіне барлық сауда саясатының шешілмеген мәселелерін алды, мысалы интеллектуалды меншік пен қызметтер саудасы. Бұл сауда келісім сөздері үшін жасалған ең ірі мандаттардың бірі еді және оны орындау үшін төрт жыл жұмсалды. (1.45)
1998 ж. қарай келісім сөздер «орта мерзімді шолу» деңгейіне жетті. Ол министрлер кездесуі ретінде Монреаль, Канадада өтті. Нәтижесінде раундтың екінші деңгейінде келісім сөздерді жүргізу мандатынын жасап шығарылуына әкелді. Министрлер алдын-ала нәтижелер бумасы жөнінде келісімге келді. оларға дамушы елдерге көмек ретінде тропикалық жемістер нарығына кіру рұқсаты берілді және СТЖК мүшелерінің ұлттық сауда саясаты мен тәжірибесін бақылауға мүмкіндік беретін сауда саясатын бақылау механизмдері жөніндегі мәселелерді реттейтін жүйе жасауға алғашқы қадамдар жасалды.

2. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері

2.1. ДСҰ жүйесінің принциптері

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - көпжақты сауда жүйесінің құқықтық және институционалды негізі болып табылады. Ол үкімет саудаға қатысты ішкі заңнаманы қалай жүзеге асыруға міндетті екендігін көрсететін негізгі келісім міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Осы негізде дауларды басу. келісім сөздер мен жалпы талдау арқасында елдер арасындағы сауда қарым - қатынастары дамиды.
ДСҰ 1995 ж. 1 қаңтарда құрылған. Үкіметтер 1993 ж. 15 желтоқсанында Уругвай раундының шеңберінде келісім сөздерді аяқтады да, саяси мүдделілігін 1994 ж. Сәуірде Қорытынды актіге қол қою арқылы білдірді. «Марракеш декларациясы» Уругвай раундының нәтижелері «әлемдік экономиканы тұғырландырып, бүкіл әлемдегі табыстар, жұмысбастылық, капитал салымдарының өсуі мен сауданың кеңеюіне» әкелгендігін дәлелдеді.

2.2. ДСҰ құрылымы және бюджеті

Ұйымның барлық уәкілдерін біріктіруші ең жоғарғы орган - Министрлер конференциясы. Конференция сессиялары екі жылда бір реттен кем емес жиналады да, Уругвай раундының мәселелері бойынша шешім қабылдайды. Бірінші конференция 1996 ж. желтоқсанда Сингапурде өткен; екіншісі 1998 ж. мамырда Женевада СТЖК/ДСҰ елу жылдық қызметі нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер жөнінде қорытынды жасалды; 2001 ж. Доха (Катар) өткен Министрлер конференциясынан кейін көпжақты келісімдердің жаңа раунды басталды; келесі конференция 2003 ж. Канкун (Мексика) өткен.
Министрлер конференциясы Сауда мен даму жөніндегі комитетті, Төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер бойынша комитет, Бюджет, қаржы, әкімшілік бойынша комитет, Сауда және қоршаған орта бойынша комитеттерді тағайындайды.

3. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі

3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда, артықшылықтары көп болғалы

ДСҰ-на кіруші елдермен келісім сөздер кезінде ең үлкен дау импортталатын тауарларға қатысты баж қойылымдарын төмендету маңайында туындайды. Қазақстан ДСҰ-на кіру барысында импорттық баждарды орта салмақтанған деңгейге дейін төмендетуі керек. Ал ДСҰ- дағы импорттың орта салмақтанған қойылымы- 4 %.
Қазақстанның ДСҰ-на кіруіне қарсы келушілер мұндай сыртқы сауда режимін либеризациялау экономиканы толығымен шет елдік тауарларға ашып береді, нәтижесінде кептеген отандық өндірушілер жабылып, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірілуі мүмкін деген. Алайда ДСҰ- дағы импорттық тарифтің, орта салмақтанған қойылымы 4% көлемінде, ал салалар бойынша 7-15 % ауытқитын болса, бұл Қазақстан үшін тиімді қойылым болады, өйткені біздің импорттық тарифтің орта салмақтанған қойылымы 8-9 % көлемінде, аутқып тұрады, ал бұл ДСҰ- ның қойылымынан көп үлкен емес.

Қорытынды

Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуді жақтаушылар да, оған қарсылар да уақыт озған сайын өз дәлелдерін алға тартып, дауыстарын айқынырақ шығарып жатыр. Бұл заңды да. өйткені дүниежүзілік сауда ұйымы секілді әлемнің 149 мемлекетін біріктірген экономикалық алпауыт ұйымның құрамына ену ойласпай шеше салатын мәселе емес. Себебі бұл ұйым қайырымдылық одағы емес, керісінше қиян-кескі бәсекелестік өтетін алаң ұйымды күшті тауар өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Күшті деген сөзді ең бірінші «арзан” тауар өндіре алу деп түсіну керек. Екіншіден, күшті деген сөзді «сапалы” деген сөзбен алмастыруға болады. Яғни өзіндік құны төмен, бірақ жұрт қызығатындай сапалы тауар өндіре алсаң ғана бұл ұйымның қызығын көресің. Ал ондай мүмкіндігі болмағандар импорт тұтынушысы шеңберінде өмір сүреді. Ақиқат осы. Ал осындай бәсекеге біз төтеп бере аламыз ба? Міне, бүгінгі әңгіме осы жайлы болмақ.