Коммерциялық банктердің жіктелуі
Мазмұны
Кіріспе 3
І. Коммерциялық банктердің жіктелуі 4
1.1 Коммерциялық банктердің пассив операциялары және оның түрлері 5
ІІ. Коммерциялық банктердің актив операциялары және оның түрлері 8
2.1 Коммерциялық банктердің шығындары мен табыстары 10
ІІІ. Коммерциялық банктердің активтік операциялары 12
3.1 Коммерциялық банктердің несиелік жүйесі 14
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер 20
Кіріспе
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Коммерциялық банктердің жіктелуі
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылуы құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
1.1 Коммерциялық банктердің пассив операциялары және оның түрлері
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық - делдалдық және сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың Коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары.
ІІ. Коммерциялық банктердің актив операциялары және оның түрлері
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Актив операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді:
несие - есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік (ссудалық) портфелі қалыптасады;
инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды;
кассалық және есептесу операциялары - банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі;
депозиттік операциялар;
қаржылық операциялар;
басқа операциялар.
Несие - есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілеріне байланысты топтастыруға болады:
2.1 Коммерциялық банктердің шығындары мен табыстары
Пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
депозиттік операциялар.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивиденті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
ІІІ. Коммерциялық банктердің активтік операциялары
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
3.1 Коммерциялық банктердің несиелік жүйесі
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
Қорытынды
Сонымен қорыта келгенде коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып және қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты – несие беру операциясы және бағалы қағаздармен операция. Бұл операциялар банк балансының 80 %-ін құрайды. Бұдан басқа банктер кассалық, акцепттік, шетел валютасымен, қозғалмайтын мүліктермен, сондай-ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе актив және пассив операциялары бір-біріне тәуелді. Себебі коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен қызмет жасайды, сондықтан банк қаражаты несиеге беру және инвестициялау масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтарды тарту қабілетіне байланысты.