ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Жоспар
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері 5
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы 5
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен бағалау әдістері 9
ІІ-ТАРАУ. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары 11
2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау 11
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары 15
ІІІ-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері 21
3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері 21
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкерліктің даму тетіктері 23
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер көздері 30
Кіріспе
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің құрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – шағын кәсіпкерлік болып табылады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты шағын кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады.
І-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Егер "кәсіпкерлік" терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен бағалау әдістері
Жалпы кәсіпкерлік бірнеше қызметтер атқарады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері бар. Енді әрқайсысына жеке – жеке тоқталып мәнін ашатын болсақ:
Өндірістік қызметі өндіріс пен материалдарды – техникалық қамтамасыз етуді және шаруашылық қызметке қажетті шикізат, құрал – жабдықтар және тағы да басқалармен өзара байланыстылығын қарастырады және өндірістік сипатта жүзеге асады.
Кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және кәсіпорындар мен нарықтық контрагенттер арасындағы айырбас процестерін басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар ақша және сауда – айырбас операциялары бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.
ІІ-ТАРАУ. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінің артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және тағы басқа салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол проблеманың ең бастыларының бірі – заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы, иә, заңдар қабылданған, мысалы:
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары
Дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалы саясаттың тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрлымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамашылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар.
ІІІ-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері
3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері
Бүкіл дүние жүзінде шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы үлесі жоғары. Сол шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне елдің экономикалық дамуының өсуі тәуелді болады. Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы байқалып отыр. АҚШ-та шағын бизнеске жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады. Бұл фирмалар американдық фирмалардың 99% қамтиды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар.
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкерліктің даму тетіктері
Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама - кәсіпорынды тікелей басқарудың айқындылығы, яғни кәсіпорын қызметінің айқындылығы: оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынастар сипаттарын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудырады.
Қорытынды
Жалпы қорытындылай келе, шағын кәсіпкерлік қай ел болмасын экономиканың дамуының негізгі тұтқасы деуге болады.Ол өркениетті елдерде бұл саланы дамыту басты назардағы мәселені құрайды. Мысалы, АҚШ-та шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 53%, Германияда 63%, Жапонияда 73%, Ұлыбританияда 75%, Италияда 80% жетіп отыр. Ал бұл салада қазір Ресейде 10%, Беларусияда 8% шамасында, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 6%-дан аспай отыр. Жалпы бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау ел экономикасының реформалаудың басым бағыттарының бірі. Сондықтан, бұл жұмыстар шағын кәсіпкерліктің дамыған, өркениеттегі елдердегі даму сипаты мен барысын сипаттай келіп, оның негізгі ұйымдастыру шаралары мен әдістері кеңінен талқыланды.
Пайдаланылған әдебиеттер көздері
1. Под ред. Жатканбаева Е. Б. «Малое предпринимательство» , Алматы 2001 г.
2. Казахстан и мировой опыт рыночной трансформации, Арынов Е. М. – 2003 ж.
3. Ғылыми-практикалық халықаралық конференция материалдары боиынша; Алматы – 1999 ж. және 2001ж.
4. Жатқанбаев Е. Б. «Основы смешанной экономики» Алматы-1992 г.
5. Катенова С.Д. «Факторы и особенности развития малого предпринимательство» (Материалы международной научно – практической конференции Алматы КазГУМО 1999 г.)