Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Экология құқығының жүйесі

ЖОСПАР
1 ЭКОЛОГИЯ ҚҮҚЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 3
1.1 Экология құқығының ұғымы 3
1.2 Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы 6
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 12

1 ЭКОЛОГИЯ ҚҮҚЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
1.1 Экология құқығының ұғымы
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану - коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану коғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
Экологиялык құқық - бұл осы кезең мен болашактын адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-катынасқа байланысты коғамдық қатынастарды ретгейтін жана құкык салаларының бірі болып табылады. «Экология» - бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз - «Жер» туралы ғылым.

Экология құқығы, құқык саласы ретінде біздің ортақ үйіміз өмір сүру мүдделері үшін коғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялык қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құкықтық нормалардың жүйесін құрайды.
Кез келген жүйе - біріккен, жүйе құрайтын факторларды ретке келтіруші көптеген элементтерден тұрады.
Экология құқығының әдістері - қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыска жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, коғамға да катысты зандылықтардың құкықтык, реттелуінің сақталуына негізделеді. Экология құқығы 3 негізде окытылады: пән ретінде, сала ретінде, ғылым ретінде.

1.2 Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құкықтары - Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматгардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР-ның Конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты корғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Қоршаған ортаны тазарту - адамның өмір сүру ортасының сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылык кызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды.

Экологиялық құқық бұзушының жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялык зиянның болуы экологиялык құқык бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байкалмай, ұзак уакытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен катар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялык зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж
А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.