Жалпы бөлім. Қаржылық есеп, талдау және аудит. Басқару есебі, талдауы және аудит. Корпоративті табыс салығының есебі.
Кіріспе 4
I Жалпы бөлім 6
1. Кәсіпорынның қысқаша экономикалық сипаттамасы 6
2 Бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды және аудитті қалыптастырудың негіздері 7
3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау 9
II Қаржылық есеп, талдау және аудит 13
1 Меншікті капиталдың есебі, талдау және аудиті 13
2 Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялардың есебі,
талдау 14
3 Запастар есебі, талдау және аудиті 15
4 Дебиторлық борыштар есебі 18
5 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі 19
6 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі, талдау және аудит 24
7 Міндеттемелердің есебі, талдау және аудиті 27
8 Шығындар мен табыстың есебі, талдау және аудиті 29
9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі, оны талдау және аудиті 32
III Басқару есебі, талдауы және аудит 37
1 Өндірістік шығындардың есебі, талдау және аудиті 37
2 Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар есебі мен аудиті 39
IV Корпоративті табыс салығының есебі 42
Қорытынды 44
Қосымша А 46
Кіріспе
Осы тәжірибесін өту барысында ол барлық қызметтермен танысты. Өзінің теориялық білімін іс жүзінде сапалы тұрғыда көрсетті.
Тәжірибесінен өту барысында өзіне берілген жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқардым, жұмысты өте тез арада және қатесіз істеп отырдым. Іс-құжаттармен танысу барысында еңбекке жауапкершілікпен қарап, тәртіпті және өзіне жүктелген жұмысын дұрыс атқара алатын адам ретінде көрсеттім.
Кәсіпорындағы тәжірибе барысында нақты үйренген жұмыстар тізбегі:
- кабылданған материалдардың счет-фактураларын, жүк кұжаттарын мен орындалған жұмыстардың актілерін кабылдап, жинақтау және 1С «Бухгалтерия» бағдарламасында жүргізу ;
- банкке төлем тапсырыстарын алып бару, банк тізілімдерді(выписки) жинақтап, есеп шоты бойынша ақша қаражаттар қозғалысының есебін дайындау және басшылық алдында есеп беріп отыру;
- касса бойынша акша каражаттар козғалысының есебін дайындау. Кассалык кіріс ордерлерін, кассалык шығыс ордерлерін, аванс есептерін жүргізіп, 1С «Бухгалтерия» бағдарламасында жүргізу;
- кызметкерлердің жұмыс табельдерін бөлім басшыларынан кабылдап, еңбекақы есептеу жіне жұмыстан шыққан жұмысшыларға компенсация есептеу;
- қызметкерлерді жұмысқа кабылдау, жұмыстан шығару және лауазымдарды тағайындау бойынша бұйрыктарды дайындау.
«Спутник СТ» ЖШС кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық құқықтық нысанында құрылған.
I Жалпы бөлім
1. Кәсіпорынның қысқаша экономикалық сипаттамасы
«Спутник СТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, ол заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша шектеулі серіктестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және өзінің жарғысының негізінде, сондай-ақ оларға сәйкес жүзеге асырылады.
ЖШС «Спутник СТ» құрылтайшысы (бұдан әрі – қатысушысы) ЖШС «Карасай-СКМ» болып табылады.
«Спутник СТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы 15 науырызда, (алғашқы мемлекеттік тіркелген күні: 24.04.1999ж) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелген. (9856-2567-ЖШС тіркеу туралы куәлігі). Меншік түрі- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке. Ресми атауы- «Спутник СТ» . Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы 51/1 офис.1.
Серіктестікті ұйымдастырушылар-жеке тұлғалар. Жарғылық капиталы серіктестіктің қызметін қамтамасыздандыру үшін құрылды және 110000 теңгені құрайды. Серіктестіктің жарғылық капиталы қатысушылардың салымдарын біріктіру арқылы құрылды.
Серіктестіктің негізгі қызметі- Астана қаласындағы құрылыс қызметін жүзеге асыру жатады.
2 Бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды және аудитті қалыптастырудың негіздері
«Спутник СТ» ЖШС-те қаржылық бөлімшесі бар. Қаржылық бөлімше мынандай жұмысты атқарады:
1) кәсіпорынның жобасының қаржылық жоспарын құру кіреді; ақша операцияларын реттеу және бақылау; нормативтік есептесу мен меншік айналым құралдарының қажеттілігін анықтау; қаржылық нәтижелерді талдау; ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп құру; салық саясатын және салық есебін дайындау әдістемесін анықтау.
2) орталық бухгалтерия, шаруашылық қызметпен ақпараттың толық мерзімді қайта құруын қамтамасыз ету қызметі кіреді; қаржылық есептің (баланс, кіріс және шығыс туралы есеп, меншік капиталының өзгерістері туралы есеп) қазіргі көрінісі мен құру; өндірістік шығындар есебі; бухгалтерлік компьютеризация жұмысы мен бухгалтерлік есеп жүйесінің бірлік компьютер желісіне қосылуы.
3) ішкі аудит басқару, тапсырыс бойынша бухгалтерлік құрал-жабдыктың құнын тексеру және келісім-шартты қорытындылау қызметі кіреді;
кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне құжаттық ревизия
жасау; ақша қаражатының түсу есебін жэне тауарлы-материалдық
кұндылықтарды кадағалау; сметалық шығыкдарын сақтау және
инвентаризацияны жүргізуін қадағалау.
«Спутник СТ» ЖШС-ң бухгалтерлік есебінде орталық бухгалтерияда келесідей нормативтік құжаттар құрамында жүргізіледі:
1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңы.
3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
«Спутник СТ» ЖШС-де негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау – бұл ұйымның жұмысын талдаудың бағыты. Серіктестік қызметін сипаттайтын еңбек көрсеткіштеріне : еңбек өнімділігі , жұиысшылар саны, еңбек ақы қоры, орташа айлық жалақы жатады. Бұл көрсеткіштер жүйелі түрде бір- бірімен тығыз байланысты.
Еңбек өнімділігі деп- оның нәтижелерін немесе жұмыс уақытының бірлігіндегі жұмысшылардың белгілі бір өнім көлемін өндіру қабілетін айтамыз.Еңбек өнімділігі еңбек шығынының тиімділігін арттыру. Бұл қызмет процесінде жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі. Қызметкерлердің еңбек өнімділігін бір уақыт өлшемінде өндірген өнімнің немесе бір өнімге кеткен уақыт немесе табыс мөлшерімен, өлшемімен есептеледі.
Өзіндік құн- өнімді өндіруге кеткен бардық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар:шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық аударымдар, еңбекақы және тағы басқалар жатады.Өзіндік құн осы серіктестік шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім бөлу арқылы анықталады. «Спутник СТ» ЖШС-ң негізгі қормен қамтамасыз етілуін және олардың пайдалану деңгейін қор қайтарымы, қор сыйымдылығы , қормен жарақтану көрсеткіштері арқылы анықтайды.
II Қаржылық есеп, талдау және аудит
1 Меншікті капиталдың есебі, талдау және аудиті
«Спутник СТ» ЖШС-гі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланста
Серіктестіктің жарғылық капиталы қатысушылардың салымдарын біріктіру арқылы құрылды.
Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда)
болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналған шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі.
2 Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялардың есебі, талдау
«Спутник СТ» ЖШС-те ақша қаражатының дұрыс құрылуы, нақтылығы және пайдалануы туралы арнайы ереже құрылады. Ереже Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Серіктестіктің жарғысымен және ішкі құжаттар негізінде құрылған. «Спутник СТ» ЖШС-гі кассасында ақша қаражаттары есебін жүргізуге материалдық жауапкершілікті тұлға кассир болып табылады, оның міндеттеріне аталғандар кіреді:
1. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін құру, ордерде көрсетілген қолтаңба, ұсыныстар түпнұсқауларының болуын тексеру;
2. Ақша қаражаттарын қабылдау немесе беру;
3. Банкке қолма-қол ақша қаражаттарын тапсыру;
Кассаға ақша енгізген тұлғаға бас бухгалтер және кассирмен қол қойылған ақшаны қабылдау туралы квитанция беріледі. Кассадан беруді жетекші және бас бухгалтермен қол қойылған шығыс кассалық ордерлерді немесе орынды құрастырылған төлем ведомстволары, беруге өтініш, шоттар және басқа құжаттармен дайындайды. Жеке тұлғаға шығыс кассалық ордер бойынша ақша беру кезіңде фирманың кассирі ордерде реквизитті көрсету үшін алушыдан паспорт немесе жеке куәлікті көрсетуін талап етеді.
3 Запастар есебі, талдау және аудиті
Тауарлы¬ материалдық қорлардың аудиті белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастуруды қабылдауды, құжаты рәсімдеуді, тиес тасу жұмыстарын, материалдық қорларды қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруащылығы қызсеткерлері мақызды рөл атқарады.
Тауарлық материалдық қорлар аудиті кезінде қолданатын ақпарат
көздері мен критерийлері:
1. Жылдық, тоқсандық және ағымдағы есеп, сонымен қатар жедел мәліметтер;
2. 4-9 БЕС, қойма есебі карточкалары, кірістік ордерлер, материалды қабылдау туралы актілер, кем шығу, ТМҚ жоғалту туралы және т.с.с. актілер;
3. Бас кітап, 6, 7, 10 журнал ордерлер есеп регистлері, 4-9, 13, 15, 24 БЕС, шоттардың үлгі жоспары;
4. 4-7,30 БЕС, материалдық құндылықтарды түгендеу актілері
5. Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар,қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері;
6. Техникалық құжаттама, қойма шаруашылығын ұйымдастырудың стандарттары мен нормативтері;
4 Дебиторлық борыштар есебі
Дебиторлық берешек қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді «Спутник СТ» ЖШС-гі қысқа мерзімді дебиторлық берешегінің есебі келесі шоттарда жүргізіледі:
- сатып алушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі;
- құрылымдық бөлімшелердің мен филиалдардың дебиторлық берешегі;
- қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі;
- өзге де қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек:
- сатып алушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі;
- құрылымдық бөлімшелердің мен филиалдардың дебиторлық берешегі;
- қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі;
- өзге де қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
5 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі
«Спутник СТ» ЖШС-де ұзақ мерзімді активтерге негізгі құралдар жатады. Негізгі құралдарды, өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салу; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу; өз күшімен құрал – саймандар дайындау; басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақысыз( тегін) алынған негізгі құралдардың келіп түсуі; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алу ( келісімді құнын толық төлегеннен кейін) жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түседі. Негізгі құрал – жабдықтардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құрал – жабдықтарды қабылдау –тапсыру (орын ауыстыру) актісі (үлгі № НҚ – 1 ) негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайда басқаларда, оларды пайдалануға беру үшін; негізгі құрал – жабдықтардың бір цехтан ( бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан ( қордан) пайдалануға тапсыруды рәсімдеу үшін, сондай- ақ басқа ұйымға тапсыру кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды ) негізгі құралдар құрамынан шығару үшін қолданылады.
6 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі, талдау және аудит
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі – кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің, яғни шаруашылық субъектісінің мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мұнда алғашқы мынадай есеп құжаттары пайдаланылады:
1. Жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-1;
2. Басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;
3. Демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-6;
4. Жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-8.
. Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар – деп екі топқа бөледі. Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері,
2. Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісінің балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.
7 Міндеттемелердің есебі, талдау және аудиті
«Спутник СТ» ЖШС-нің міндеттемелері кәсіпорынмен әр түрлі келісімдерді жасау нәтижесінде пайда болады жэне тауарларға келесідей төлемдер, орындалған жұмыстар жэне үсынылған қызметтер үшін заңдылық негіз болып табылады.
Міндеттеме олар бойынша қарыз туындаған кезде ғана есепте тіркеледі. Міндеттемелер жеткізуге қажетті тауар және қызмет қүны, қарызды төлеуге немесе нарық жағдайы үшін қажетті ақша сомасымен бағаланады.
«Спутник СТ» ЖШС-гі қысқа мерзімді және ұзақмерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақмерзімді несиелендіруді ұйымдастыру» ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берліген Ұлттық банктің шешімімен айқындалатын ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады.
«Спутник СТ» ЖШС-гі алынған несиелер басымды түрде өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызмет көрсетуге байланысты шаралар мен мақсаттарға алынады.
8 Шығындар мен табыстың есебі, талдау және аудиті
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жэне қаржылық есеп беру туралы» заңыныа сәйкес Қаржылық есеп берудің қаржылық -шаруашылық қызметінің нәтижелерінің бағалануымен тікелей байланысты элементтері болып табыстар мен шығындар табылады.
Табыс - бір уақыт аралығындағы кәсіпорынның тауарлары мен қызметтерді өндіруінің динамикалық процессі.
Шығындар - бұл тауарларды өндіруге және қызмет көрсетуге табыстарды алудан пайда болған шығындар.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық
табысты құрайды.
Табыс сондай-ақ тауарлы - материалдық қорларды
сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан (проценттерден), дивиденттерден алынуы мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан жэне көрсеткен къізметтерден алынады; олардың сатылу қүны тараптар аясында жасалған келісім - шартта (контрактіде) анықталады.
Табыстар бас жоспардың 6 шы бөлім шоттары негізінде жүргізіледі.
6010 - өнім өткізуден мен қызмет көрсетуден табыс;
6140 – Жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялары бойынша табыс;
6280 - басқа да табыстар;
9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі, оны талдау және аудиті
Қаржылық есептілік элементтерін есепке алу әдістері және тану тәртібі халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді. Қаржылық есептілік дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпартты білдіреді.
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда қаржылық есептілік (28.02.2007ж)заңы
мыналарды қамтиды:
1) Бухгалтерлік баланс
2) Пайда мен зияндар туралы есеп
3) Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
4) Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
5) Түсіндірме жазба.
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі мен оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді. Егер ҚР-ның заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы, бас бухгалтері және жеке кәсіпкер қол қояды.
III Басқару есебі, талдауы және аудиті
1 Өндірістік шығындардың есебі, талдау және аудиті
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі.
Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.
Шығындардың пайда болатын жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.
Өндіріс шыгындарының есебі үшін, әр түрлі бағыттағы 8110 «Негізгі өндіріс» шоты қолданылады.
«Негізгі өндіріс» активті шоты өндірістегі барлық шығындарды жинақтап, қорытуға арналған. 8111 «Материалдар», 8112 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы». 8113 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар», 8114 «Үстеме шығындар» шоттарында жннақтадады да. сонан сон әрбір есепті кезеңнің соңында 8110 «Негізгі өндіріс» шотына жинақтап, қорытылады.1
2 Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар есебі мен аудиті
Үш өндірістік фактор-еңбек құралы, еңбек заты, еңбектің өзі-өнімнің өндірісі және өзінді құнды анықтайды.
Өзіндік құнды азайтуды талдауда осы негізгі экономикалық элементтер арасындағы шығындар арқылы енгізуге болады. Бірақ тәжірибеде мұндай талдауды енгізу қиын, себебі шығын мен өзіндік құнның калькуляциясының есебі экономикалық элементтер арқылы емес, ол элементтер кешенді түрде көрсетілетін «Спутник СТ» ЖШС-ң жарғылық құжаттары
шығындар абында көрсетіледі (мысалы, жалпы цехтық шығындар).
Өнімнің бірлігіне өзіндік құнды анықтау.
Өзіндік құнды есептеуге қажетті ақпарат кәсіпорынның бухгалтерлік құжаттарынан, жабдықтаушылар шоттрынан, еңбекақы есептерінен, материадарды жіберуге жарналардан, шығындық ведомостволардар және т.б. алуға болады.
Өнім бірлігіне өзіндік құнды толық есептеу алдында белгілі уақыт кезеңіндегі өнім өндірісіне жалпы шығындарды білу қажет.
Жалпы шығындар тікелей және қосымша болып бөлінеді.
Тікелей шығындарға өнімге қосылған материалдар құны, жұмысшылар еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруларғааударымдар. Бұл шығындарды шығарылған өнім немесе өнім топтарына тікелей қатысты қылуға болады.
IV Корпоративті табыс салығының есебі
Корпорациялық табыс салығының есебі типтік шоттар жоспарының 3000 бөлімінің 3110 шотында жүргізіледі.
14 кесте – Корпорациялық табыс салығы бойынша корреспонденция шоттары
Қорытынды
Нарықтың қатынастары туғызған экономикалық реформа өнеркәсіпте етек алып, өзінің әсерін өндірісті жүргізуге, оны ұйымдастыруға белсене араласа түсуде.
Қазақстанда реформаның дамуына осы жылдарда бір шама өзгерістер енгізілді: әрине, жаңа өндіріс құрылымдарының экономикасы бірден жақсара алмады.
Дегенмен өнеркәсіптің негізгі салаларында өндіріс жандана бастады, экономикалық еркіндігі күшейді. Меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық құрылымдар құру барысында жаңа қадамдар жасалды.
Сонымен қатар, реформаларға көшу барысында кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми негіздері мен ерекшеліктері толық зерттелмеген.
Қорыта келгенде, кез-келген кәсіпорынның табыстары мен шығыстары оның қаржылық жағдайын, яғни нәтижелерін сипаттайды. Осы жұмыстың басында табыстар мен шығындардың түрлері мен ерекшеліктері қарастырылып, оларды реттеудің нормативтік – құқықтық құжаттары анықталған болатын.
Сонымен бірге, зерттеу объектісі ретінде алынған «Спутник СТ» ЖШС-нің бухгалтерлік есептің тәртібі қарастырылып, 2011-2012 жылдар аралығындағы кәсіпорындағы өндірістік-қаржылық көрсеткіштеріне сипаттама келтірілді.Оны ашатын болсақ, келесі мәліметтерді көруге болады:
а) ұзақ мерзімді активтер 2011 жылы баланс валютасының 46,8 % құрып, 2012 жылы 50,1 % ға жеткен болатын, ал айналым құралдарының үлес салмағы кеміп жатыр, егер 2011 жылы 53,2 % болса, 2012 жылы 49,9% тең болды;