Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 58 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы


Мазмұны
Кіріспе 3
I-Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ 5
II-Тарау. МАҚСАТ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР МЕН ҚАҒИДАТТАР 12
III-Тарау. СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 14
3.1 Көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру 14
3.2 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту 15
3.3 Көлік қызметтері нарығын дамыту 17
3.4 Көлік жүйесін өңірлік дамыту 17
3.5 Көліктегі қауіпсіздікті арттыру 18
3.6 Транзиттік әлеуетті пайдаланудың тиімділігін арттыру 20
3.7 Көлік саласындағы инновациялық даму 22
3.8 Көлік саласындағы ғылыми және кадр әлеуетін арттыру 23
IV-Тарау. КӨЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНДЕ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 25
4.1 Темір жол көлігінде 25
4.1.1 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту 25
4.1.2 Көлік қызметі нарығын дамыту 26
4.1.3 Транзиттік әлеуетті іске асыру 27
4.1.4 Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру 28
4.2 Автомобиль көлігінде 29
4.2.1 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту 29
4.2.2 Автокөлік қызметтері нарығын дамыту 31
4.2.3 Транзиттік әлеуетті пайдалану 32
4.2.4 Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру 33
4.3 Қалалық жолаушылар көлігінде 34
4.3.1 Дамытуды жоспарлау 34
4.3.2 Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру 34
4.3.3 Инвестициялық және қаржылық саясат 35
4.4 Әуе көлігінде 36
4.4.1 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту 36
4.4.2 Ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік 37
4.4.3 Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және сертификаттау 38
4.4.4 Әуе тасымалдарының нарығын дамыту және реттеу 38
4.4.5 Аэронавигациялық кешенді дамыту 38
4.4.6 Транзиттік әлеуетті пайдалану 39
4.4.7 Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру 40
4.5 Су көлігінде 40
4.5.1 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту 41
4.5.2 Транзиттік әлеуетті пайдалану 43
4.5.3 Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру 43
V-Тарау. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТЕТІКТЕРІ 44
5.1 I кезең: 2006-2010 жылдар 45
5.1.1 Темір жол көлігі саласында 46
5.1.2 Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында 47
5.1.3 Әуе көлігі саласында 49
5.1.4 Ішкі су көлігі саласында 50
5.1.5 Теңіз көлігі саласында 50
5.2 II кезең: 2011-2015 жылдар 51
5.2.1 Темір жол көлігі саласында 52
5.2.2 Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында 52
5.2.3 Әуе көлігі саласында 53
5.2.4 Ішкі су көлігі саласында 54
5.2.5 Теңіз көлігі саласында 55
5.3 Іске асыру тетіктері 55
VI-Тарау. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ 56
6.1 Негізгі қағидаттар 56
6.2 Қаржыландыру көздері 57
Қорытынды 58

Кіріспе

Қазақстан экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделген дамуының өз моделін құру мен іске асырудың тиімділігін дәлелдейді.
Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі құжат Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы болып табылады.
Қазақстанда қабылданған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы1 (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) бәсекеге қабілетті экономиканы және жоғары технологиялар индустриясын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауда.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуы мемлекеттен экономиканың барлық саласын қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді күш-жігерді талап етеді.

I-Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ

Көліктің жай-күйі мен дамуы Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызға ие.
Қазақстанның географиялық ерекшеліктері (кең-байтақ аумағы, теңізге шығатын жолының болмауы, елді мекендерінің және табиғи ресурстарының біркелкі орналаспауы) көлік жүйесіне жоғары тәуелділіктің себебі бола отырып, оның экономикасын әлемдегі барынша жүк қажеттілікті экономикалардың бірі етеді.
Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен географиялық жағынан баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Республика әуе кеңістігінің тартымдылығы мен транзиттік әлеуеті де өсуде. Аса көлемді өткізу нарықтары бар елдермен көршілес болу да отандық көлік жүйесінің дамуын перспективалы етеді.
Жерінің біршама жазықтығы және табиғи тастың үлкен қоры болуы темір жол және автомобиль көлігінің коммуникацияларын кедергісіз дамытуға мүмкіндік береді.

II-Тарау. МАҚСАТ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР МЕН ҚАҒИДАТТАР

Стратегияның мақсаты экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникация кешенін озыңқы дамыту болып табылады.
Стратегияның миссиясы – мемлекеттің міндеттерін, елдің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді іске асыруға және көлік шығындарын азайтуға ықпал ететін барынша жетілдірілген көлік жүйесін құру.
Қойылған мақсатты негізге ала отырып, мемлекеттің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық және геосаяси басымдықтарына сәйкес көлік жүйесін дамытудың стратегиялық міндеттері мыналар болып табылады:
көлік инфрақұрылымын дамытудың деңгейін, отандық тасымалдаушылардың көліктік қызметтердің сыртқы нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігін арттыру жолымен Қазақстанның көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуі;
сыртпен кіріктірілген бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру және Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша бағдарлар мен тораптарды байланыстыратын негізгі көлік магистралдарының меридиандық және ендік орналасуының түрлендірілген моделі негізінде тиімді ұлттық перспективалы көлік инфрақұрылымын құру;
мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, көліктің транзиттік әлеуетін арттыру мен тиімді іске асыру және қазіргі заманғы технологияларды пайдалану жолымен көлік процестерінің барынша тиімділігіне қол жеткізу және ішкі, транзиттік және экспорттық-импорттық қатынастағы түпкі өнім құнындағы көлік құрамдасының үлесін төмендету;

III-Тарау. СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Көлік жүйесін кешенді дамыту және оның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік көлік саясатының көліктің әрбір түрі үшін тең дәрежеде маңызды мынадай негізгі бағыттарын атауға мүмкіндік береді:
көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру;
көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
көлік қызметтері нарығын дамыту;
көлік жүйесін өңірлік дамыту;
көлік процестерінің қауіпсіздігін арттыру;

3.1 Көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру

Көлік жүйесінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуінің барынша маңызды шарттары оның теңгерімділігі мен өзіндік жеткіліктілігі болып табылады. Нақ осы екі шартты орындау қандай да бір міндеттерді шешуге арналған бағыттар мен күш-жігерді шоғырландыру дәрежесін анықтай отырып, экономика мен халықтың көлік қызметтеріне қажеттіліктерінің өзгеруіне уақтылы және жедел ден қою қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бір жағынан, көлік жүйесінің өзіндік жеткіліктілігі мемлекеттің қатысуын жоққа шығармайды, екінші жағынан – көлік субъектілерінің шаруашылық қызметіне шектен тыс және негізсіз араласу көлік жүйесінің дамуындағы теңгерімдікті бұзып, тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және құқық қолданумен қатар, мемлекеттің фискальдық саясаты мемлекеттік реттеудің барынша пәрменді және тиімді құралы болып табылады және көлік жүйесінің дамуына ықпал ететін болады.
Сөйтіп, мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру тікелей және жанама реттеу салаларын қамтитын болады және мынадай негізгі бағыттардан тұрады:

3.2 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

Инфрақұрылымның даму деңгейі көлік жүйесінің тиімділік дәрежесін айқындайды. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің жаһандық жүйесін құру, сондай-ақ қозғалысты бақылау мен басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу;
магистральдық темір жол желісінің, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының, қалалардағы көше-жол желілерінің және ішкі су жолдарының тасымалдау және өткізу қабілетін, сондай-ақ теңіз, өзен және әуе порттарының өндірістік қуаттарын арттыру;

3.3 Көлік қызметтері нарығын дамыту

Көлік қызметтерінің отандық нарығын дамыту үшін еркін бәсекелестік пен салауатты нарық қатынастарының маңыздылығын сезіне отырып, мемлекет нарықты ырықтандыру және операторлар мен нарықтың басқа да субъектілерінің шаруашылық қызметіне мемлекеттің қатысуын шектеу саясатын жүргізуді жалғастырады.

3.4 Көлік жүйесін өңірлік дамыту

Республика өңірлерінің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы елеулі айырмашылықтар белгілі бір дәрежеде көлік жүйесінің өңірлік дамуының біркелкі болмауына әсерін тигізеді. Бұл ұстауы жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділік дәрежесінен және олардың жай-күйінен, сондай-ақ әлеуметтік маңызды жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудан көрінеді.

3.6 Транзиттік әлеуетті пайдаланудың тиімділігін арттыру

Транзиттік әлеует өзінің аумағы арқылы халықаралық транзитті жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттің қызмет көрсету мүмкіндігін айқындайтын сыртқы және ішкі факторлар мен шарттардың жиынтығын білдіреді.
Транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігі мемлекеттің қолда бар мүмкіндігін толық көлемде іске асыру қабілетімен айқындалады.
Жаһандану мен кірігу процестерінің жеделдеуі транзитті дамыту мен оның сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды мемлекеттік басымдықтар деңгейіне көтере отырып, Қазақстанға қалыптасқан транзиттік мемлекет ретінде сапалық жаңа талаптар қояды.
Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдаланудың алғышарты Қытай мен Еуропа арасындағы жаңа жүк ағындарының туындауы болып табылады, бұған мыналар септігін тигізеді:

3.7 Көлік саласындағы инновациялық даму

Экономиканың жүк қажеттілігін төмендету немесе бұл көрсеткіш көлік жүйесінің тиімділігі мен көлік қызметінің мультипликативтік дәрежесін анықтайтындықтан, өндірілетін өнім (қызметтер) бірлігіне жұмсалатын көлік жұмыстары көлемін азайту ел экономикасының даму деңгейін арттыру тұрғысында көлік жүйесі алдында тұрған мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.
Сондықтан, тауарлар өндіру мен қызметтердегі көліктік құрамдасының бөліктің үлестік салмағын азайтуды мемлекет көлік жүйесінің негізгі стратегиялық басымдықтары қатарына жатқызуы тиіс, бұл көлік өнімі мен қызметін халықтың барлық топтары үшін анағұрлым қол жетімді етуге мүмкіндік береді.

3.8 Көлік саласындағы ғылыми және кадр әлеуетін арттыру

Көлік жүйесін қарқынды дамыту мен жоғары көлік әлеуетіне қол жеткізудің негізгі құрамдастары арасында жоғары технологиялы және тиімді көлік жүйесінің ажырамас бөлігі және міндетті шарты болып табылатын ғылыми және кадр әлеуетін арттырудың маңыздылығын ерекше атаған жөн.
Ғылымды дамыту, әсіресе, ерекше маңыздысы, жоғары білікті кадрлар даярлау белгілі бір уақытты талап ететіндіктен, мемлекет мамандарға деген болашақ қажеттілікті дұрыс айқындауды күні бұрын ойлап, оларды оқыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы тиіс.

IV-Тарау. КӨЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНДЕ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мемлекеттік көлік саясаты, бір жағынан, мемлекеттік реттеу мен араласуды біртіндеп азайтудан, ал, екінші жағынан, жеке бастамашылық пен бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы ахуал мен жағдайлар жасаудан тұруға тиіс.

4.1 Темір жол көлігінде

4.1.1 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

Темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту қолданыстағы темір жол желісін Қазақстан халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттілігінен шыға отырып, жаңа учаскелер салу арқылы желілерді оңтайландырумен қатар қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығын әлемдік стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталатын болады.

4.1.2 Көлік қызметі нарығын дамыту

Темір жол көлігінде жүргізілген құрылымдық қайта құрулар көлік қызметтерінің бәсекелі нарығын қалыптастыру мен дамыту үшін негіз және қажетті алғышарттар құрады. Тасымалдау қызметін қызмет көрсетуден бөлу және магистралдық желені ұстау жолаушылар мен жүктер тасымалдары бойынша қызметтер ұсынуда бәсекелі ортаның қалыптасу мүмкіндігін көздейді. Локомотивтік тарту мен жүк вагондарын ұсыну жөніндегі қызметтер де бәсекелі секторға бөлінген.

4.1.3 Транзиттік әлеуетті іске асыру

Темір жол көлігі транзиттік әлеуетті дамытудың және оны пайдалануды арттырудың ең жақсы перспективаларына ие.
Транзиттік қозғалыс үшін темір жол дәліздерінің тартымдылығын кешенді арттыруға инфрақұрылымның сапасын арттыруды, тариф саясатын жетілдіруді және әкімшілік сипаттағы тосқауылдарды жоюды қамтуы тиіс. Қызметтерді жетілдіру нақтылық, сенімділік және тасымалдау жылдамдығы сияқты өлшемдер бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Қозғалыстың қауіпсіздігі мен әмбебаптығын қамтамасыз ету жүйесін құру қажет.

4.1.4 Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру

Темір жол көлігі саласында инновациялық дамудың және кадр әлеуетін қалыптастырудың негізгі бағыттары:

4.2 Автомобиль көлігінде

Бірыңғай көлік жүйесін дамытуды қамтамасыз етуде автомобиль көлігінің рөлін сипаттайтын мемлекеттік көлік саясатын іске асырудың ерекшеліктері мынадай бағыттар бойынша бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді шешу қажеттігінен тұрады.

4.2.1 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

Республиканың кең-байтақ аумағы мен автомобиль жолдары желісінің салыстырмалы төмен тығыздығы, тасымалдардың алыс қашықтықтары жиынтығында төсемнің бүлінуі немесе болмауы көлік шығыстарының өсуіне және өндірілетін өнімнің өзіндік құнының артып кетуіне әкелетін болғандықтан, олардың техникалық жай-күйіне ерекше мән беріледі.
Халықаралық көлік дәліздерін, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру және дамытуды мемлекеттің аумақты дамыту бағдарламаларымен белгіленген, оның экономикалық кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ететін, өңірлік және әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы байланыс үшін қызмет ететін бағыттарда басымдық тәртібімен жүзеге асыру қажет.
Облыс орталықтарын аудан орталықтарымен байланыстыратын автомобиль жолдары республикалық деңгейге беріліп, республикалық бюджет есебінен ұсталуға тиіс.
Жол инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

4.2.3 Транзиттік әлеуетті пайдалану

Қазақстан аумағы бойынша автомобиль тасымалдарының транзиттік әлеуетін анықтайтын негізгі сыртқы факторлардың қатарына трансконтиненталдық автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуын, сондай-ақ автомобиль қатынасы саласындағы халықаралық қатынастарды жетілдіруді жатқызған жөн.
Сонымен бірге сыртқы факторлардың Қазақстан үшін оң бағытқа қарай өзгеруіне ықпал ету мүмкіндігі аумағынан транзиттік бағыттар өтетін мемлекеттермен екіжақты және көпжақты қатынастарды дамытумен шектеледі.

4.2.4 Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру

Автомобиль көлігі саласында инновациялық дамудың және қазіргі заманғы технологияларды қолданудың маңызды бағыты көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады, оған мыналар жатады:

4.3 Қалалық жолаушылар көлігінде

Қазақстан қалаларының қарқынды дамуы мен елдің қалаға көшуінің одан әрі орныққан үрдісін ескере отырып, қалалық жолаушылар көлігін дамыту жергілікті атқарушы органдар қызметінің басымдықтарының бірі болуға тиіс.

4.3.1 Дамытуды жоспарлау

Қазақстанның барлық ірі қалалары үшін қалаларды дамытудың жоспарлары шеңберінде қалалық жолаушылар көлігін дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары әзірленуге тиіс.
Мұндай жоспарлар:

4.3.2 Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру

Қалалық жолаушылар көлігі қозғалысын диспетчерлік сүйемелдеу және басқару жүйесін жаңарту қажет. Мұндай жүйелер процестерді нақты уақыт режимінде басқару мүмкіндігін көздеуге, техникалық-экономикалық сипаттамалар мониторингін және бағыттық жоспарлау функцияларын іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрлерінде смарт-карт технологиясы пайдаланыла отырып, электрондық билет берудің бірыңғай жүйесі енгізілуге тиіс. Мұндай жүйе көлік операторларының кірістері мен салықтық есептілігінің ашықтығын арттыруға да ықпал ететін болады.

4.3.3 Инвестициялық және қаржылық саясат

Қалалық жолаушылар көлігі паркін жаңарту операторлардың күшімен жүзеге асырылатын болады. Автостанциялар мен автовокзалдардың дамуын қаржыландыруды, мұндай даму мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жекеше құрылымдар жүзеге асыруға тиіс. Осындай жағдайларда қаржыландыру мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде болуы мүмкін.

4.4.2 Ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік

Әуе көлігінде ұшулардың қауіпсіздігі деңгейін арттыру және авария болатын әрі жазатайым оқиғаларды азайту азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары болуға тиіс.
Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік қызметтің басым бағыттары:

4.5.3 Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру

Экономиканың өсуіне қарай су арқылы тасымалданатын тауарлардың орташа құны контейнерлеудің өсуіне және автомобиль паромдарын пайдалануға байланысты артатын болады. Шикізатты тереңдете қайта өңдеу экспорттық өнім бірлігінің құнын арттырады және порт қызметтері мен тасымалдау жөніндегі қызметтердің түрлерін кеңейту қажеттілігін туындатады.
Су көлігі мамандарын даярлау және қайта даярлауға арналған оқу орындары курстарды кеңейту мен жаңартуды талап етеді. Бұл секторда тиісті персоналдың жетіспеуіне қарай осы бағыттағы жұмыс Ресей теңіз училищелерімен, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындары құрған оқу орындарымен ынтымақтастықта жүргізілуге тиіс.

Қорытынды

Стратегияны іске асырудың Қазақстан экономикасын дамытудағы жалпы әлеуметтік-экономикалық оңды әсері болады және Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясы тәрізді бағдарламалық құжаттарды іске асыруда айтарлықтай көмегі тиеді.
Барлық көлік жүйесі жұмыс істеудің жаңа сапалы деңгейіне көшеді. Қажетті талаптарға сай оңтайлы көлік желілері қалыптастырылып, экономика мен халықтың сенімді әрі қауіпсіз көлік қызметтеріне деген қажеттілігін қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады.
Қазақстандық көлік кешені әлемдік көлік жүйесіне табиғи түрде кірігетін болады. Көлік инфрақұрылымы, нормативтік база мен экология саласындағы бақылау жүйелері халықаралық стандарттарға жақындайтын болады. Көліктің қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайту жөнінде шаралар қолданылатын болады.