Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тіл саясатының білім беру жүйесінде жүзеге асырылуы

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік тілді дамытуға арналған бірнеше кезендік іс-шараларды зерделеп ой таразысына салсақ, қазіргі таңда Қазақстан қоғамының оған деген ынтасын біршама жақсара түскенін аңғарамыз. Оны дамытуға бағытталған іс-шараларды үнемі жүргізіп отыру - еліміздің өркениетті елдер қатарынан орын алуының кепілі.

Республикамызда осы бағытта жүргізілетін жоспарлы да жүйелі жұмыстарды Елбасының 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген құжатынан анық көруге болады. Осы бағдарламада барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілі - қазақ тілі руханиятымыздың, ұлттық болмысымыздың, мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты тірегі ретінде танылып, оны он жыл мерзімде жан-жақты дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқындалған. Сонымен қатар мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде туратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет»,- деп атап көрсеткендей еліміздегі өзге халықтардың тілдерін де дамытуға назар аударылып отыр.

Мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметінің нығаюына байланысты мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының контекстінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі, сонымен қатар баспасөздегі мемлекеттік тілдің үлесі 50 пайыздан жоғарыға жетіп отыр.

Демек, ғылым мен білім жетістіктері белгілі бір ұлтқа қызмет етуі үшін кез-келген ғылым-білімнің бастапқы негізі ұлттық тілде, яғни білім алушының өз ана тілінде қалануы керек. Еліміздің егемендігі баянды болсын десек, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастырудың негізі болып саналатын қазақ тіліндегі білім ошақтарын дамыту - қазіргі уақыттың басты мәселесі.

Қазақ мектептерінің және орыс мектептеріндегі қазақ сыныптарының көбеюі ұлттық тілде сабақ беретін педагог мамандарға деген қоғам сұранысын арттырды. Сол жылдардан бастап еліміздегі орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытып-үйретуге арналған сағат көлемі ұлғайтылды. Бұрынғыдай, бүл пәнді кез-келген пәннің мұғалімі емес, педагогикалық оқу орындарында сол жылдарда жаңадан алынған қазақ тілі мен әдебиетін орыс тілді сыныптар мен дәрісханаларда оқытып-үйрететін мамандық бойынша арнайы дайындықтан өткен, білім алған мамандар оқытатын болды.