Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу
Жоспар
1 Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу 3
1.1 Шотты көшіру 8
1.2 Шоттарды жою 8
1.3 Анықтамалықтар 9
1.4 Анықтамалықты қарап шығу. 11
1.5 Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шығу 11
1.6 Анықтамалық элементтерін реттеу. 12
1.7 Анықтамалыққы жаңа элемент еңгізу 12
1.8 Анықтамалықтың элементтерін жою (жоюға белгілеу) 13
1.9 Жойылуға белгіленген белгіні алып тастау 13
1.10 Анықтамалық элементін көшіру 14
1.11 Тұрақтылар анықтамалығы 14
1.12 Проводкаларды тексеру анықтамалығы 15
1.13 Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді автоматтандыру 17
1.14 Типтік операция режимі 17
1.15 Типтік операция артуын түзету 18
1.16 Типтік операция тобын құру 18
1.17 Типтік операцияны және типтік операция тобын жою 19
1.18 Типтік операцияны енгізу 19
1.19 Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу 20
1.20 Құжат арқылы шаруашылық операцияларын журналға автоматты түрде енгізу 21
1.21 Шаруашылық операциялар журналдары 22
1.22 Операциялар журналы 23
1.23 Проводкалар журналы 24
1.24 Көру аралығы 27
1.25 Журналдағы жазулардың орналасу тәртібі 27
1.26 Журналға енгізілген құжаттармен жұмыс 28
1.27 Құжаттар операциясының проводкасын қарауға және түзетуге ашу 28
1.28 Операциялар журналына өту 29
1.29 Проводкалар журналына өту 29
1.30 Журналдан іздеу 29
1.31 Бастапқы қалдықты енгізу 30
1.32 Қалдықтың дұрыстығын тексеру 30
1 Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу
Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді. Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді.Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде енгізе алады.
1.1 Шотты көшіру
Шотты немесе қосалқы шотты шоттар жоспарына көшіру, бар шотты немесе қосалқы шотты көшіру арқылы енгізілуі мүмкін.Ол үшін курсорды керекті шотқа немесе қосалқы шотқа қойып, келесі әрекеттердің бірін орындау жеткілікті:
1.2 Шоттарды жою
Шоттар жоспарына еңгізген шоттар пайдаланушымен жұмыстың барысында жойылуы немесе жойылуға белгіленуі мүмкін.Шотты қосалқы шотты жою үшін немесе жоюға белгілеу үшін курсорды сол шотқа қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін орыңдаңыз:
1.3 Анықтамалықтар
Талдамалы есеп жүргізу және алғашқы құжаттарды құру барысында анықтамалықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып табылады.1С Бухгалтерия жүйесінде көп деңгеңгейлі анықтамалықтар (10 деңгейге дейін) ұйымдастыруға болады.
1.4 Анықтамалықты қарап шығу.
Анықтамалықтағы жолдың екі түрі болуы мүмкін: анықтамалықтың элементі және анықтамалық тобының атауы. Анықтамалықтағы топты ашу келесі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:
1.5 Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шығу
Топтың бұтақ тәріздес түрінің құрамы анықтамалқытағы топтың атауынан тұрады және ол біріншіден, анықтамалықтың құрылымын қарап шығу үшін, екіншіден, анықтамалықтың нақты тобына кіретін элементтерге тез өту үшін ыңғайлы.
1.6 Анықтамалық элементтерін реттеу.
Анықтамалық терезесі көруге немесе элементтерді таңдауға ашылғанда оны коды, элементтерінің атауы немесе кез келген деректемесі бойынша реттеуге болады.Реттеуді программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Реттеу (Сортировка)» командасын таңдау арқылы орындалады.Реттеуді жылдамдату үшін келесі пернелер қосындысы қолданылады:
1.7 Анықтамалыққы жаңа элемент еңгізу
Анықтамалыққа жаңа элемент еңгізу үшін келесі амалдар орындалады:
• Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
• Ins пернесін басыңыз немесе
• Программаның бас менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жаңа (Новый)» командасын таңдаңыз.
1.8 Анықтамалықтың элементтерін жою (жоюға белгілеу)
Анықтамалықтан жою және жоюға белгілеу үшін курсорды керекті элементке қойып келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
1.9 Жойылуға белгіленген белгіні алып тастау
Анықтамалық элементтеріндегі белгіні алып тастау үшін курсорды керекті элементке қойып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
1.10 Анықтамалық элементін көшіру
Жаңа элемент немесе элементтер тобын көшіру, анықтамалықта бар элементтерді немесе элементтер тобын көшіру арқылы еңгізілуі мүмкін.Ол үшін курсорды керекті элементке немесе элементтер тобына қойып, келесі әрекеттердің бірін орындау жеткілікті:
1.11 Тұрақтылар анықтамалығы
Кәсіпорын жайлы барлық ақпарат «Тұрақтылар тізіміне» еңгізіледі. Анықтамалықтың ыңғайлылығы сонда, оған ақпарат бір рет еңгізіліп, құжат құру, нәтижелерді есепте, есеп беру құжаттарын алу барысында көп рет қолданылады. Белгілі бір құжаттарды кәсіпорынның атауына өзгеріс еңгізу жеткілікті, ал құжаттардағы барлық осы тұрақты кездесетін жол автоматты түрде өзгереді.
1.12 Проводкаларды тексеру анықтамалығы
1С: Бухгалтерия программасында провокалардың дұрыс толтырылуын бухгалтерлік есеп методология тұрғысынан тексеруге арналған арнайы «Проводкаларды тексеру» механизмі еңгізілген.
1.13 Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді автоматтандыру
Кәсіпорында болған барлық шаруашылық операциялары операциялар журналына енгізіледі. Бухгалтерлік оперцияларды журналға енгізуді автоматтандырудың екі түрі бар:
1.14 Типтік операция режимі
Типтік операция режимі проводкаларды журналға енгізу барысында күнделікті бухгалтердің жұмысын автоматтандыруға арналған құрал.Жұмыс барысында біртектес проводкалардан тұратын, біртектес шаруашылық операциялардан тұратын, біртектес шаруашылық операцияларын жиі енгізіп отыру қажеттігі туады. Мысалы, тауарды сату барысында тауардың өзіндік құны мен ҚҚС бөліп көрсету тағы с.с. Осындай операцияларды енгізуді жеңілдету үшін программа пайдаланушының көмегімен олардың «сценарийі» жазылған типтік операция тізіміне тіркеледі.
1.16 Типтік операция тобын құру
Типтік операцияға жаңа жол енгізу келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
• Типтік операция терезесіндегі құралдар панелінен --- кнопкасын немесе
• Ctrl+F9 пернесінің қосындысы немесе
• Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Жаңа топ (Новая группа)» командасын тандаңыз.
1.19 Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу
Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу барысында операция реквизиттерін дұрыс толтыру, оперция проводкаларының тізімін құру және оны дұрыс толтыру ережелері көрсетіледі. Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу арнайы түзету терезесінде орындалады. Түзету терезесін шақыру үшін типтік операция тізімінен керекті операцияны таңдап келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
1.20 Құжат арқылы шаруашылық операцияларын журналға автоматты түрде енгізу
Құжаттау режимі 1С: Бухгалтерия программасында құжаттарды қағазға шығарып қана қоймай, қажетті есептеулер мен бухгалтерлік проводкаларды автоматты түрде құру үшін қолданылады. Құжаттармен әртүрлі амалдар орындау үшін ең алдымен оны толтыру қажет.
Құжатты операциялар журналына немесе проводкалар журналына енгізу үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:
1.21 Шаруашылық операциялар журналдары
1С: Бухгалтерия жүйесінде кәсіпорынның шаруашылық операциялары туралы деректер журналдарда сақталады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде бірнеші журналдар бар. Журналда әрбір операция бір жолмен берілген, онда сол операцияның болған күні, нөмірі, қысқаша түсініктемесі, сомасы, тағы басқалар берілген.
1.23 Проводкалар журналы
Проводкалар журналы енгізілген операцияларды бухгалтерлік операциялар тізімі түрінде қарауға мүмкнідік береді. Әр операция бір немесе бірнеше проводкалардан тұруы мүмкін.
1.24 Көру аралығы
Көру аралығы журналды қарап шығу барысында нақты уақыт аралығында құжаттардың көрінуін анықтайды. Журналдағы жазудың көріну аралығын қою үшін программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Аралық (Интервал)» бөлімін таңдаңыз. Экранға «Журналдың параметрлері (Параметры журнала)» диалогы шығады.
1.31 Бастапқы қалдықты енгізу
Бухгалтерлік есепті 1С:Бухгалтерия программасымен жүргізуді жаңа тоқсаннан бастау ұсынылады.
Бастапқы қалдықты енгізбес бұрын мынадай амалдарды орындау керек: