Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері


Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары 5
2 Шет елдегі балалар қоры жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асуы 9
Қорытынды 16
Пайдаланған әдебиеттер 17

Кіріспе

Қайырымдылық мәселесі көптеген саяси гуманитарлық ғылымдарда зерттелініп келе жатыр. Қайырымдылықтың тамыры ежелгі болғандықтан, ерте заманнан бері қарай атақты ірі ойшыл - ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл мәселе жан-жақты айтылып, зерттеліп келуде.Әрине қайырымдылық - ол әлеуметтік процесс, институт.
Қайырымдылық грек тілінде «eleemon»-«қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті» деген мағына береді, ал шіркеу тілінде ол «Caritabilis» сөзімен айтылып, қайырымдылық мағынасын білдірген. Тертуллиан, Иероним, Августин сияқты христиандар грек тілінен «eleemosyne», яғни біреудің қайғысына ортақтасу, аяушылық білдіру деген сөзді алып қолданған. Ертедегі латын тілінде бұған ұқсас сөз болмаған.

1 Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары

Бала - тең құқылы тұлға. Ол өмір сүруге, толық дамуға, кері әсерлерден, қатал қарым - қатынас және эксплуатациядан қорғануға, сондай ақ толық отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқылы. Дегенмен ата - аналарды балаларының білі алуы мен материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге құқылы. Барлық жас балалар білім алуға,өмір сүруге, медициналық көмек алуға құқығы бар.
Кедейшілік жағдайында өскен және жетім баланың психологиялық және физикалық денсаулығы нашар, үлгерімі төмен басқа балалармен қарым - қатынас жасауға мүмкіншілік жоқ болады.

2 Шет елдегі балалар қоры жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асуы

2001 жылы 23 маусымда Астанада «SOS-киндердорф Интернационал» халықаралық қорының қамқорлығымен еліміздегі екінші балалар қалашығы ашылды. «Балаларға, әсіресе жетім, панасыз қалған сәбилерге мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық көрсетілуде, бұл біздің басты парызымыз. Өйткені өз болашағын ойлаған қандай қоғам болмасын ең алдымен жас ұрпақтың жағдайын жасауы қажет. Бүгінгі күні Республикамызда екінші рет Халықаралық «SOS-Киндердорф Интернационал» қорының қолдауымен ашылып отырған жетім балалар қалашығы сондай ізгіліктің белгісі- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қорытынды

Қайырымдылықты зерттеудің мақсаты қоғамдық өмірмен қайырымдылық саласындағы заңды байланысты, жалпы алғанда ең алдымен қоғамның, сонан соң әртүрлі әлеуметтік топтардың және жеке тұлғалардың мінез - құлық нормаларына айналу процесін зертеу болып табылатындығы тұжырымдалды.
Қайырымдылық ертеден қалыптасқан әлеуметтік процесс. Оның философиясы - адам сүюшілік. Қайырымдылық бос жерден, өзінен өзі жеке адамдардың атынан пайда болған процесс емес, оңын ұзақ жылғы тарихы бар, адам қоғамының дамуындағы объективтік процесс.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Городецкая Ирина Константиновна «Международная защита прав и интересов детей» М.1973
2. Табанов С.А. «Общество, родители, дети» Алма- Ата. Казахстан,1986
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы - Алматы,1998