Мемлекеттік билікті ұйымдастырудағы Конституцияның рөлі
Жоспар
1. Мемлекеттік билік түсінігі 3
2. Мемлекеттік басқарудың қағидалары 4
3. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы 5
4. Мемлекеттік басқарудағы қатынастарды құқықтық реттеу 6
5. ҚР мемлекеттік органдар жүйесі 8
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 10
1. Мемлекеттік билік түсінігі
Билік жалпы түрде субъектінің (индивидтердің, ұйымдардың, ұжымдардың) басқа субъектінің тәртібін (жеке адамның, ұжымның, ұйымның) еркін жеке пайдасына не басқаның назарына бағындыру қабілеттілігі.
Мемлекеттік биліктің ерекшелігін, оның ереже касиетін, белгісін айта отырып екі жағдайды еске сақтауымыз қажет: біріншіден, тығыз, бөлімбейтін, мемлекеттің билігімен, мемлекеттің байланысын, ал екіншіден, мемлекеттік билікпен, мемлекет - бүл дегенмен де әртүрлі бір-біріне ұқсамайтын құбылыстар.
2. Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Мемлекеттік басқару жүйесінде қағида зандылықты, қатынастарды, элементтер арасындағы өзара байланысты білдіреді. Соларға сәйкес мемлекетгік басқару жүйесі құрылып, жұмыс істейді. Қандай да бір қағидадан «бас тарту» бүкіл жүйенің қалыпты қызметіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау және негіздеу процесіне белгілі талаптар қойылады: а) мемлекеттік басқарудың кез келген емес, тек ең маңызды, басты, объективті, қажетті зандылықтарын, қатынастары мен өзара байланыстарын білдіру; ә)мемлекеттік басқарудағы тек тұрақты зандылықтарды сипатгау; б) мемлекеттік басқарудың өзге басқару түрлерінен ерекшелігін білдіру.
3. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы
Кез келген тарихи тұрпаттағы мемлекетті ғылыми тұрғыдан танып-білу биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекетгің ғана емес, жалпы қоғамның да негізгі сапалық сипаттамалары мен бағыт-бағдарын білдіретін оның функцияларын қарастыруды көздейді.
Мемлекеттің функциялары - бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары. Бұл анықтамада мемлекет функциясының маңызды белгілері көрсетілген:
4. Мемлекеттік басқарудағы қатынастарды құқықтық реттеу
Мемлекеттік басқаруды қүқықтық реттеу мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызмет ету ережелерін бекіту жөніндегі мемлекет қызметін білдіреді. Бұл қызмет басқарушылық процестерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін, қүралдарын және процедураларын негізінен заңды тұрғыдан анықтаумен байланысты болғандықтан ерекше мәнге ие. Жалпы құқықтық реттеу мемлекеттік органдардың функцияларын, ұйымдастырушылық қүрылымдары мен басқарушылық қызметтерін тәртіпке келтіруге арналған.
Құқықтық реттеудің объектілерін құрайтын мемлекеттік және қоғамдық өмірдің бірнеше аспектілерін атап өтуге болады:
5. ҚР мемлекеттік органдар жүйесі
Мемлекеттік аппараттың құрылымы негізінде мемлекеттік органдарды жіктеу мүмкіндігін беру көрсетіледі. Мемлекеттік тетіктер, жалпы басқару функциялары мен қызметінің салалары, территориялық қызметтің шегі, мінездің жете білушілігі мен функция мазмұны, материалдық құралдарды жүргізу әдісі мен қаржыландыру көздері және т.б. Мемлекеттік органдардың жіктелуі туралы айтылған ойларға шолу толық болмаса да, мемлекеттік тәжірибемен қолданыстағы заңның негізінде ілімнің қалыптасу мұқтаж мәселелерінің бар екенін куәландырады.