Дайын өнімді түгендеу
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. Дайын өнімді түгендеу 4
2. Дайын өнімді түгендеудің аудиті 7
ҚОРЫТЫНДЫ 9
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 10
КІРІСПЕ
Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.
1. Дайын өнімді түгендеу
Дайын өнім материалды құндылық болғандықтан, материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуде шикізаттарға, материалдарға, отындарға, қосалқы бөлшектерге және басқа да материалды құндылықтарға дер кезінде сапалы түгендеу жүргізудің маңызы зор.
Түгендеу комиссиясының құрамына материалды - жауапкершілікті тұлғадан басқа, әдетте, әкімшілік өкілдері мамандар және бухгалтерия қызметкерлері кіреді. Түгендеу жүргізген кезде материалды - жауапкершілікті тұлғаның қатысуы міндетті.
Егер де түгендеу нәтижесінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталса, онда материалды-жауапкершілікті тұлға түгендеудің нәтижесіне келіспеуі және кем шығу фактісін мойындамауы мүмкін.
2. Дайын өнімді түгендеудің аудиті
Аудитор түгендеу жүргізу кезінде орындайтын рәсімдер:
Түгендеу комиссиясының мүшелерінің өз міндеттерін қалайша тиімді орындап жатқандығын бақылау;
Түгендеу тізімдерінің, салыстыру ведомосттарының (егер олар құрастырылатын болса) толтырылуын қарап шығу;
ҚОРЫТЫНДЫ
Дайын өнім тауарлы-материалдық қорлардың құрамына кіретіндіктен оларды түгендеудің негізгі мақсаты - олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Тауарлы – материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың нақтылы барлығының жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұған аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.
Комиссия бухгалтерияда материалдардың жұмсалу нормасын есептеп шығарып және қорытынды есепті бағалайды. Материалдық қорытынды есебін пайдаланған кезде, босатылған материалдарға басқа құжаттарды жасаудың қажеті де болмайды. Материалды жауапкершілікті тұлғаның қорытынды есебі аналитикалық есеп регистрлары ретінде қолданылғандықтан, жауапкершіліктегі материалдардың есебі жеңілдетіледі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Закон О Бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28.02.2007 года номер 234
2. Гражданский кодекс РК, 27 декабря 1994 года
3. Национальный стандарт финансовой отчетности 1, утвержденный приказом МФ РК от 21. 06.2007года номер 218
4. Н.К.Кабылова, Ш.А. Доспалинова, Е.Н. Оразалинова Основы бухгалтерского учета (Бухгалтер)
5. Г.Рубцова, М. Кейкова Бухгалтерлік есеп «Фолиант» Астана 2008 ж.