Кепіл ұғымы, оның азаматтық - құқықтық реттелу ерекшелігі
Азаматтық құқықта міндеттемелердің көптеген түрлері бар. Несие беруші олардың әрқайсысының орындалуына мүдделі болады, сәйкесінше, осындай орындауды қамтамасыз ететін құқықтық шараларды пайдалануға ұмтылады. Тараптар өз мүдделерінің сақталуын арнайы қамтамасыз ету шараларын қолдану қажеттілігі туындайтындай дәрежеде шарттың негізгі талаптарымен кепілдік ете алады. Осыдан, егер шартта өнімнің құнын алдын ала төлеу көзделген болса, бұл жағдайда уақытылы төлемегендігі үшін айрықша санкцияларды белгілеу қажеттілігі де болмайды. Бірақ көп жағдайларда міндеттеме тараптары өздерінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін арнайы құралдарды қолдануға мұқтаж болады. Алайда мұндай қамтамасыз ету шаралары шарттық міндеттемелерде де, сонымен қатар шарттан тыс міндеттемелерде де пайдаланылуы мүмкін, сонда да олардан туындайтын мүмкіндіктердің барлығы шарттар саласында көрініс табады.
Азаматтық айналым қатысушылары, шарттық қатынастарға түсе отырып, өздерінің жасасқан шарттары арқылы көздейтін мүдделерін қамтамасыз етуге ұмтылады. Осы мақсатпен олар өздері үшін барынша тиімді шарттарға қол жеткізеді және ең маңызды талаптардың көмекші міндеттемелермен қамтамасыз етілетіндей жағдайда осы шарттарды белгілі бір жүйеге енгізеді. Аталған маңызды талаптар өзара ерекшеленетін екі топқа бөлінеді:
Егер шартта өзгеше көзделмесе, айналымдағы кепілге салынған тауарлар құнының кемуі кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалған бөлігіне сәйкес болуына жол беріледі.
Айналымдағы тауар кепілінің негізгі белгілері болып мыналар танылады:
Айналымдағы тауарларды кепілге беруші кепілдерді жазу кітабын жүргізуге міндетті, оған тауарларды кепілге салу шарттары туралы, кепілге салынған тауарлар құрамының немесе нақты түрінің операция жүргізілетін соңғы күнде өзгеруіне әкеліп соқтыратын, соның ішінде оларды ұқсатуды қамтитын барлық операциялар туралы жазбалар жасалады.
Кепіл беруші айналымдағы тауарларды кепілге салу шарттарын бұзған жағдайда кепіл ұстаушы кепілге салынған тауарларға өзінің белгілері мен мөрін қою арқылы шарттың бұзылуы жойылғанға дейін олармен операциялар жасауды тоқтата тұруға құқылы.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, аталған кепіл түрінің әлсіз жері болып тауарды сатып жіберген кепіл берушінің сол тауардың орнына басқа тауарларды алмаған кезде несие беруші мүдделерін қорғаудың қандай да бір кепілдігінің болмауы танылады. Кепіл ұстаушы бұндай жағдайда өзіне кепіл міндеттемесімен тиесілі болатын құқықтарын жоғалтады.
Ломбард, егер кепілге қойылған заттардың жоғалуы және бүлінуі еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.
Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін Ломбард операцияларын жүргізу ережелері болғанда ғана жүзеге асырады және онда мынадай ақпарат қамтылуы тиіс: