Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, “Молодежный” совхозы) дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) медресеге оқуға түседі, бұл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбұлда оқып, дәріс алған, ауқатты әулеттен шықан жергілікті интеллигент Мұқамеджан Бекішев ашқан. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. Бірақ бұл оқумен қанағаттанбаған, ол, яғни болашақ ақын, 1910 жылдың күзінде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұқамбет Серкебаевпен Медресе – Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда жоғары оқу орнымен бара-бар болған. Мағжан сол медреседе Ғалымжан Ибрагимовпен, Сәлімгерей Жантуринмен, Бейімбет Майлинмен танысады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді.

1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болады; тағдыр қосқан қосағы толғақ үстінен қайтыс болса, азамат соғысы уақытына орай есімін Граждан қойған перзенті бір жылдан соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне зіл батпан ауыртпалық түсіріп, із қалдырады. “Мені де, өлім, әлдиле” өлеңі осы сәттерде туған.

Мағжан Жұмабаев өлеңдерін бастыру, оқу Кеңес дәуірінде мүмкін болмады. Енді жарты ғасырдан аса уақыт өткенде ғана, аты аңызға айналған ақынның шығармалары халқына қайта оралды.

Мағжан шығармашылығымен тереңірек, молырақ танысқан шақта оның поэзиясының қай қырын ерекше сөз еткен орынды болар еді деген сұрақ туады. Мүмкін ақын туындыларының уақыт сынына төтеп берелік бүкіл ұлттық, адамзаттық мазмұн – тақырыбын, тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, сөз қолдану шеберлігін басты шеберлігін басты ерекшелігі деп айтуға болады.