Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қоғамдық өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымы.


Жоспар
Кіріспе 3
1 Өндіріс оның мәні және факторлары 4
3 Қоғамдық өндірістің құрылымы 8
4 Өндірістік құрылым және оның түрлері 10
5 Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары 12
6 Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері 14
7 Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары 15
8 Қоғамдық өндіріс және оның формалары 17
9 Қоғамдық өндірістің экономикалық мәні 22
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпыламаны мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндіріс жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде жүзеге асады. Осы жағдайды ескере отырып, К,Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қаладың.

1 Өндіріс оның мәні және факторлары

Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жаны болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер бұл өндіріс құрал жабдықтары ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар, материалдық игіліктер өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заңы (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады.
Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәні қалып қалған болып табылады.

3 Қоғамдық өндірістің құрылымы

Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс жатады. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын-үйі және т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса, адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.
Материалдық өндірістер саласы - халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл, шаруашылығы құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өңдеу мен тігу, жуу, тазалау және т.б.) екіге бөлінеді.

4 Өндірістік құрылым және оның түрлері

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

5 Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізделері:
• оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
• бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
• жабдықтардың қуаты;
• өндірістік қорлардың құны;
• өнім шығару көлемі;
• мамандандыру және механикаландыру;
• күрделі қаржының құрылымы.

6 Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

7 Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік-техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болмайды.

8 Қоғамдық өндіріс және оның формалары

Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет.Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес эр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады.

9 Қоғамдық өндірістің экономикалық мәні

Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы негізін құрайды. Адамзат баласының тіршілігінің негізін қалайтын да қоғамдық өндіріс. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды. Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай болса да, ол әйтеуір үздіксіз процесс болуға, яғни оқтын-оқтын сол бір сатылардан қайта-қайта өтіп отыруға тиіс. Қоғамның тұтынбай отыра алмайтыны сияқты, ол өндірмейді отыра алмайды.
Тарихты материалистік жолмен ұғыну мынадай қағидаға сүйенеді: өндірістен соң оның өнімдерін айырбастау да әрбір қоғамдық құрылыстың негізі болып табылады, тарихи өмір сүретін әрбір қоғамда өнімдерді бөлу, сонымен бірге қоғамның таптарға немесе топтарға бөлінуі, қоғамның нені өндіретініне, қалай өндіретініне және өндірілген бұл өнімдердің қалай айырбасталатынына байланысты. Өмірде болып жататын барлық қоғамдық өзгерістер мен саяси төңкерістердің негізгі себептерін адамның ақыл-ойынан, олардың ақиқат пен әділеттілікті түсіну деңгейінен, философиядан іздемеу керек, оны өндіріс пен айырбас әдісінде орнаған өзгерістерден, сол заманның экономикасынан іздеу керек. Міне, бұл елімізде болып жатқан экономикалық саяси-әлеуметтік сілкіністер мен өзгерістердің баршасына да тікелей қатысты. Оны тек осылай түсінуге болады. Қоғамдық өндірістің адамзат өміріндегі орны мен рөлі ерекше. Егер өндірісті бір жыл түгіл, бірнеше апта тоқтататын болса, адамзат аштықтан құрып кеткен болар еді. Қазіргі таңда да рынокты қалыптастыруда қоғамдық өндіріс зор маңызға ие болып отыр. Қоғамдық өндіріс, жоғарыда атап өткеніміздей өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі. Ал оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:

Қорытынды

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері, кооперациялары арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. Өндірістік процесті кеңістікте оңтайлы тұрғызу – оның тиімділігінің қажетті шарты.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін элементтердің өзара іс-қимылын тұлғалайды.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі жұмыс орны, учаскелер және цехтар болып табылады.
Кәсіпорынның құрылымын қалыптастыру сыртқы (салалық, аймақтық, жалпы құрылымдық) және ішкі (сипаты және шығарылатын өнімнің мөлшері, кәсіпорынның негізгі қорларының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері, мамандандыруының деңгейі, т.б.) факторларына байланысты болады.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бөлігінің мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызметі), олардың құрылуының ара-қатынасы және нысандары.