Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бизнесті бағалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бизнесті бағалауда шығындық тәсілі


Жоспар
1 Бизнесті бағалауда шығындық тәсілі 3
1.1 Бизнесті бағалаудағы шығын бағытының алатын орны және атқаратын ролі 3
1.2 Таза активтер құны тәсілі 3
1.3 Өндірістік қозғалмайтын мүліктің (жер, ғимарат, құрылғылар) құнын бағалау 4
Әдебиеттер 12

1 Бизнесті бағалауда шығындық тәсілі
1.1 Бизнесті бағалаудағы шығын бағытының алатын орны және атқаратын ролі
Бизнесті бағалаудағы шығын (мүліктік) бағыты кәсіпорынның құнын ұшыраған шығындары жағынан қарастырады. Кәсіпорынның активтерінің және міндеттемелерінің баланстық құны инфляция, нарық конъюнктурасының өзгеруі және қолданылатын есеп тәсілдерінің ықпалынан әдетте нарықтық құнға сәйкес келмейді. Нәтижесінде бағалаушы кәсіпорын балансын түзетуді жүргізуі тиіс. Оны орындау үшін баланстың әрбір активінің негізделген нарықтық құнын бағалау алдын-ала жүргізіледі, содан соң оның барлық міндеттемелерінің ағымдағы құны анықталады және ең соңында кәсіпорын активтерінің негізделген нарықтық құнынан оның барлық міндеттемелерінің ағымдағы құны шегеріледі. Мұның нәтижесі кәсіпорынның жеке капиталының бағалау құнын көрсетеді.
Мүліктік (шығын) бағыттағы негізгі формула:

1.2 Таза активтер құны тәсілі
Бұл тәсіл бойынша есептеу бірнеше кезеңмен жүргізіледі:
1. Кәсіпорынның қозғалмайтын мүлігі негізделген нарықтық құн бойынша бағаланады.
2. Машиналар мен құрал-жабдықтардың негізделген нарықтық құны анықталады.
3. Материалдық емес активтер анықталады және бағаланады.

1.3 Өндірістік қозғалмайтын мүліктің (жер, ғимарат, құрылғылар) құнын бағалау
Қозғалмайтын мүлікті бағалау үшін 3 бағытты қолдануға болады: табыс, салыстырмалы (нарықтық) және шығын.
Табыс бағытын қолдану.
 Табысты капиталдандыру тәсілі;
 Дисконтталған ақша легі тәсілі
Табысты капиталдандыру тәсілі иесіне табыс әкелетін қозғалмайтын мүлікті бағалау кезінде қолданылады. Қозғалмайтын мүлікті иеленуден түсетін табыс масыла, жалға беруден түсетін ағымдағы және келешектегі түсімдер немесе оны келешекте сатудан түсетін қозғалмайтын мүлік құнының өсімі түрінде болуы мүмкін.
Бірінші кезең. Потенциалды жалпы табыс бағаланады. Ол келесі формула бойынша есептеледі:

Ғимараттар мен құрылғылардың құнын бағалау ғимараттар мен құрылғылардың құнын бағалауға кіріспес бұрын бағалаушы техникалық құжаттамамен танысып қана қоймай ғимарат пен құрылғыларды көруі тиіс. Бұл бағалау объектісіне толық сипаттама беруге мүмкіндік береді, онда сыртқы және ішкі конститутциялардың, сондай-ақ инженерлік жүйелердің сипаттамалары беріледі.
Қозғалмайтын мүліктің қалпына келу немесе алмастыру құны келесідей тәсіл түрлерімен жүргізіледі:

Функционалды тозуды анықтау (бағалау). Бұл тозу түрі табиғи тозу секілді түзелетін және түзелмейтін болады. Сондықтан түзелетін немесе түзелмейтінге жатқызудың белгілері табиғи тозудағыдай. Сәйкесінше түзелетін функционалды тозудың құны объектіні қолданудан түсетін келешектегі табысқа салым болып есептелетін шығындар ретінде анықталады.