Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама 6
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы 6
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі 7
1.3 Консолидацияланған қаржылық есеп беру 11
ІІ Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі 15
2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері 15
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты 25
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары 30
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39
ҚОСЫМША 41
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің бір тұтастығынан байқалады:
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама
Бұл тарауда ақша қаражаттар қозғалысы туралы мәліметтер толық ашып көрсетіледі.
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айыру белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 ‘Ақша – қаражаттарының қозғалысы туралы есеп’ - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша – қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша – қаражаттарының келіп түсуі, кіріс телуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады» делінген.
Жалпы ақша қаражаттары ҚЕХС-ң шоттар кестесіндегі 10.1 «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив,егер:
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
1000 – «Ақша қаражаты» кіші бөлімі - ақша қаражаттарын есептеу үшін қолданылады және өзіне мына 7 топты кіргізеді.
1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Жалпы касса операцияларының есебі 1010 (451) «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 (452) «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» - деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
1020 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты», бұл жерде кассадағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есептелінеді. Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
1010 (451) «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 (452) «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» - деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал – ордері, ал дебеті бойынша осы журнал – ордердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал – ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал – ордерде есептеліп жүргізіледі.
1.3 Консолидацияланған қаржылық есеп беру
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мына сұрақтар баяндалуы керек:
- операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады (тікелей ме, жоқ әлде жанама ма);
- түсетін ақша қаражаттары мен клиент атынан төленетін ақша қаражаттары нетто-негізінде ашыла ма, әсіресе, кәсіпорынның өз ақша қаражатынан клиенттердің ақша қаражаты асып кеткен жағдайда;
- ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.
Бұл арада ескеретін бір жайт, түсініктеме жазбада кейбір мәселелер бойынша қайталанып берілетін түсініктемелерге жол бермеуді қадағалау керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың қажеттілігі:
ІІ Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі
Бұл тарауда ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есептілігі, дисконтталған ақша ағымдарының есебі толық, әрі жан-жақты қамтылған.
2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері
7 ҚЕХС «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік дүниежүзілік банкпен дайындалған.
ҚЕХС-ң 7 бөлімшесінің негізгі мақсаты – операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттар қозғалысының өзгерісі туралы мәліметтерді беруді талап ету.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік – қаржылық есептіліктің төртіншісі болып табылады. Есептіліктің мақсаты – компанияның белгілі бір мерзімдегі ақшаның түсімі мен төлемдері туралы ақпараттарды ұсыну болып табылады.
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты
«Ақшаның уақытша құны» деген ұғым – ақша мен уақыт арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.
Ақшаның уақытша құны – бұл қаржылық есепкерліктің (ҚЕХС) стандартты емес, ол басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылатын тәсілдердің бірі, яғни қазіргі кезде қолданылатын нақты шешімдер, бірақ белгілі бір мерзімдегі инвестицияны қайтарумен байланысты уақыт пен ақшаның арасындағы ара-қатынастың жиынтығын көрсетеді.
Әрбір бизнес саласында ұзақ мерзімді келісім – шарттар жасалғанда, бәрімізге белгілі, бүгінгі күні алынған ақшалар жоғарғы құнға ие болады, келесі жылға қарағанда. Яғни бүгінгі – 10.000 теңге, ертеңгі күнгі сомасымен теңеспейді. Ол төмендеп не жоғарылап кетуі мүмкін. Инфляцияға байланыссыз болғанның өзінде. Егер де инфляция 0- ге тең болғанның өзінде, біз теңеспеу шілікті көріп отырамыз. Неліктен? Бұл ақшаның болуы қазіргі кезде оларды әр түрлі қаржылық құралдарға немесе бизнеске салуға мүмкіндік береді және тікелей тәуекелге байланысты белгілі бір табыстарды алады.
Мысалы: 1) ссуда – 500.000 теңге көлемінде 3 жылға берілді. 30 % - қ жылдық жай қойылым бойынша, онда 3 жыл уақытында пайыздың көлемі келесідей болады. 500.000 * 30 % * 3 жыл = 450.000 теңге.
2. Күрделі пайыздар – реинвестицияланған пайызға алынған пайыздар,
яғни ссудаға немесе қаржылық салымға төленетін пайыздарды негізгі сомаға қосады. Осының нәтижесінде, пайыздарды негізгі сомаға және алынған пайыздарға төлейді.
Күрделі пайыздарды есептеу- бұл дисконттауға кері үрдіс. Өйткені, күрделі пайыздар арқылы қазіргі уақыттағы қолма – қол ақшаның болашақ құны анықталады.
Мысалы: Егер, қазір біз, банкке – 1000 теңге салсақ 10 -%- қ жылдық қойылымы бойынша және пайызды жылына бір рет төленсе (жылдың соңында), онда табыстылықтың келесі көрсеткіштеріне сенер едік:
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары
Былтырғы жылғы нысанмен салыстырғанда, кейбір терминдердің өзгергені болмаса, айта қаларлықтай өзгерістер болған жоқ, сондықтан да салыстырмалы жаңа нысандар қарастырылды. ҚБЕС және ҚЕХС бойынша ақша қозғалысы туралы есеп жасаудың арасында айырмашылықтар бар, бірақ аса көп емес.
Баланстағы өзгерістер негізінде есеп құру қисыны аса қарапайым: егер сіз бір нәрсе сатып алсаңыз – активтер көбейеді, ақша азаяды; сатсаңыз – жағдай керісінше болады. Жеткізушіден активтер алынды (немесе сатып алушыға тиеп жөнелтілді), бірақ төлем әлі жасалған жоқ – тиісінше кредиторлық немесе дебиторлық берешектің соған сәйкес келетін жолын қараңыз. Активтер өтеусіз алынды немесе тиеп жөнелтілді – осыларды үмітсіз операция ретінде түзетеміз. Негізгі құралдардың құны амортизация немесе қайта бағалау есебінен азайды – үмітсіз активтер бойынша тағы да түзету (ақшаңыз өзіңізде қалды, шығыс барынша «мүмкіндікті»).
Мысалы, жеткізушіден бір уақытта тіркелген активтер мен шығыс материалдары не оларға арналған қосалқы бөлшектер сатып алынды. Төлем кезіндегі жазба біреу:
Дт 671 (3310) «Жеткізушілер мен мердігерлермен қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
Кт 441 (1040) «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты»,
яғни талдау бойынша 1040-шоты төлемнің қай бөлігін – инвестициялық қызметке, қайсыбірін операциондық қызметке жатқызуды бірден айқындау күрделі. Егер баланстық баптар бойынша жұмыс кестесін жасамаса - әрбір осындай жағдай бойынша «бастапқы» жұмыс кестесін қайта көтеруге тура келеді.
Іс жүзінде 100,41/1 – 100.42/2 (ҚЕХС бойынша) және 100.41 және 100.42 – (ҚБЕС бойынша) нысандарын толтырудың ұқсастығын растау үшін, «ББ-нің» 2006 жылғы 4-5 – нөмірлеріндегі 100.41/1 – 100.42/1-нысандарын есептеген кезде пайдаланылған жағдайды мысал ретінде қайта келтірейік.
Мысалы, «ХХХ» ЖШС ландшафтық дизайн бойынша қызмет көрсетеді және сирек кездесетін өсімдіктерді сатады. 2005 жылы шамамен алғанда осы бағыттардан бірдей кіріс алды: сатылған өсімдіктер үшін сатып алушылар толығымен есеп айырысты (4100 мың теңге), көрсетілген қызмет үшін (4400 мың теңге) ақшаның бір бөлігі 2006 жылғы қаңтарда алынды. 2005 жылы еңбекақы бойынша төлемге жұмсалған сома 3989 мың теңге болды. ЖШС-нің балансында оранжерея үйі бар, құрылыс тұрғызылуы себепті (мердігер шарты бойынша) құны 100 мың теңге тұратын жалғастыра салынған құрылыс пайдаланылған жоқ, соған байланысты амортизациялық аударымдар есептемеуге шешім қабылданды. Үйді қайта бағалау нәтижесінде 200 мың теңге сомасына резерв қалыптастырылды. ЖШС банктің ұзақ мерзімді кредиті есебінен құны 400 мың теңгеге арнайы жабдықты қосымша сатып алды. Жабдық бойынша 2005 жылғы амортизациялық аударымдар 250 мың теңгені құрады. Сондай-ақ бағдарлама әзірлеушіден арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету (40 мың теңгеге) сатып алынды, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша амортизациялық аударымдар 20 мың теңгені құрады. Бастапқы құны 150 мың теңге болған толық амортизацияланған жабдық 50 мың теңгеге сатылды, жабдықты сатудан түскен пайда өзге кіріс ретінде көрсетілді. 2004 жылы 2 қызметкерге барлық соманы 5 жылдан кейін қайтару шартымен 300 мың теңгеден процентсіз несие берілді. 2005 жылы осы несиеге қосымша, негізгі несиемен бірге қайтару шартымен 40 мың теңге төленді. Жұмсауға берілген шығыстардың бөлігі салықтық есепке алуда шегерімге жатпайтын болып танылды, соның есебінен 516,7 мың теңге тұрақты айырмашылық пайда болды. Жыл бойы КТС бойынша 140 мың теңге аванстық төлемдер төленді (корпорациялық салықтан өзге салықтардың ықпалын мысалда әдейі көрсетпейміз). Құрылтайшыларға 2004 жыл үшін 250 мың теңге сомасында дивиденд төленді. ЖШС-нің құрамынан шыққан құрылтайшы өзінің 200 мың теңге жарғылық капиталын алып кетті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, мен өзімнің «Ақша қаражаттар қозғалысы» атты курстық жұмысымды жан-жақты қамтып, зерттеу барысында көптеген мәліметтермен таныс болдым.
Сонымен, ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы болып табылады.
Ақша қаражаттарының болуы, оның үнемі қозғалыста болуы, тұтас экономика шеңберінде қарастырғанда, маңызды орынға ие.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» Алматы, Экономика, 2001ж.
2. Міржақыпова С.Т. «Банктердегі бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика, 2004ж.
3. М.А. Вахрушина, Л.А. Мельникова, Н.С. Пласкова «Международные стандарты учета и финансовой отчетности» Москва, 2005г.
4. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика, 2005ж.
5. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003ж.