20011
Болашақ ұстаздардың жан танымдық дайындығы
Музыкалық жоғарғы оқу орындарындағы «Жантану» пәнінің маңызы өте зор. «Жантану» пәнін терең білу, оған қажеттілікті арттыру мақсатында консерваторияда Педагогика және психология кафедрасы ашылып, жұмыс атқаруда. Алғашқы қадам, бастама, мұның ғұмырын, болашақ көрсетеді.Барлық мамандықты бір топқа біріктірмей, әр топты өз ерекшелігімен бағыттап, тек қана жаттанды ережелермен емес, өмірде, студенттердің тәжірибе кезінде туындаған сұрақтарына, уақиғаларына шешуші жол көрсетіп, жаңа леппен өткізу шаралары іздестірілуде.
Музыкант ұстазға ең керекті қасиет тіл тапқыштық, кейде болашақ мұғалімнің оқушымен сабақты неден бастарын білмейді, танысу қандай тұрғыда болуы керек, оның жөнін таппай жатады. «Ішкі бауырыңа кіріп тұрады» деген халық мәтелінің мәні осында болса керек. Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына кіріп, шәкіртпен жұмыс жасау әдістерімен танысудың үлкен септігі тиеді. Сабақ өткізудің вербальдық және вербальдық емес түрлерін білу, оны көрнекті әсермен қолдану өте маңызды іс. Болашақ музыка маманына жан дүниелік дайындықтың шешімді жолы ойындар ұйымдастырылып, оны кезеңдерге бөлу. Олар:
Ұстаздық машықтану барысында ата-аналармен байланыс жасай білудің басты маңызы бар. Тек қана класта өтетін сабақтың барысы, оқушының жан-жақты өсуі, Болашақ домбырашы ұстазды – оқушы, мұғалім – ата-ананың бірлесе орындайтын тәрбиеге байланысты. Жоғарыда келтіргеніміздей музыка мектебіне, жалпы музыка әлеміне ата-ана әр түрлі мақсатпен әкеледі. Жалпылама мектеп бәріне бірдей болса, ал музыкадан білім алу неше түрлі себептермен астасып жатады. Қандай тұрғыда болғанда да домбыра болмаса басқа аспапта машықтанудың өзіндік ерекшелігі бар. Олар: