Атырау облысының статистика басқармасы
Мазмұны
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Статистика ғылымының дамуы және Қазақстанда пайда болуы 4
1.1 Статистика ғылымының дамуы 4
1.2 Қазақстан Республикасының статистика басқармасының тарихы 5
1.3 Атырау облысы статистика басқармасының тарихы 6
ІІ-ТАРАУ. Атырау облысының статистика басқармасының жалпы ережесі 8
2.1 Жалпы ережесі 8
2.2 Басқарманың негізгі функциялары мен құқықтары 9
2.3 Мекеме басшыларының атқаратын қызметтері 11
ІІІ-ТАРАУ. Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі және оларға еңбекақы төлеу 13
3.1 Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету 13
3.2 Қызметкердің еңбекақысы 14
Қортынды 17
І-ТАРАУ. Статистика ғылымының дамуы және Қазақстанда пайда болуы
1.1 Статистика ғылымының дамуы
Статистика - латынының статус (status) деген сөзін қазақшаға аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің негізінен, итальяның «statе» – мемлекет, « statisto»- мемлекеттің жағдайын жеттік білу деген сөзінен шыққан. Қазіргі кезде «сатистика» термині төмендегідей әр түрлі мағынада қолданылып жүр.
- Статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу.
- Статистика - статистикалық жинақтарда анықталады, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер.
- Статистика қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.
Статистика қоғамдық ғылым ретінде біртіндеп пайда болды және оның даму кезеңінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесінің бастмасы 17 ғасырдың аяқ кезеңі Англиядан басталды. Оның негізін Ағылшын ғалымдары Джон Гранут( 1620-1674) пен Вильям Петтидің (1623-1687) «саяси арифметика» атты еңбегі жарық көрді. В.Петтидің еңбегінің маңыздылығы сонда,ол сандық көрсеткіштер заңдылығын қолдана отырып, қоғамда болып жатқан көптеген құбылыстармен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өңдеу, талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігі айқындалған.
1.3 Атырау облысы статистика басқармасының тарихы
Статистика - ол ерекше ғылым немесе білім саласы, ол қоғамның өмірінің сандық жағынан қарайды және оның ғасырлық тарихы бар. Оның пайда болуы әр түрлі қоғамдық өмірінің сандық жағынан қарайды және оның ғасырлық тарихы бар. Оның пайда болуы әртүрлі қоғамдық қажеттілікке байланысты: малды санау, жер байлығы, мүлік т.б
ІІ-ТАРАУ. Атырау облысының статистика басқармасының жалпы ережесі
2.1 Жалпы ережесі
1. Атырау облысының статистика басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мемлекеттік мекемесі және аумақтық органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) ғылыми әдіснама мен халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпарат жүйесінің жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;
3) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығы мен жеткіліктігін қамтамасыз ету;
4) өңірде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма туралы ережені және оның жалпы штаттық санын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Төрағасы бекітеді.
2.2 Басқарманың негізгі функциялары мен құқықтары
1. Басқарманың стратегиялық функциясы мемлекеттік органдарды, іскер топтар мен жұртшылықты өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
2 . Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
статистика саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:
1) мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру;
2) заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету;
2.3 Мекеме басшыларының атқаратын қызметтері
Атырау облысының статистика басқармасының жалпы іс-әрекетін алға басуын қадағалайды. Басқарма бастығы барлық бөлімшелерді және аудандық бөлімшелерді қадағалап оларды бағыттап отырады және ұйымдағы қаржылық мәселелерді шешеді. Басқарма бастығы мекемеге келген қонақтарды қарсалу және статистикалық деректерді қорытындылау сонымен қатар жарыққа шығару және т.б. сұрақтарына жауап береді. Ұжымды басқаруда көптеген қызметтер атқарады. Бұнда қызметкерлерді жыл сайынғы аттестациялау, сынақтан өткізу, мемлекеттік лауазымға кандидаттар тағайындау және мемлекеттік сату және сатып алуды қабылдайтын комиссияларды тағайындау.
ІІІ-ТАРАУ. Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі және оларға еңбекақы төлеу
3.1 Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету
Жұмыс беруші әрбір жұмыс шартына байланысты өндіріске қажетті аймақ бойынша жұмыс уақытының кестесін норма бойынша қамту яғни күнделікті жұмыс уақытын белгілеу.
Ұйым және еңбек қауіпсіздігі еңбек тәртібі және демалыс Жұмысшыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысшыларды жыл сайын демалыспен қамту.
Жұмыс беруші жұмысшылардың еңбек процесінің өзгеруіне байланысты жұмыс кестесіне қажетті түзетілер енгізуге, жұмысшылардың жағдайын көтеруді талап етуге, жұмысшылардың жұмысқа қабілеттілігінің мақсатын арттыруға, жұмысшылардың денсаулығын қорғау және орнықты сақтауға міндетті.
3.2 Қызметкердің еңбекақысы
Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады және кәсіпорын қызметкерлерінің тиімділігі оған ереулі ықпал етеді. Себебі еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандыру құралы. Еңбек ақы дегеніміз - жұмыскерлерге оның еңбегі үшін сапасына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем, яғни жұмыс күшінің бағасы еңбекақының қажетті өнімінің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбекақы кәсіпорының қызметкерлерінің жалақысы ретіндегі өнім өндіру мен өткізуге кеткен шығынның бір бөлігі, бұдан басқа еңбекақыны мынадай факторлар анықтайды.
Қортынды
Қорыта келгенде мен 30 қаңтармен 25 наурыз аралығында Атырау облысының статистика басқармасынан өндірістік тәжірибеден өттім. Атырау облысының статистика басқармасы 4920 жылдан бастап Гурев уездік статистика бюросы болып еңбек етті. Кейін 1996 жылдан бастап Атырау облысының статистикатика басқармасы болып құрылды.
Атырау облысының статистика басқармасының бастығы Алпатанов С.С Басқарма бастығының екі көмекшісі бар : Джазбаева А.Ж, МухангалиеваГ.К. Бұл адамдардың қарамағында 15 астам бөлімше, 140 астам жоғары сапалы мамандар қызмет етуде.