Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Математика пәнінің мұғалімі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 4 стр.

Год: 2013

Полный просмотр работы

Ойын элементтері арқылы оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру

Мазмұны
I.Кіріспе.
Математиканың қоғамдағы атқаратын рөлі. 2
II.Негізгі бөлім.
2.1.Математикалық ойынның балалар өміріндегі алатын орны 3
2.2. Математикалық ойындарды қолдану. 4
Логикалық есептер. 8
Қорытынды 13

I.Кіріспе.

Математиканың қоғамдағы атқаратын рөлі.

Математика-істі белгілі қалыпқа соғудағы ең қысқа жол.
«Кез келген нәрсенің оңайырағы емес, ең қарапайымы болады». Иә, математика осыны жүзеге асыруда. Қарапайым дегеніміз-күрделі емес дегенді білдірсе, оңай сөзі барша жұрт түсінетін, жасай алатын мағынасына келеді.адамзат тұрмысын жеңілдету үшін қолдағы бар мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз. Өйткені, біз білім-ғылымды үйретуші, оқу әдістерін жеңілдетушілерденбіз.
Математиканың қалайша бөліске түскендігінің жарқын мысалы , баршаға мәлім Пифагор теоремасын үнді және канадалық екі математик жалпыға ұғыныңқы қалыпқа түсірген. Бұл математиканың адамзат тарихымен астасып ескірмей жасасып келе жатқанына дәлел.
Білім бізді жаратылыс заңдарын үйренуге итермелейді. Қоршаған ортаның сырын түсініп, математиканы жаратылыс құбылыстарын шешуде құрал ретінде қолдану математиктерді үлкен қуанышқа кенелтеді.Жетілген технологияның негізі- математикада деп танылуда.Жоғары дәрежелі технологиясы дамыған елдер ғана даму жолындағы математиканың рөлін өз мәнінде ұғынған.

II.Негізгі бөлім.

2.1.Математикалық ойынның балалар өміріндегі алатын орны.

«Математика- ғылымдар патшасы» деп немістің ұлы математигі Гаусс айтқандай, математиканың балалар өмірінде алатын орны ерекше. Математика тек қана қосу, алу, көбейту, бөлу т.с.с амалдардың жиынтығы емес, балалардың ойлау жүйесін, ақыл-ес процесінің дамуына әсер ететін ғылым.
Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашвп, оның шығармашылық қабілетін оятады «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін де емес,- деген. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады.

2.2. Математикалық ойындарды қолдану.

Математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат етіп қоямын. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі- математикалық ойын элементтерін қолдану деп санаймын. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады.
Математикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмвстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай. Математикалық ойындарды қолданғанда мұғалім әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылатын сұрақ қысқа, түсінікті болуы шарт.

Логикалық есептер.

1. 5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте 1 алма қалу керек.
2. Бөлмеде 4 бұрыш, әрбір бұрышта мысықтар отыр. Әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша мысық бар?
3. Қараңғы бөлмеде керосин шамы мен шырағы қатар тұрса, бірінші қайсысын тұтатар едіңіз?
4. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
5. 1 кг тас ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?
6. Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6 метр көтерілді. Ал түнде 4 метр төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады?

Логикалық жаттығулар

1. Үш ағайынды Арман,Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
2. Қай ауылдың балалары?
Әділет,Еркін,Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі-Қосқұдықтан,екіншісі-Үштөбеден, үшіншісі-көктөбеден келген.
Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегендігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?
Әкелерінің атын тап.
Мұрат, Жандос, асхат бір сыныпта оқиды. Олар: Ораз, Ахмет, және Үсен деген кісілердің балалары. Егер Мұрат, Ораздың, Жандос Ахметтің, Асхат Үсеннің баласы еместігі, асхат пен Ахметтің бір үйде тұратыны белгілі болса, баланың әкесі кім?

Қорытынды
Қорыта айтқанда математикалық ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін адамға қиялмен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қолйылған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды.