Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 36 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Әлеуметтік саясаттың мәні мен мазмұны


МАЗМҰНЫ

1 ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ 3
1.1 Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары 3
1.2 Халықты әлеуметтік қорғау механизімін реформалау 23
2 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ 30
2.1 Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауатты өмір сүру мүмкіндігі 30
2.2 Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі 34

1 ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1.1 Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары

Қоғамдағы дамудың бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ете бермейді.
XVIII-XIX ғасырларда өткен өндіріс революциясы нарықтық қатынастарды өте күшті дамытты. Нарықтық қатынастардың дамуы бас бостандығы мен еркіндікке, әлеуметтік әділеттікке жол ашып берді. Еркіндік идеологиясын насихаттайтын қоғамдық – саяси ағымдар қалыптасты. Осының барлығы индустриялды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды. Батыста және Шығыстың дамыған елдерінде орташа әлеуметтік топ қалыптасып, оның үлес салмағы артты. Мысалы, АҚШ-та осы күні табысы орташа әлеуметтік топтың үлес салмағы тұрғындардың 70% ін құрайды. Жалпы алғанда, нарықтық экономиканың осы күнгі моделі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады.

1.2 Халықты әлеуметтік қорғау механизімін реформалау

Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның практикалық негізі де бар, өйткені ХХІ ғ. Табалдырығында «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қорғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді.
Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамының барлық мүшелері үшін төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарды. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джан Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сенімімен болжай алмағандықтан кедейшіліктен немесе табыс көзінен айрылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін.

2 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

2.1 Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауатты өмір сүру мүмкіндігі

Біздің еліміз жоғары перспективаларға қол жеткізу үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:
1. Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамудын қамтамасыз ету.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін іскі саяси тұрақтылық пен ұлттық бір тұтастылықты сақтап нығайта беру.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімімен әл-ауқаты. Барлық Қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

1 – сурет. Нәрестелер өлімінің жіктелуі

Нәрестелер өлімінің көрсеткіші Қазақстан үшін өте маңызды және балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту саясатындағы жалпы жағдайды көрсетеді. Нәрестелер өлімінің ең жоғары деңгейі 1993 ж белгіленді, содан кейін осы көрсеткіш азаю үрдісіне қарай ойысып, 2001 ж ол 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 19,4 тең болды. /8.254-310б./
Қазақстан халқының денсаулығының бағасы мен сипаттамасының негізгі критерилерінің бірі өлім –жітім индикаторлары, болып табылады, олар өлім көрсеткіштерін, соның ішінде жынысы бойынша, қала және ауыл халқы бөлігінде, жас топтары бойынша анықтаушы факторлардың ықпалы мен оны кешенді талдау үшін пайдаланылады.
Өлім динамикасының қарқындылығына баламалы баға беру және оның динамикасы үшін осы үдерістің пайдаланылады. Солардың ішінде өлім-жітімнің жалпы коэффициенті кеңінен танымал, ол 1 жылда өлгендер санының халықтық жылдың орташа санына қатынасы ретінде 1000 адам есептегенде анықталады.