Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 27 стр.

Полный просмотр работы

Лидерліктің мәні және басқару стильдері

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. Адам қызметін басқару және топты басқарудың теориялық негізін қалаушылар 4
2. Басшылық билік, ықпал ету және серіктестік 6
3. Бұл сипаттаудағы кейбір негізгі сәттер түсіндіруді талап етеді 11
4. Басқару стильдері 17
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 27

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Қазіргі кездегі әлемдегі көптеген елдердің экономикасының даму барысында персоналмен жұмыс атқару саласындағы мәселе ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Осы мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған елдерде негізгі жалпы үрдіс төмендегідей болып отыр: кадрларды іріктеу әдістері мен рәсімдерінің формализациясы, оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін даярлау, басқару персоналына қажеттілікті талдауда ғылыми көзқарас таныту, жастар мен келешегінен үміт күттіретін адамдарды өсіру, кадрлық шешімдердің арттырудың негізділігі және жариялылығы, шаруашылық және мемлекеттік шешімдерді кадр саясатының негізгі элементтерімен байланыстыра білу.

1. Адам қызметін басқару және топты басқарудың теориялық негізін қалаушылар
"Классикалық" мектепке тән адам факторын жете бағаламау, адамның мінез-құлқының себептері туралы түсініктерде немқұрайды қарау өткір сынға алынды. Ол американ басқару теориясындағы екінші негізгі мектеп - "адамдық қатынастар" немесе "адам мінез-құлқы" доктринасының пайда болуына себеп болды. Бұл мектептің зерттеу тақырыбы өндіріс процесіндегі адамдардың мінез-құлқының (жүріс-тұрысының) психологиялық себептері, "топтық қатынастар", "топтық нормалар", "дау-жанжал мен ынтымақтастық" мәселелері, "коммуникациялық барьерлер, кедергілер, "бейресми (тіркелмеген) ұйым" болды.

2. Басшылық билік, ықпал ету және серіктестік
Билік - бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі. Ықпал ету - бір адамның екінші адамға қарым-қатынасын, жүріс-тұрысын өзгеруге алып келетін әрекеті. Басқару тұрғысынан лидерлік дегеніміз ұйымның мақсаттарына жету үшін жекелеген тұлғалар мен топтарға ықпал ету қабылетін айтамыз.
Фрэнч пен Рэйвеннің классификациясына сай биліктің 5 түрі бар:

Менеджерлер мен әкімдер (администраторлар). Әрбір ұйымда қызметкерлердің үш типі болады. Біріншіден, іс-әрекет жасауда білгір техниктер бар. Олар өз назарын орындалатын тапсырмаға шоғырландырады; олар саясат мәселелеріне терең үңілмейді; оларды жұмыс не үшін емес, қалай атқарылатыны қызықтырады.

Менеджерлер мен лидерлер. Әдетте лидерге қарағанда, менеджер болу үшін әлдеқайда көп нәрсе қажет.
Лидерлік - менеджер жұмысының бір бөлігі ғана. Әйтсе де, лидерлік басқаруда табысқа жетудің қалаулы, тіпті қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Лидерлік мәртебе мен билік функциясы ғана емес, лидер мен оның ізбасарлары арасында орын алатын өзара қарым-қатынастар, өзара әрекеттестіктер сапасының функциясы болып табылады. Бұл жерде мәселе қарамағындағыларға билік жүргізу емес, оларға ықпал етуде. Осыған орай кейбір жағдайларды қарастырайық.

3. Бұл сипаттаудағы кейбір негізгі сәттер түсіндіруді талап етеді
Ықпал ету процесі. Егер менеджер басқаруы тиіс болса, лидер еліктіруі тиіс. Ол қарамағындағылармен байланыс пен өзара әрекеттестік орнатуы тиіс. Лидерлік - төтенше қажеттілік туындалған кезде жүзеге асырылатын эпизодтық әрекет емес. Бұл – менеджер тарапынан болатын үздіксіз күш салулар. Менеджер өз адамдары өздерінің ой-пікірлеріне, мақсаттарына, мінез-құлықтарына ықпал етуге жол берген жағдайда лидер болып табылады. Ықпал ету менеджерді оның қарамағындағыларды қолдайтындығын, олар одан кеңестер мен бұйрық күтетіндігін, олар оны өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, мақсаттарына жетуге көмектесуге қабілетті деп санайтындығын білдіреді. Ықпал ету процесі негізінде бір адам басқа біреуге, немесе адамдар тобына ықпал ететін әсер жатыр.

4. Басқару стильдері
Басқару туралы әдебиеттерде теорияның үш тобы бар: мінез-құлық ерекшеліктері теориясы, бихевиористік теория, жайттық теориялар.
Басшының мінез-құлқы ерекшеліктері теориясы. Басшылық туралы зерттеулер басшылардың жеке бас қасиеттерін анықтауға бағытталған. Бұл көзқарас тиімді басшыға ақыл, дене бітімі және т.с.с. белгілі бір сипаттамалар тән деген жорамалға негізделеді.
Интеллект (ойлау қабілеттіліктері). Зерттеулер басқару шеберлігі сөйлеу шеберлігімен, басшының пайымдау және эрудициясымен ұштасады деген тұжырымға әкелген. Ал ойлау қабілетінің деңгейі бұл адам басшы ролінде қаншалықты табысқа жететіндігінің дәл көрсеткіші болып табылады.

Қорытынды
Осылайша, қазіргі кезде ұйымдардағы персоналды микродеңгейде басқарудың тиімді жүйесі әдістер мен ережелер және жекелеген қызметкерлер мен бастапқы ұжымдарды басқаруды жолдарын таба білу болып табылады.
Мысалы американдық фирмалардың көпшілігі жұмысқа қабылдау кезінде мына кезеңдерден өтеді:

Қолданылған әдебиеттер
1. Виссема Х. «Менеджмент в подразделениях фирмы»:Пер. с англ. – М.: ИНФРА-М, 1996г.
2. Друкер П.Ф. «Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы»: Пер. с англ. М., 1992г.
3. Карлоф Б. «Деловая стратегия: концепция, содержание, символы»: Пер. с англ. – М.: Экономика, 1991г.
4. Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С. Менеджмент: Оқулық. - Алматы; Қазақ университеті, 1998.