Реал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі
Біз мектепте көбіне идеал жүйелердің заңдылықтарын оқимыз. Ең алдымен идеал газдың заңдылықтарын еске түсірейік. Идеал газ деп молекулаларының арасында алыстан әсерлесу потенциалы жоқ, әсерлесу тек молекулалар өз-ара соқтығысу кезінде ғана болатын газды айтады. Егер біз осындай газдың күй теңдеуін білсек, ол теңдеуден газда болатын процесстердің, және басқада заңдылықтарын шығарып алуға болады.
Идеал газдың күй теңдеуін ғылымда Клапейрон –Менделеев теңдеуі деп атайды. Массасы m-ге тең газ үшін бұл теңдеуді былай жазады:
Сондықтан олардың химиялық реакцияға қатысуы өте қиын мәселе. Сол себепті оларды инертті газдар деп атаған. Ол газдардың физика –химиялық қасиеттері өте ұқсас. Егер де мәселені өте дәл қарастырғымыз келсе молекулалардың әр сорты үшін әр түрлі күй теңдеулерін жазуға тиіспіз. Күйдің дәл теңдеуі вириал теңдеулеріндегі түрлі вириал коэффиценттері арқлы өрнектеледі. Міне сол себепті осы уақытқа дейін әр түрлі заттардың қасиеттерін зерттегенде әртүрлі жуықтап алған күй теңдеулерін пайдаланып келген. Сөйтіп, инертті газдар үшін жай газ күйінде де, олардың параметрлері біртұтас үлесімді масштабта болса, онда сұйық бетіндегі қаныққан буларының қасиеттері де осындай үлесімді параметрлерімен сипатталуы тиіс. Сол тәрізді осы газдардың қатты күйлерінен сұйыққа ауысу фазалық қисығының айналасындағы құбылыстарда осы суреттемеден сыртқа шықпауы тиіс. Біз бұл жерде мұндай мәселелерді қарастыруды кейінге қарлдыра тұрып, бір айрықша мәселеге тоқтала кетпекпіз. Атап айтқанда радон Rn газы да инертті газ тобына жатады. Біз, бірақ оның қасиеттеріне жоғарыда тоқталмай кеттік.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Матвеев А.Н. Молекулярная физика, М. 1987.
2.Reid R.C. , Parasite I.M. , Poling B.E. The properties of goes and Liquids, N.Y.1987.
3. Rabiovich V.A. Thermodynamical properties of Ne, Ar, Kr, Xe, W. 1988.
4. Смирнов Б.М. Успехи физических наук. 1994, 164, 1165.
5. Елецкий А.В., Смирнов Б.М. Успехи физических наук 1995, т 165, с977.