Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ақша экономикалық жүйедегі ақшаның қажеттілігі экономикалық мәні мен ролі


Жоспар
Кіріспе 3
І. Ақша түрлері және оның қызметтері 4
1.1 Ақша түрлерінің өзгеруі 4
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері 7
ІІ. Ақша теориясы және ақшаның экономикадағы ролі 15
2.1 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы 15
2.2 Ақша теориясы және оның эволюциясы 16
2.3 Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе
Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіреулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.

І. Ақша түрлері және оның қызметтері
1.1 Ақша түрлерінің өзгеруі
Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін әр түрлі тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз немесе қой атқарса, шөл және шөлейт жерлерде - түйе, қысы ұзақ тундрада - бұғы атқарды. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетінде сақталғаны соншалық кемін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Мысалы, латын сөзі «пекус» - «мал», ал «пекуня» «ақша»; үнділердің ақша өлшемі «рупия» - «рупа» деген сөзден шыққан.
Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген «капитал» деген сөздің шығу тарихы да мал атауымен байланысты көрінеді, өйткені ескі герман тілінде меншігінде көптеген мал басы болса, оның байлығын «капитал» деп атаған.

1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше, толық құнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.

ІІ. Ақша теориясы және ақшаның экономикадағы ролі
2.1 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы
Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша - кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.
Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл-ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп таниды. Осы кезге дейін шығарылған барлық дүниежүзілік алтын 90 мың тоннаға жуық болған. Осы мөлшердің 60 мың тоннадан астамы XX ғ. шығарылса, ал оның тең жартысына жуығы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шығарылды.
Осы және басқа да бірсыпыра себептерге байланысты әлемде біртіндеп алтынды ақша материалы ретінде қолдану тоқталды.

2.2 Ақша теориясы және оның эволюциясы
Ақшаның өндіріспен байланыстылығы талайдан белгілі. Ақша кез келген экономикалық жүйенің маңызды элементі болып табылады. Ақшаның ролін бағалау және экономиканың дамуына ақша жүйесінің әсерін пайымдауға байланысты бірнеше ақша теориясы бар.
Үш ақша теориясын атап айтуға болады – металдық, номиналдық и сандық.

Қорытынды
«Ақша - зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы». Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.
Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісімшарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Байгісиев. М.Ә. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы. 1998.
2. Жүнісов. Б ,, Нарықтың экономикалық негіздері,, Алматы 1994.
3. Нұрпейісов. Ж ,, Экономикалық теория негіздері,, Алматы 1996.
4. Соколова О.В. Финансы, деньги, кредит. – М:, «Юрист».2001.
5. Борисов Е.В. Экономическая теория. Учебник. - М.: Юристъ. 1997.
6. Долан Эдвин Дж. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика.-М.,1999.
7. Кэмпбелл Д.К., Розмари Дж.Кемпбелл. Эдвин Дж.Долан. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. - Москва-Ленинград, 1995.
8. Макконелл К.Р., Брю С. Экономикс: принципы, проблемы и политика. - М..1993.
9. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.