Сот билігінің конституциялық-құқықтық негіздері
Жоспар
Кіріспе 3
1-тарау. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы 5
1.1 Қазақстандағы сот билігі: түсінігі, белгілері және функциялары 5
1.2 Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес принциптері 18
1.3 Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы 31
1.4 Қазақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі 37
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы Сот билігінің жүйесі 42
2.1 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 46
2.3 Жалпы юрисдикциялық соттар 49
2.2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері 54
3-тарау. Сот билігі жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері 59
3.1 Қазақстанның сот жүйесін демократияландырудың өзекті мәселелері 59
3.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесіне алқа заседательдері институтын енгізу мәселесі 62
Қорытынды 68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 70
Қосымша материалдар 73
Реферат 75
Кіріспе
1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған Ата Заңымыздың 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.
Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
1-тарау. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы
1.1 Қазақстандағы сот билігі: түсінігі, белгілері және функциялары
Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптастыру тарихы – қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды.
1.2 Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес принциптері
Конституция мен соттар туралы Конституциялық Заңда сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатыны айқындалған. Ғылыми әдебиетте сот төрелігі ұғымы оның түрлі қырларында ашылады. Авторлардың көпшілігі сот төрелігінсот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу жөніндегі қызметі ретінде айқындайды. Осы анықтама, сондай-ақ ҚР Конституциясының 75 және 78-баптары мен соттар туралы Конституциялық Заңның нормаларын талдау сот төрелігінің мәнін, мазмүнын және мағынасын ашатын негізгі спецификалық белгілерін бөлуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады.
1.3 Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Сот билігі барлық өркениетті мемлекеттерде тұтас сот органдарына жүктелген белгілі, олардың әрқайсысы жүйедегі орнына қарамастан нақты істерді дербес шешеді.
Демократиялық қоғамда сот билігінің әлеуметтік ролі түрлі заң тартыстарда құқық үстемдігін қамтамасыз етуде көрінеді. АҚШ-тың француз зерттеушісі Алексиса де Токвила «Демократия в Америке» кітабында әлеуметтік ролін өте дәл келтірген: «Сот төрелігінің ұлы мақсаты зорлық мұратын құқық мұратына өзгертуден, үкімет пен олар пайдаланатын күш арасында құқықтық бөгет орнатудан тұрады». Сот төрелігі мемлекеттік зорлықты өркениет шеңберіне шығарып қана қоймай, құқық негізінде жеке субьектілер арасындағы тартыстарды да шешеді. Осылайша, сот билігі қоғамдық қарым-қатынасқа әсер ететін пәрменді құрал болып табылады. Қоғамның құқық танымы деңгейі жоғары батыс мемлекеттер үшін сот шешімінің орындалмауына жол беру мүмкін емес әрі кешірілмейді.
1.4 Қазақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі
Сот құрылысында барлық деңгейдегі судьялар айрықша орын алады, өйткені судья – бұл Қазақстан Республикасындағы сот билігінің өкілі. Ол конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде орындау өкілеттіктеріне ие. Обьективті және байыпты сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында судьяларға белгілі бір талаптар қойылады:
Ол талаптар төмендегідей:
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы Сот билігінің жүйесі
Әлеуметтік тәжірибенің салалық жағынан жаңа жағдайларына біршама бейімделе бастаған сот жүйесі өзінің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғам мен жеке адамға қатысты мемлекеттік құқық қорғау міндетін жүзеге асыру жөніндегі қызметінде барған сайын елеулі маңызға ие болады.
Қарастырылудағы мәселе шеңберінде, ең алдымен, мына жайт назар аударуға тұрады: қазіргі кезде Қазақстан Республикасының сот құрылысы республиканың бұрынғы сот жүйесінің оңды жақтарын сақтай отырып, елеулі өзгерістер жасады. Бұған қысқа мерзім ішінде Республикамызда сот құрылысы мен сот органдары қызметін жетілдіруге бағытталған жоғары мемлекеттік деңгейде бірқатар шаралар қабылданғанын қосу керек.
2.1 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Аз ғана кезең ішінде мемлекетімізде конституция қағидаларына сәйкес Жоғарғы Сот басқаратын біріңғай сот жүйесі құрылды. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (1993) сот билігінде үш жоғары орган( Конституциялық Сот , Жоғарғы Сот, Жоғарғы Төрелік Сот) болған еді. Бірақта, мұндай құрылым алғашқы кезеңде ойлағандай нәтижелер бермеді. Ресей Федерациясы үлгісімен құрылған егемен Қазақстандағы сот билігі жоғары эшалонның жұмысы, бейнелеп айтқанда И.А.Крылов мысалының кейіпкерлері: «аққу көкке, шортан суға, шаян қырға тартқаны» сияқты болып шықты. Сот билігі жоғары құрылымындағы сәйкессіздіктің салдарынан бүкіл заң жүйесінде дағдарыс дертінің белгілері байқала бастады. Енді міне , біздер қазір Жоғарғы Сот қана азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады.
2.3 Жалпы юрисдикциялық соттар
Республика сот жүйесінің негізгі буыны – облыстық және оларға теңестірілген соттар. Алматы және Астана қалаларының соттары болып табылады.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес, облыстық және оларға теңестірілген соттарды уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Облыстық сот төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Облыстық сот органдарына:
3-тарау. Сот билігі жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері
3.1 Қазақстанның сот жүйесін демократияландырудың өзекті мәселелері
Қазақстан республикасының « Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданды. Заң қабылдағаннан бері 6 жыл өтті, ал әділеттілікті жүзеге асырушылардың қызметінде қандай өзгеріс болды?
Көптеген теориктер Қазақстандағы сот реформасы аяқталды деп есептейді, ал практиктер 5-6 жыл ішінде толығымен тиімді жұмыс істейтін инфрақұрылым құру қиын деп санайды.
Сонау 1994 жылы ҚР Президентінің қаулысымен құқықтық реформаның мемлекеттік программасы бекітілген болатын. Бұл программа бойынша заң шығару, сот жүйесі, әділет органдары, прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік саласында түбегейлі өзгерістер көзделген болатын. Егемендік алған жылы мемлекетке демократияландыруға бағытты жария ету жеткіліксіз, ол үшін тиісті құқықтық база қажет. Сол жылдары заң шығару саласы жақсы дамыды (бір жыл ішінде 140 заң қабылданды), бірақ осы заңдардың атқаруында қиындықтар болды, себебі судьялардың көбісі бұрынғы кеңестік қатаңдықты ұстанған болатын.
3.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесіне алқа заседательдері институтын енгізу мәселесі
Конституцияның 75-бабының 2-тармағына сәйкес, Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізі алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Әділет Министрлігінің қолдауымен Парламентке алқалы заседательдері туралы заң жобасын ұсынды.
Қорытынды
Қазақстан Республикасындағы «сот билігі» институты туралы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік тоқтамдар мен ұсыныстарды аяқталды деп есептеуге әлі тым ерте.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың мазмұнына жүгінсек, аталған тақырыптың кең ауқымын, өміршеңдігін байқауға болады.
Сот жүйесін дамытуда жасалған маңызды жетістіктер: алқа заседательдері институтын енгізу мәселесінің нақты түрде қаралуы, экономикалық және әкімшілік соттардың құрылуы. Сот реформасы жақсы дамығанымен, судьялар өздеріне берілген құзырет шегінде үлкен мөлшердегі жұмысты атқаруға мүмкіндіктері жоқ. Сонымен бірге заңдар мен Конституция арасында сәйкессіздік болатын жағдайлар, судьяларды негізгі қызметінен оқшауландырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Нормативтік актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конституция Республики Казахстан. Алматы: «Қазақстан», 1998, 96-б.
2. «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы // Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002. – 154б.
3. «Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» 2001 жылғы 28 мамырдағы № 203-II ҚР Заңы.
4. «Әділет біліктілік алқасы туралы» 2001 жылғы 11 шілдедегі № 234 ҚР Заңы.
2. Арнайы әдебиет:
1. Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.