Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері


Жоспар
1 Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері 3
1.2 Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау 4
1.3 Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға м жбүр ету 6
1.4 Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері 7
1.5 Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу 8
1.6 Әскери қызметшіге тіл тигізу 9
1.7 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар 9
1.7.1 Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету 9
1.7.2 Қашқындық 11
1.7.3 Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару 12
1.8 Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар 13
1.8.1 Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу 13
1.8.2 Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу 14
1.8.3 Қарауыл қызметін (вахта) атқарудың жарғылық ережелерін бұзу 15
1.8.4 Ішкі қызмет атқарудың және горнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу 16
1.8.5 Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру 17
1.8.6 Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру 18
1.8.7 Әскери мүлікті жоғалту 19
1.8.8 Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу 19
1.8.9 Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу 20
1.8.10 Ұшу немесе оған даярлау ережелерін бұзу 21
1.8.11 Кеме жүргізу ережелерін бұзу 22
1.9 Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар 22
1.9.1 Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту 22
1.9.2 Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі 23
1.9.3 Қызметке селқос қарау 24
1.9.4 Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету 25
1.9.5 Тұтқынға өз еркімен берілу 25
1.9.6 Тонаушылық 26
Әдебиеттер 27

1 Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері
Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған. Қылмсыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген.

1.2 Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
Қылмыс объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыс құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың заңды бұйрығын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау-яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, заңды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамауы болып табылады.

1.3 Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға м жбүр ету
Қылмыс объективтік жағынан бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы міндеттерді бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы, мәжбүр ету арқылы сипатталады.

1.4 Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері
Қылмыс объективтік жағынан алғанда бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде бастыққа күш қолдану әрекеттері екі түрлі жағдайда:

1.5 Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу
Қылмыс объективтік жағы бойынша бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу арқылы сипатталады.

1.6 Әскери қызметшіге тіл тигізу
Қылмыс объективтік жағынан әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе оны атқарумен байланысты бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл тигізу арқылы сипатталады. Тіл тигізу деп әскери қызметшінің ар-намысын аяққа басатын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін әрекеттерді айтамыз. Көрсетілген баптың диспозициясына сәйкес бір әскери қызметшінің екінші бір әскери қызметшіге тіл тигізу қылмыс деп қарастырылады.

1.7 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар
1.7.1 Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
Қылмыс объективтік жағынан шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші, әскери қызметшілер жұмыс жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу-арқылы сипатталады. Әскери қызметшінің бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен бастықтың рұқсатынсыз тастап кетуге құқы жоқ.

1.7.2 Қашқындық
Қылмыстық заңда қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу деп белгіленген (373-баптың 1-тармағы). Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Отанды қорғау әрбір азаматтың міндеті және азаматтық борышы, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңдарға сәйкес азаматтар Қарулы күштер қатарына олардың еріктілік жағдайында шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады.

1.7.3 Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару
Қылмыс объективтік жағынан әскери қызметшінің ауруды сылтау ету немесе өзіне қандай да бір болмасын зақым келтіру (дене мүшесін зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтіру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы арқылы сипатталады. Ауруды сылтау етуге өтірік соқыр, керең, мылқау болып көрінулер арқылы әскер қызметі міндетін өткеруден жалтарады.

1.8 Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар
1.8.1 Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу
Қылмыс объективтік жағынан Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті (жауынгерлік қызмет) атқарудың ережелерін бұзу, егер де бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы арқылы сипатталады.

1.8.2 Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу
Қылмыс объективтік жағынан шекаралық нарядтың құрамына кіретін немесе шекаралық қызметтің өзге де міндеттерін атқарушы адамның шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы Заңына сәйкес мемлекеттік шекараны күзету.

1.8.3 Қарауыл қызметін (вахта) атқарудың жарғылық ережелерін бұзу
Қарауыл (вахта) қызметі Қазақстан Республикасы Қарулы күштердің қарауыл қызметі жарғысымен реттеледі. Қарауыл қызметі жауынгерлік міндетті атқаруға жатады және жеке құрамнан Жарғыда көрсетілген барлық талаптарды мүлтіксіз орындауды, аса қырағылықты және батылдықты талап етеді. Қарауыл қызметі мемлекеттік немесе әскери объектілерді, әскери жасауларды, тәртіптік батальон мен гауптвахтаны күзету үшін белгіленеді.

1.8.4 Ішкі қызмет атқарудың және горнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу
Қылмыс объективтік жағынан бөлімнің тәуліктік нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кіретін адамның ішкі қызмет атқарудың жарғылық ережелерін бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін және осы ережелерді дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкімдерді бұзуы, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның міндетіне кіретін болса деп сипатталған.

1.8.5 Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру
Қылмыстың заты қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери көлік құралдары, түнде көретін приборлар, өзге де әскери мүліктер. Қылмыс объективтік жағынан қару-жарақты, оқ-дәріні, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру арқылы жүзеге асырылады. Құрту деп көрсетілген заттарды толық жою арқылы оны өзінің тікелей мақсатында пайдалана алмайтын жағдайға келтіруді айтамыз.

1.8.7 Әскери мүлікті жоғалту
Қылмыс объективтік жағынан қызметте пайдалану үшін сеніп берілген қару-жарақты, оқ-дәріні немесе әскери техника заттарын сақтау ережелерін бұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соғу арқылы сипатталады.

1.8.8 Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу
Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрілерді, радиоактивті материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтірсе, әскери мүліктің жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса осы қылмыс құрамы орын алады. Қылмыс объективтік жағынан заң диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзу мен зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады.

1.8.9 Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу
Қылмыстың затына әскери: арнаулы немесе көліктік машиналар жатады. Әскери машинаға танкі, бронекөлік, өздігінен қозғалатын ракеталық және артиллериялық қондырғылар, арнаулы машинаға-құрылыс, өрт сөндіру, медициналық, жөндеу жұмысын жүргізуге пайдаланылатын техникалар жатады.

1.8.10 Ұшу немесе оған даярлау ережелерін бұзу
Ұшу немесе оған даярлану, сондай-ақ әскери ұшу аппараттарын пайдалану Қазақстан Республикасы Әуе кодексімен, тағы да басқа арнайы нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Қылмыс объективтік жағынан абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ержелерін бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерін бұзу арқылы көрініс табады. Яғни қылмыстың объективтік жағының белгілері:

1.8.11 Кеме жүргізу ережелерін бұзу
Қылмыстық кодекстің осы бабында абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелерді жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Объективтік жағынан қылмыс:

1.9 Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар
1.9.1 Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту
Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарына қабылданған әрбір әскери қызметші әскери құпияны қатаң сақтауға, әскери құпиясы бар құжаттарды заңда белгіленген тәртіппен қорғауға ант қабылдайды. Қылмыстың заты әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттар.

1.9.2 Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі
Қылмыстың тікелей объектісі-әскери басқару аппаратының белгіленген қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан бастықтың немесе лауазымды адамның билікті немесе қызмет бабын теріс пайдалануы, билігін немесе қызметтік өкілеттігін асыра қолдануы, сол сияқты пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделілікте жасаған және елеулі түрде зиян келтірген биліктің әрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Яғни қылмыс объективтік жағынан үш түрлі жеке қылмыс құрамынан құралады:

1.9.3 Қызметке селқос қарау
Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауынан елеулі түрде зиян келтірілсе-кінәлы адам Қылмыстық Кодекстің 381-бабының 1-тармағы бойынша, ал ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет үшін жауаптылық осы баптың 2-тармағы бойынша белгіленген.Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер үшін жауаптылық көрсетілген баптың 3-бөлігінде белгіленген.

1.9.4 Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету
Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету әскери борыш пен антты бұзудың ауыр түрі болып табылады. Осыған орай бастықтың өзіне сеніп тапсырылған әскери жүктерді жауға беруі, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекіністерді, әскери техниканы және соғыс жүргізудің басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса ол үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 383-бабында көзделген.

1.9.5 Тұтқынға өз еркімен берілу
Тұтқынға өз еркімен берілу мемлекетке опасыздықтың арнаулы түрі, әскери қызметтен жалтарудың ең қауіпті нысаны болып табылады. Әрбір әскери қызметші ең қиын деген жағдайлардың өзінде Отан алдындағы борышын адал атқаруға, тұтқынға өз еркімен берілмеуге міндетті. Қорқақтық немесе жігерсіздік салдарынан өз еркімен тұтқынға берілгендік үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 384-бабында көзделген. Қылмыс әрекет арқылы өз еркімен тұтқынға берілу жолымен жүзеге асырылады.

1.9.6 Тонаушылық
Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын талан-таражға (тонау) салу- тонаушылық деп танылады (Қылмыстық Кодекстің 385-бап). Қылмыс объективтік жағынан алғанда өлгендердің, жараланғандардың заттарын талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Талан-тараж ашық, жасырын түрде бөтеннің мүлкін өз меншігіне айналдыру мақсатында жүзеге асырылады.