Дебиторлық берешектің есебі
Жоспар
Кіріспе 3
1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.2 Дебиторлық берешекті беру-сату 6
2 Дебиторлық берешектер бөлімінің есебі 10
2.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берешегінің есебі 10
2.2 Күмәнді дебиторлық берешектер есебі 13
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешектерінің есебі 16
2.4 Басқадай дебиторлық берешектердің есебі 17
2.5 Алдағы кезең шығындарының есебі 20
2.6 Берілген аванстар есебі 22
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер - Дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
1.2 Дебиторлық берешекті беру-сату
Дебиторлық берешекті беру-сату мәміле жасау кезінде тараптардың қарым-қатынасы туындайтын міндеттемелерді орындауға бағытталған. Қызмет көрсету, тауарлар сату кезінде тараптардың бірі – дер кезінде ақы төленеді деп ойлайды. Егер мәміле бойынша ақы алдын – ала төленген болса, одан әрі қиындық туындамайды. Егер сатып алушы көзделген мерзімде есеп айырыспай, соның себебінен сатушыда дебиторлық борыш сомасының туындауына әкеп соқтырса, қиындықтар туындайды. Одан кейін сатушының сатып алушыдан борышты акцептсіз өндіріп алуы мүмкін болмайды, өйткені өзара есеп айырысудың негізгі нысаны акцепттік тәртіппен, яғни сатып алушының келісімі бойынша көзделген.
Дебиторлық берешектің ауқымына байланысты кәсіпорында айналымнан қаржыларды оқшауландыру, ақшалай қаражат айналымдылығы мерзімдерінің баяулауы және дебиторлық борышты қайтару мерзімінің ұзақтығы пайда болады.
Тауар запастарымен салыстырғанда дебиторлық берешек – бұл ақшалай қаражаттың (ақы төлеу) келіп түсуі жолындағы бір қадам алға басу. Алайда «Қысқа қадам» сияқты болып көрінетін осы соңғы қадам көбінесе бола бермейді. Іс жүзінде пайда болған дебиторлық берешектен кейін 90 күн өткеннен соң сатушы күдіктенеді де, белгілі бір іс-қимылдар жасай бастайды, бірақ олар әрдайым ойдағыдай аяқтала бермейді.
2 Дебиторлық берешектер бөлімінің есебі
2.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берешегінің есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың «сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
2.2 Күмәнді дебиторлық берешектер есебі
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе қызмет үшін уақытылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ берешекті талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады.
Әрбір кәсіпорын тек төлеуге қабілетті сатып алушының болғанын қалар еді. Алайда, өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, ол әрқашанда барлығына бірдей табыла бермейді. Сондықтан тауарларды несиеге сатқан кәсіпорындарда белгіленген мерзімдерде төлемейтін клиенттер әрқашанда болып табылады.
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешектерінің есебі
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің қарыздарын есепке алу үшін Бас шоттар тізбегінде 32 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары» бөлімшесі қарастырылған.
Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді:
2.5 Алдағы кезең шығындарының есебі
Шаруашылық қызметінің барысында кәсіпорында келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызылатын шығындар туындайды, яғни пайда болады. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша; жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша; өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процесстер бойынша; егістік жерлерді қайта өңдеу; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастырған жағдайда жұмысшыларды жаппай жұмысқа қабылдаған кезде; техникалық әдебиетке, газеттерге және журналдарға жазылған кезде; алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындары жатады.
Қорытынды
Қорыта келгенде дебиторлық берешек тақырыбы мен үшін өте қызықты. Бұл тақырып қазіргі нарықтық экономика кезінде өте керекті болып табылады. Қарыз алушы кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді тікелей қолма-қол ақшаға емес, қарызға алады. Сондай кезде әрбір кәсіпорын мен ұйым дебитордың берешек шотын ашады. Ондағы бөлімдерді аша алмауы мүмкін. Бірақ та кішігірім кәсіпорындар осы бөлімдегі күдікті қарыздар бойынша резервтер, еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы шоттарын ашпайды. Себебі қор құру үшін кәсіпорында қор құруға пайдадан ақша бөліну керек. Егер кәсіпорынның пайдасы өте үлкен болмаса, онда ол кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көп есептер болмайды. Және де үлкен кәсіпорындар мен ұйымдардың ғана серіктестіктері болады. Ал егер серіктестіктері болса онда ол міндетті түрде осы бөлімшені ашады. Жалпы бұл тақырыпты үлкен дамыған фирма немесе кәсіпорынның нысанында ғана қарастыруға болады.