Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Баяндама

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

1С Кәсіпорын жүйесінің тұжырымдамасы

Жоспар
1 1С:Кәсіпорын жүйесінің тұжырымдамасы 3
2 Жүйе (объекті) түсінігінің қысқаша сипаттамасы 4
3 Бағдарламаның объектілерімен жұмыс істеу дәйектілігі 7
Қолданылған әдебиеттер 13

1 1С:Кәсіпорын жүйесінің тұжырымдамасы
1С:Кәсіпорын кәсіпорынның қызметінің автоматизацияланған жан-жақты жүйесі болып табылады. Өзінің жан-жақтылығына байланысты «1С:Кәсіпорын» жүйесі қоймадағы қорларды есепке алудың әртүрлі схемаларына, өзара есептесулерге, есеп айырысу шотындағы және кассадағы қаражаттарға, несиелерге, консигнацияларға және тағы басқаларға келтірілуі мүмкін. Бағдарламаны қосқаннан кейін жұмыс істейтін аймақтың терезесінен Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейтін, кез-келген бағдарламаның терезесінде бар элементтерді көруге болады.

2 Жүйе (объекті) түсінігінің қысқаша сипаттамасы
Константтар. Жүйеде ақпараттың тұрақты және шартты-тұрақты жұмыс істеуіне «Константа» типіндегі объектілер қолданылады. Әдетте мынандай константалар енгізіледі, олар: «Кәсіпорынның аты», «ҚҚС ставкасы», «Бас бухгалтердің аты-жөні», минималды еңбек ақының мөлшері және т.б.
Жүйеде константаның шексіз мөлшері сипатталуы мүмкін.
Анықтамалар. Бір типті объектілердің мәліметтерін сақтауға арналған, ал олар құжаттарды толтыру мен аналитикалық есепті жүргізу барысында қолданылады. Әдетте анықтамалар болып негізгі құралдардың, материалдардың, мекемелердің, валюталардың, әріптестердің және басқалардың тізімі табылады.

3 Бағдарламаның объектілерімен жұмыс істеу дәйектілігі
Бағдарламадағы жұмыстың негізгі кезеңдері:
1) Константаны толтыру. Константа тізімі бағдарламадағы қолданылатын және айқын барлық константадан тұрады. Тізімнен әрбір константаға үш параметр анықталады.
- константаның коды;
- константаға түсінік болып табылатын, константаның аты;
- қалыптасқан үлгі бойынша константаның мағынасы ( жол, сан, уақыт және т.б.)
2) Қалдықтарды есептеу және кіргізілген қалдықтардың енгізілген мерзімдегі кезеңін орнату.
3) Кәсіпорынның шаруашылық есебінің шоттары бойынша бастапқы қалдықтардың енгізілуі.
Осы кезеңде Операциялар Журналы қолданылады. Қалдықтарды енгізуде 000 жалған шоты қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер
1. 1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана. Учебная версия. Москва. Фирма «1С», 2007,432 с.
2. 1С:Бухгалтерия 8. Электронный учебник. Учебная версия. Москва. Фирма «1С» , 2007,432 с.
3. Видеокурс 1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана. Учебная версия. Москва. Фирма «1С» , 2007.
4. 1С:Бухгалтерия 7.7. Электронный учебник. www.mista.ru.