Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары


Жоспар
Кіріспе 3
1 Бағалы қағаздар рыногы, оның мәні және негізгі белгілері 4
2 Қор биржасы 8
2.1 Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы 8
3 Бағалы қағаздардың түрлері 10
Қортынды 13
Қолданылған әдебиеттер 14

Кіріспе
Жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа экономикалық саясатқа көшу еліміз экономикасына өзгеше іс-әрекеттердің, яғни жаңа қаржы институттарының құрылуын талап етті. Олардың қаттарына коммерциялық банктердің, қаржы ұйымдарының, әртүрлі рыноктардың қалыптасуын жатқызуға болады. Бұл өзгеріс Қазақстандағы нарықтық қатынастарды орнату болып табылады.
Өйткені, экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей бұл даму жолы экономикалық, әлеуметтік тиімділікті айқындатады.

1 Бағалы қағаздар рыногы, оның мәні және негізгі белгілері
Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар рыногы— шаруашылық үргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін артыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының— бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады.

2 Қор биржасы
2.1 Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы
Басқадай сауда — саттықты ұйымдастырушы.
Бағалы қағаздар — иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүлікктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушысының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.

3 Бағалы қағаздардың түрлері
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиет хат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.

Қортынды
Құнды қағаз рыногы—Қазақстан қаржы жүйесіндегі жас салалардың бірі Егемендігіміздің бастапқы жылдарына қарағанда қарқынды дамуын байқауға болады. Сөйте тұра бір қатар ерекшеліктерін атап айтуға болады. Соның бірі — коммерциялық ұйымдар құнды қағазының мемлекет қағазына қарағанда өте аздығы. Бұл да бірқатар жұмыстардың жүзеге асуын талап етеді.
Сонымен акциялары ликвидті акционерлік қоғамдардың бұл нарыққа қатыспауы. Бұл біріншіден акция ұстаушылардың акцияны нарыққа шығару басқару құқығынан айырылу түсінігін береді деген түсініктің қалыптасуымен түсіндіріледі. Келесі қарастыратынымыз ақпарат, яғни ақпараттың аздығы. Сатып алушы эмитент туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етілмейді. Қатардағы адам қандай қағаз түрлері болатынын, олардың ерекшелігін біле білмейді.