Лизинг
Мазмұны
Кіріспе 3
І-бөлім Лизингтің негізгі теоретикалық аспектілері 5
1.1 Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні 5
1.2 Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері 7
1.3 Лизингтік қатынастардың субъектілері мен объектілері 33
II-бөлім Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері 35
2.1 Астана қласында лизинг негізінде транспорттық құралдармен қамтамасыз ету 35
2.3 Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі 37
2.3 Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі 37
2.4 Өндірістік кәсіпорындардың дамуындағы лизинг рөлі 42
2.5 Әртүрлі субъектілер үшін лизингтің артықшылықтары мен
кемшіліктері 46
III-бөлім Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар 52
3.1 Мемлекеттік реттеу 52
3.3 Лизинг кәсіпкер қаруы 67
Қорытынды 75
Әдебиеттер тізімі 77
Кіріспе
Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсу інсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді.
І-бөлім Лизингтің негізгі теоретикалық аспектілері
1.1 Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні
Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease етістігінен шыққан – мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. «Лизинг» терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар: Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген мүлікті меншікке алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.
1.2 Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері
Лизингтің негізгі екі түрі бар: ішкі және халықаралық.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші, лизинг алушы мен сатушы (жабдықтаушы) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Халықаралық лизингіні жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылады.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, халықаралық лизинг келісімі Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, онда халықаралық лизинг келісімі сыртқы экономикалық салада заңмен реттеледі.
Оған қоса, «Лизинг туралы» заңдылық лизингтің 3 негізгі типін реттейді:
Лизинг нысанасына меншiк құқығы
1. Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлген лизинг нысанасына меншiк құқығы, лизинг алушы лизинг шарты бойынша өзiнiң барлық ақшалай мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асыратын, лизинг шартының қолданылу мерзiмi өткенге дейiн (егер лизинг шартында мұндай өту көзделген болса) лизинг алушының меншiгiне лизинг нысанасы ауысқан жағдайларды қоспағанда, лизинг шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде лизинг берушiде сақталады.
2. Лизинг алушы жойылған немесе банкротқа ұшыраған кезде лизинг нысанасы лизинг берушiге қайтарылуға тиiс.
Лизинг алушы банкротқа ұшыраған кезде лизинг нысанасы конкурстық массаға енгiзiлмейдi.
Лизинг нысанасына тыйым салуға және оны тәркiлеуге жол берiлмейдi.
3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг нысанасын пайдалану нәтижесiнде алынған өнiм және өзге де табыстар, сондай-ақ лизинг алушы ажыратып алатындай дәрежеде жақсартқан лизинг нысанасы лизинг алушының меншiгi болып табылады.
4. Лизинг алушы өз қаражаты есебiнен және лизинг берушiнiң жазбаша келісімімен лизинг нысанасына зиян келтірмей ажыратуға болмайтындай дәрежеде жақсарту жүргiзген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, оның шарт тоқтатылғаннан кейiн осы жақсарту құнының өтемiн алуға құқығы бар.
5. Лизинг алушы лизинг берушiнiң келiсiмiнсiз жүргiзген ажыратуға болмайтындай дәрежедегi жақсарту құны, егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, өтелуге жатпайды.
6. Лизингке тапсырылған мүлiктiң меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға көшуi лизинг шартын өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды. Бұл орайда лизинг шартында айқындалған лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа меншiк иесiне көшедi.
Сублизинг
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн осы Заңда айқындалатын құқығы бар және жауаптылықта болады.
Сатушының құқықтары мен мiндеттерi
Сатушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына және сатып алу-сату шартына сәйкес белгіленеді.
Лизинг шарты лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының қатысуымен жасалған жағдайда сатушының құқықтары мен мiндеттерi лизинг шартына сәйкес белгiленедi.
Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi
1. Лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының жауапкершiлiгi лизинг шартында, сатып алу-сату шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
2. Лизинг нысанасын сатушы, сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнiнде, атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен жиынтыєтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тiкелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Бұл орайда лизинг алушы өзi аталған лизинг нысанасын сатып алу-сату тарабы болғандағыдай, сатып алынған лизинг нысанасына ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, сатып алушы үшiн Азаматтық кодексте көзделген құқықтарға ие болады және мiндеттеменi мойнына алады. Егер сатушы лизинг алушы қоятын талаптармен келiсетiн болса, онда лизинг алушыға лизинг нысанасын беру шарттарының кез келген өзгерiстерi (жиынтықтамалығы, жеткiзiлу мерзiмi және т.б.) мiндеттi түрде лизинг берушiмен келiсiлуге тиiс.
1.3 Лизингтік қатынастардың субъектілері мен объектілері
Лизингтік мәмілеге әдетте бірнеше субъектілер қатысады:
- Лизинг беруші - тартылған немесе өз ақшалай қаражатына лизингтік мәміле барысында жеке меншігіне мүлік алған және оны лизинг алушыға белгілі бір бағаға, белгілі бір жағдайда уақытша пайдалануға, кейіннен лизинг алушыға лизинг құралына меншік құқығы негізінде ұсынатын жеке және заңды тұлға.
- Лизинг алушы – лизинг затын белгілі бір бағаға, белгілі бір мерзімге және белгілі бір жағдайда уақытша иеленуге және лизинг келісіміне сәйкес пайдалануға қабылдайтын жеке және заңды тұлға.
- Мүліктің сатушысы (жабдықтаушы) – лизинг берушімен сатып алу-сату келісіміне сәйкес лизинг берушіге белгіленген мерзімде олар өндірген (сатып алған), лизинг заты болатын мүлікті сататын жеке және заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа несиелік мекеме), келісім затын сатып алуға қаржы ұсынушы.
Лизингтік қызмет нарығында төмендегідей арнайы субъектілерді бөліп қарауға болады:
II-бөлім Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері
2.1 Астана қласында лизинг негізінде транспорттық құралдармен қамтамасыз ету
Бүгінгі күні барлық мемлекеттерде несиенің лизингтік түрі өте кең тараған. Астана қаласында да транспорттық және өндірістік құрал-жабдықтарды лизингке беру үлкен өріс алуда. Бірнеше банктер осындай қызмет көрсетеді. Соның ішінде ТұранӘлем Банкі де үлкен орын алады.
2.4 Өндірістік кәсіпорындардың дамуындағы лизинг рөлі
Қазақстан Республикасында мемлекеттік эконоиканы көтеру мақсатында көптеген шаралар өткізіледі. Мемлекет тарапынан өте үлкен көмек келіп жатыр. Соның бірі – үлкен қаржы мөлшері бюджеттен бөлініп берілуі. Соның арқасында шағын бизнес өте қарқынды дамып келеді. Өндіруші салаға өте көп қаржы құйылып жатыр, өнеркәсіп саласы пайда әкелетіні бәріне мәлім болғаны бірден байқалады. Қаржылық несиелер көп пайда әкеле алмады, жәнете бөлініп жатқан қаражатты бөлу қажеттілігі туындады. Бірақ, көптеген, қаржыны қажетсінетін, субъектілер кепілдеме беретін мүмкіндіктері төмен, сондықтан қаржы жүйесінің қатысушы элементтері бұл мәселенің басқа шешу жолдарын іздене бастаған. Бұл мәселені шешуде шетелдік қаржы жүйесінің құрылымы өте маңызды рөл атқарған. Шетелдік лизингтік қатынас жүйесі өте тиімді шешім болып табылатыны отандық банкирлердің көздері жетті. Қазақстан Республикасының дәстүрлі өміріне сай болатын тиімді лизингтік қатынасы бар қаржылық жүйе құрастырылған.
2.5 Әртүрлі субъектілер үшін лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
Жағымды сәттері
Лизинг барлық лизингтің қатынастар субъектілері үшін қызықты: жабдық тұтынушысына, аталған жағдайда лизингтік компания өкілі болып табылатын инвесторға, инвестицияларды экономиканың ерекше салаларына бағыттау үшін лизингті пайдаланатын, мемлкетке және соңында лизинг нәтижесінде сенімді ұзақ мерзімдік пайдаға алуды ойлайтын банкке.
Аталған кезеңде Ресейде қалыптасқан экономикалық жағдайлардың ерекшеліктерін есепке алғандағы аса өзекті, лизингтің негізгі артықшылықтары мынада:
A) Мемлекет үшін. Қалыптасқан экономикалық жағдай мен инвестициялық белсенділікті қозғаудағы аса қажеттілікте лизингті дамыту мәселесі мемлекет үшін ерекше өзектілікке ие болуда.
Бұл қаржылық құрал инвестициялық қызмет үшін қаржылық қаражатты жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Өзінің механизмі арқылы өндірісті жабдықтау мақсатына инвестициялық ресурстарды кепілді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Мемлекет, лизингтік қызметті ынталандыра отырып, ол үшін мәселен, салықтық жеңілдіктерді пайдалана отырып, инвестицияларды қаржыландыруға бюджеттік ассигнациялауды едәуір азайта алады, олардың салалық құрылымдарының жетілдіру үдерісін тиімді басқаруға, қызмет көрсету саласы мен тауарлық өндірістің дамуына, экспорттық потенциалдың көтерілуіне, жеке меншікті ресейлік капиталдың Батысқа кетуін азайтуға, қосымша жұмыс күштерінің құрылуына, әсіресе, шағын кәсіпкерлік салада, басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге ықпал етеді.
B) Лизинг алушы үшін
Рентабельді жоба болғанда тұтынушы жабдықты алып, ірі, бір кездегі шығынсыз сол не басқа өндірісті бастауға мүмкіндікке ие. Бұл жаңа бастап жатқан ұсақ және орта кәсіпкерлер үшін өзекті.
Қорытынды
Лизинг инвестицияларды тартуға қабілетті, икемді және көп үміт күтерлік экономикалық иін тірек болып келеді, отандық өндірісті көтеруге мүмкіндік жасау, капиталды ел экономикасының маңызды саласына тарту, шағын бизнеске нақты қолдауды қамтамасыз етеді және т.б. Ресейдегі орасан зор потенциал осының көрінісі.
Үкімет, лизингке қолайлы жағдай саясатын декларациялар соңғы жылдары берік нормативтік база дайындады. өкінішке орай, заңмен анықталған барлық жеңілдіктер, орындарда нұсқаулықпен бекітілген және ал нақтылап алғанда орындалмайды.
Қорытындыда атап өту керек, лизинг несиені арзан ауыстыру болып табылмайды. Негізгі қаражаттың жабдығын қаржыландырудың белгілі артықшылығы бар, бірақ несиелеудің машықтары мен қаржылық ағындарды бағалау, қамтамасыз етілмеген несиедегі сияқты өте қиын. Басқа сөзбен айтқанда жетерлік қаражатсыз, бірақ жоғары тиімді жобамен істі бастау үшін, лизинг алушы үшін негізгі жағымды сәт жоғалады (соның ішінде шағын бизнес үшін), сондай-ақ, лизингте банктер кепілзатты талап етеді (лизингтік мәміленің объектісі жоба үшін бағалы болуы мүмкін, бірақ банктің шығынан жабу үшін, таратушылыққа сол шарада ие емес)
Осылайша, лизинг банктің «өз» клиенттерінің инвестициялық жобаларына қызмет көрсетудің тиімді құралына айналды. Бірақ Ресейдегі лизингтің потенциалы өте жоғары және мемлекет де және лизингтік компания да орасан зор жұмыс жасады.
Менің ойымша, біздің елімізде көлемінде келесі элементтері бар кешендік бағдарлама жетіспейді:
- өз қатарына: кәсіби мамандардың дайындығын, ұсынатын қызметтердің ақпараттық жариялауды қосатын, кең дамыған лизингтік қызметтің нарық инфроқұрылымы табылып, құрылушы еді;
- лизингтік мәмілердің ұзақ мерзімдік несиеленуінде (3 жылдан аса) банктің кең спектрлі жеңілдігін ұсыну;
- лизингте 100 пайыздық кепілзаттан сақтану үшін, кепілдік жүйесін дамыту (мәселен, сақтандыру);
- қабылданған шаралармен қатар (халықаралық лизинг келісім-шарттарындағы валюталық бақылаудың болмауы), лизинг көлемінде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша шаралар кешенін күшейту.
Осындай бағдарлама коммерциялық банктерді күмәнді, қауіп-қатерлі пайданы қысқа мерзімнің ішінде алудың орынына сенімді пайда алу үшін ресейлік экономиканы қаражатты ұзақ мерзімдік инвестициялауға бағыттауға итерер еді.
Бағдарламаның осындай түрі Ресейді лизингтік шудан бөліп отыр.
Қызмет көрсету лизингі немесе операциялық лизинг негізгі қаражатын ғана емес, сондай-ақ оның пайдалануын да қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ал лизбэк пен қаржылық лизинг қаржыландыруды ғана қамтамасыз етеді және несие көмегімен қаржыландырудың баламасы болып табылады.
Лизинг «баланстық есептен тыс» қаржыландыру болса, фирмалар егерде олар, қарызға алудан гөрі, лизингті пайдаланса, үлкен қаржылық левериджке ие болады. Бұл лизингтің артықшылығының бір себебі. Бірақ салықтар негізінен қаржылық лизингтің өсуінің басты себебі болып табылады. Лизинг салықтық жеңілдіктерді негізгі қаражатты пайдаланушыдан капиталды жабдықтаушыға беруге мүмкіндік береді және егерде бұл жақтар әртүрлі салықтық шарттарда болса, онда олар лизингтік келісімнен пайда таба алады. Қазір, қандай да мүмкіндік тиімді және іс жүргізу пайдалы болып отырғанда, мұндай салықтық және экономикалық жағдайдың қатаңдығында, аз шығынға ие болу өте маңызды, біздің елде де лизинг нарықтағы аса перспективті және тиімді нұсқасы деп қаралуы қажет.
Әдебиеттер тізімі
1. Финансовое управление компанией / Общ. ред. Е.В.Кузнецовой. – М.: Фонд «Правовая культура»
2. Финансовые и инвестиционные показатели деятельности американской фирмы. – М., 1991.
3. Черников Г.П. Фондовые биржы. – М., 1991.
4. Федоров Б.Г. Англо-русский толковый словарь валютно-кредитных терминов. – М., 1992.
5. www.bta.kz
6. www.zakon.kz
7. www.lising.kz
8. www.rambler.ru
9. www.yandex.ru
10. www.esep.kz
11. www.natonalbank.kz
12. www.kazstat.kz
13. Закон Республики Казахстан «О финансовом лизинге» от 5 июля 2000г
14. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях» от 28 декабря 1998г.
15. Газета «Казахстанская правда» 2004г