Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 57 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Қазіргі жағдайдағы салық органдарының экономикалық-бақылау қызметі


Мазмұны
Кіріспе 3
І. Салық органдары – салық жүйесінің басты буыны ретінде 5
1.1 Салық жүйесі: түсінігі, құрылымы, және құру принциптері 5
1.2 Салық органы қызметін ұйымдастыру 10
1.3 Салықтық бақылау және оны жүргізудің негізі 16
ІІ. Салық органдарының экономикалық-бақылау қыметінің қазіргі жағдайы 27
2.1 Қазақстан Республикасының Салық органдары қызметінің қалыптасуы мен дамуы 27
2.2 Салық органдарның салықтарды дұрыс есептеу мен уақытылы төлеуге жүргізетін бақылау нәтижелеріне талдау 36
2.3 Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің тиімділігін бағалау 41
ІІІ. Салық органдарының экономкалық-бақылау қызметін жетілдіру 48
3.1 Салықтық бақылаудың шетелдік озық тәжірибесі 48
3.2 Салықты бақылауды жүргізу тиімділігін арттыру 51
Қорытынды 55
Қолданылған әдебиеттер тізімі 57

Кіріспе
Экономиканың тұрақты дамуы үшін мемлекет межелеген стратегиялық бағдарламалар мен жобалар дер кезінде жүзеге асырылып отыруы тиіс. Оған қол жеткізуде бюджет бүйірінің бүлкілдеп тұрғаны аса маңызды. Ал бюджетке салықтың уақтылы түсіп отыруын және түсімдер көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ету салық органдарының жұмысымен тікелей байланысты.
Қазiр салық органдарының алдында маңызды мәселе салықты өндiрiп алудың дұрыстығына, уақыттылығына және толықтылығына бақылауды күшейту мен жетiлдiрудiң мәселесi тұр.
Бюджеттерде қарастырылған шаралардың үздiксiз қаржыландыру республикалық және жергiлiктi деңгейлерде қаржылық ресурстардың жүйелi толтыруды талап етедi. Бұл негiзiнен жеке және заңды тұлғалардың салық және басқа мiндеттi төлемдердi төлеу есебiнен жүргiзiледi. Әрекет етушi салықтық заң шығару және басқа нормативтiк актiлерге сәйкес төлеушiлер көрсетiлген төлемдердi белгiлi уақытта және белгiленген мөлшерде төлеуi мiндеттi.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
Қазіргі жағдайғы салық органдарының экономикалық-бақылау қызметтерінің мәнін ашу, бақылауына талдау, тиімділігін бағалау.
Алға қойылған мақсаттқа сәйкес келесідей міндеттер қалыптасады:
- салық жүйесінің құрылымы және құру принциптерін түсініктеу;
- салық органы қызметін ұйымдастыру;
- салық бақылау және оны жүргізудің негізі;
- Қазақстан Республикасының Салық органдары қызметінің қалыптасуы мен дамуы;
- салық органдарның салықтарды дұрыс есептеу мен уақытылы төлеуге жүргізетін бақылау нәтижелеріне талдау;
- салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің тиімділігін бағалау;
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданыланған әдебиеттер тізімінен құралған.
Бірінші тарауда Салық органдары – салық жүйесінің басты буыны ретінде қарастыру, оның ішінде салық жүйесі: түсінігі, құрылымы және құру принциптері, салық органы қызметін ұйымдастыру, салық бақылау және оны жүргізудің негізіне тоқталамыз.
Екінші тарауда Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің қазіргі жағдайын бақылап талдау жасау, соның ішінде Қазақстан Республикасының Салық органдары қызметінің қалыптасуы мен дамуы, Салық органдарның салықтарды дұрыс есептеу мен уақытылы төлеуге жүргізетін бақылау нәтижелеріне талдау жасау, Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің тиімділігін бағалау.
Үшінші тарауда Салық органдарының экономикаық-бақылау қызметін жетілдіру жолдары ұсынылған.
Дипломдық жұмысқа қолданылған әдебиеттер Қ.Қ. Ілиясовтың, С. Құлпыбаевтың «Қаржы» кітабынан, А.Д. Үмбеталиев, Ғ.Е. Керімбек «Салық және салық салу», С.М. Найманбаев «Салықтық құқық» кітабы, Қазақстан Республкасының Салық кодексінен, Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан және интернеттен алынды.

І. Салық органдары – салық жүйесінің басты буыны ретінде
1.1 Салық жүйесі: түсінігі, құрылымы, және құру принциптері
Қазақстанның салықтық жүйесi 1991-1992 жылдары өте маңызды экономикалық қайта құру кезеңiнде құрылып елiмiздегi экономикалық және әлеуметтiк дағдарыс, заң шығарудың жүзеге асыруына жiберiлген, стаждық мерзiмдерде, нақты салықтық қатынасы құқықтық реттеудiң болмауы – осының барлығы оның пайда болуына тiкелей әсерiн тигiздi.
Салық жүйесі – салықтар, оларды белгілеу, қолдану, төлеу және салықтық міндеттемелердің орындалуына бақылауды қосатын кешен. Яғни, салық төлеушілер мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында бір – бірімен өзара байланысты болатын салықтардың жиынтығынан құралған жүйе. Салық қаржы категориясы ретінде «Теория финансов» еңбегінде қарастырған Б. Н. Сабанти салық жүйесіне мынандай анықтама береді: «Салық жүйесі – салықтардың өзі және олардың қатысуымен байланысты туындайтын қатынастар мен осы қатынастарды реттейтін салық органдарының жиынтығы».
Салық жүйесінің негізгі бағыттары (принциптері):

1.2 Салық органы қызметін ұйымдастыру
Мемлекеттің салық қызметі дегеніміз - бұл мемлекеттің салық салуды ұйымдастыру мен оның қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған іс әрекеттерді ұсынады. Мемлекеттің салық қарекеті келесідей құрамдас бөліктер мен бағыттардан тұрады:

1.3 Салықтық бақылау және оны жүргізудің негізі
Салықтық бақылау деп – салық заңдарын яғни Салық кодексі, заңдылық нормативтік актілерді тағы басқа орындалуын қадағалау. Салық бақылауын жүзеге асыру – іс жүзінде мемлекеттің қаржылық іс әрекетіне бағытталып, ақша қорларын құюға кететін және осы мемлекеттік қаржы жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады.
Салықтық бақылау субъектілері салықтық тексеру жүргізуге айрықша құқық берілген мемелекеттің салық органдары болып табылады.
Бақылауды жүргiзу уақытына қарай салықтық бақылаудың негiзгi үш формасын белгiлейдi – алдын-ала, ағымдық және кейiнгi бақылау. Олардың барлығы бiр-бiрiмен тығыз байланыста, бақылаудың үздiксiз сипатына ие.

ІІ. Салық органдарының экономикалық-бақылау қыметінің қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының Салық органдары қызметінің қалыптасуы мен дамуы
1990 жылы Қазақ ССР Қаржы Министрлігінің 1990 жылғы 16 наурызындағы № Л-46 бұйрығының негізінде Мемлекеттік кіріс бөлімі Мемлекеттік салық инспекциясы болып өзгертілді және Целиноград қаласы бойынша салық инспекциясы құрылды.
1991 жылдың шілдесінде – Қазақ ССР Президентінің «Қазақ ССР-де Мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Қаулысы шықты, осы қызметте өз бетінше қаржылық институт статусы берілді.
1993 жылдың наурызында – ҚР «ҚР ҚМ салық қызметі туралы» Заңы енгізілді, бұл салық қызметі органдарының ҚР салықтық саясатын жүргізудегі статусын, құзіретін, міндеттері мен жауапкершіліктер әрекетінің құқықтық негіздерін анықтады.
1995 жылдың сәуірінде – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік салық инспекциясы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Бас салықтық инспекциясы болып өзгертілді. 1995 жылдың 1-ші шілдесінен біздің еліміз үшін маңызы қиын бағаланатын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңының күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы қабылданды.

2.2 Салық органдарның салықтарды дұрыс есептеу мен уақытылы төлеуге жүргізетін бақылау нәтижелеріне талдау
Салықтық бақылау заңдылықтың орындалуын қамтамасыз ететін арнайы әдіс болып табылады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізгі көзі болып табылатындықтан, мемлекет нормативтік – құқықтық актілерде көрсетілген жағдайларды тиісті органдардың орындауына мүдделі. Салықтық бақылау бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің жиналуын қамтамасыз етуші құралы деп те айтуға болады.
Салықтың түсімдері 2006 жылда 1280433752 мын теңге, 2007 жылда 1621664278 мың теңге құрады және 2008 жылда болжау бойынша 2209284565 құрайды (Қосымша А).
2008 жылдың салықтық түсімдерде корпорпциялық табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша түсімдердің едәуір үлесі бар.

1-сурет. Салықтық түсімдер
2008 жылға арналған акциздер бойынша болжам 29096665 мың теңге сомасында белгіленеді немесе бағалауға қарағанда өсу 30,6 %, оның ішінде импортталатын тауарларға болжам еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында көзделген макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес 27552914 мың теңгені құрады, ал 2007 жылы 22279222 мың теңгені, 2006 жылы 15799462 мың тенге болды.
Табиғат және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша болжам 52927835 мың теңге сомасында белгіленеді. 2007 жылы 59174082 мың теңге құраса, 2006 жылы 36217030 мың теңгені құрады (2-сурет).
Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар 2006 жылы 836501 мың теңгені құраса, 2008 жылға арналған болжам 2007 жылғы бағалауға қарағанда (949407 мың теңге) 2 есеге өсе отырып 2015866 мың теңге сомасында белгіленеді.

3-сурет Мемлекеттік бюджеттің салық түсімдерінің атқарылуы
Кедендік әкімшілік жүргізу туралы өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда теңгемен көрсетілетін импорттың 47,1 %-ке өсуі кезінде жеңілдіктерді және мерзімді кейінге қалдыру мен ҚҚС ставкасын 15%-тен 14%-ке дейін төмендетуді ескере отырып, төлемдерді есептеу сомасы 51,3%-ке өсті.
Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС бойынша түскен түсімдер 28,6 млрд. теңгеге азайды, мұның өзі нольдік ставка бойынша ҚҚС-ті өтеу сомасын ұлғайтуға байланысты болды. Қаңтар-наурыз айларындағы бюджеттен өтеу 48,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың дәл осындай көрсеткішінен 32,7 млрд. теңгеге артық (2007 жылдың 1-тоқсанындағы экспорт көлемі 10,1 млрд.АҚШ долларын, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде – 7,4 млрд. АҚШ долларын құрады) 1-кесте.

2.3 Салық органдарының экономикалық-бақылау қызметінің тиімділігін бағалау
Салықтық тексерiстiң тиiмдiлiгiне талдау салық органдарындағы бақылау қызметiнiң жетiлдiрiлуi бойынша ұсыныстарды әзiрлеу үшiн қажет.
Талдауды өткiзуде келесi көрсеткiштер қолданады: есепке қойылған заңды тұлғалар салық төлеушiлер саны, тексерiспен айналысушы оперативтi жұмыс алынған ұйғарымдармен келiсiлген 2007 жылдың 6-айына Өткiзiлген тексерiстер саны, заңды бұзушылықтың анықталғандығы салық төлеушiлердiң саны; тексерумен бөлiнген салық төлеушiлердiң соммасы; салық төлеушiлердiң өтiнiшiнiң қарастырылу нәтижесiндегi төлемдердiң азаю соммасы. №2-Н формасындағы есептiк деректер бойынша «Аймақтық салық органдарының бақылау жұмыстарының нәтижелерi туралы» жалпы мемлекет бойынша 35 724 290,6 мың теңге бөлiндi (Қосымша Ә). Салық органдарының бақылау қызметi нәтижесiндегi бөлiнген және аударылған салыққа талдау жасайтын болсақ, салық комитетiмен соманың көбiрегi Алматы, Астана қалаларына және Қарағанды облыстарына бөлiнген.

ІІІ. Салық органдарының экономкалық-бақылау қызметін жетілдіру
3.1 Салықтық бақылаудың шетелдік озық тәжірибесі
Америка құрама штаттарының салық қызметінің жұмысын тәжірбие негізінде зерттеу.
2007 жылдың 2 шілде мен 11 шілде арасында АҚШ-тың салық қызметінің жұмысын тәжірибе негізінде зерттеу мақсатымен Дүниежүзілік банктің жұмысын анықтау шектерінде ҚР ҚМ СК төраға меңгерушісі Н. Усенова басқаруымен Вашингтон қаласына ҚР ҚМ СК орталық аппаратының бір топ эксперттері іссапарға жіберілді.
Іссапар негізінде IRS, Дүниежүзілік банк, МВФ және МЦНИ өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. АҚШ-тың салық органдарының жұмыстарының тәжірибесі зерттелді, Қазақстан Республикасында қолданудың орынды екендігіне анализ жүргізілді, салық органдарының әр түрлі бағыттағы жұмысы талқылады.
Жалпы іссапар нәтижесінде келесідей қорытындыға келді, АҚШ-ғы салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы міндеттер бойынша қарым-қатынас «қарсы тұру мен ұстанымдылық» жүйесін қолдану негізінде жүргізіледі.

Қорытынды
Қорыта келгенде, Республикамыздағы салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіріп дамыту арқылы, бүгінде ең өзекті мәселе отыр, жалпы салық жүйесінің жақсаруына, сол арқылы еліміздің экономикасына, әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізетін шараларды кеңінен қарастыру керек. Атап айтқанда:
1. Салықтық бақылаудың қатаң әділ болуын, оның тұрақтылығын, тек фискалдық сипатта емес, тартымдылық сипаты басым болуын ойластыру;
2. Салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындау барысындағы қателіктерінің себебін ашып, салық органдарының қызметіне қиындық туғызатын мәселелерді шешу;
3. Алдын-ала бақылау түрін дамытып, салықтық құқық бұзушылықтардың болуына жол бермеу немесе алдын алуға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру;