Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Коммерциялық банктердің активті операциялары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3

І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ 4
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні 4
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі 7

ІІ ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 19
2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы 19
2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері 21
2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ 23
2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері 26

ҚОРЫТЫНДЫ 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

КІРІСПЕ

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.

І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстан Республикасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

ІІ ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы

Коммерциялық банктердің екінші басты қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Соңғы жылдары екінші деңгейдегі банктердің несиелеу үлесі артуда, оған әсер етіп отырған негізгі себеп ол Ұлттық банктің банктің проценттік пайызына ставкасының түсуімен байланысты болып отыр.
Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредит салымдары 2005 жылы қыркүйек айында 1974,7 млрд. теңгені құрады. Мұның ішіндегі 1000,2 млрд. теңге ұлттық валютада, ал қалған 974,5 млрд. теңге шетел валюталарында орын алды. Сонымен қатар экономикада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелердің өсімі бірдей орын алуда. Ұзақ мерзімді несиелердің жалпы құрамы 1329,6 млдр. теңгені, ал қысқа мерзімді несиелердің мөлшері 645 млрд. теңгеге өсті. Елдегі несие қатынастарының өсуі әсіресе ұзақ мерзімді несиелер экономиканың шикізат өндіріс саласында, ипотекалық-құрылыстағы несиелерді және ірі көлемдегі коммерциялық қызметтер негізінде орын алуда. Ал қысқа мерзімді несиелер (микрокредиттер) халық тұтынатын өнімдерді несиелеу, шағын бизнесті несиелеуде және кепілдік заттар беру арқылы қысқа мерзімді қарыз ақша тартуда көрініс табуда. Сонымен қатар банктер арқылы шағын бизнеске берілген несиенің үлесі 339,5 млрд. теңгеге жетті.

2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері

Қазақстан және ТМД елдерінде лизингтік қатынастар 1989 жылдан бастап қалыптаса бастады. Ол кезде негізінен қаржылық лизинг, яғни коммерциялық банктер айналысатын операция негізінде көрініс тапты.
Қазақстандағы лизингтің дамуы төрт канал бойынша жүргізілді:
• Кәсіпорынның техникалық құралдарды прокатқа беру, яғни елде «Казконтракт» корпорациясы іске асырды.
• Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;
• Мамандандырылған лизингтік фирмалар;
• Халықаралық лизинг компаниялары негізіндегі лизингтік операциялардың жүргізілуі.

2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ

Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:

2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері

Екінші деңгейлі банктердің қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінетіндігіне көзіміз жетті. Сондай-ақ бұл операциялар елімізде күннен-күнге даму үрдісінде екенінде айта кету қажет. Оларға: несиелік операциялар; инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша; қаржылық операциялар (лизинг, факторинг, форфейтинг); кассалық операциялар және делдалдық-комиссиондық операциялар жатады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
2. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: «Экономика» 2000ж.
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
4. Банки Казахстана, 2003 г. №12; «Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка» // Донцов С.
5. Банки Казахстана, 2004 г. №1; «О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков» // Кил А. Б.
6. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2004 г. №4; «Проблемы стабильности банковской системы РК» // А. А. Ильясов.
7. Каренов Р. Лизингтік қызметтер. Оның ерекшелігі неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуір (№105106). – 2 б.