Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесі
Жоспар
1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесі 3
1.1. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, мәні және қажеттігі 3
1.2. Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу 13
1.3. Қаржының айрықшалықты белгілері 16
1.4. Қаржының функциялары және рөлі 22
1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы 38
1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде 50
1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары 61
1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесі
1.1. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, мәні және қажеттігі
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған француздың «finance» сөзінен шыққан) – тауар ақшалай қатынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар ақшалай айырбасқа көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.
Қаржы ақша негізінде, ақша көмегімен іс-әрекет ететіндіктен ақша, ақшалай қаражаттар, ақшалай операциялар ретінде кең мағынада «қаржы» ұғымын кабылдау күнделікті тұрмыс практикасында, публицистикада кең таралды. Бірақ ақша тарихи категория, ол өзінің дамуында ар түрлі трансформацияларға қарапайым нысандардан күрделі, кәміл, қазіргі түрленімдерге ұшырады. Бұл дамуда оған қаржы да жататын ақша жаңа сапалы нысандарға ие болды.
1.2. Ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу
Шет елдің оқулық әдебиеттерінде экономиканың даму ауқымының өлшем көрсеткіші кірістер мен шығыстар бойынша анықталатын жалпы ұлтың өнім (ЖҮӨ) пайдаланылады. Кірістер бойынша ЖҮӨ-ні өлшеу мына элементтерді жинақтаумен жасалынады: 1) тұтынылған капиталдың көлемі (амортизациялық аударымдар); 2) бизнеске салынатын жанама салықтар; 3) жалдамалы жұмыскердің жалақысы; 4) ренталық төлемдер; 5) пайыздар; 6) меншіктен түсетін табыстар; 7) корпорациялардың пайдасы.
Шығыстар бойынша (яғни өнімнің бүкіл массасың сатып алу үшін субъектілер шығыстарының жиынтығы бойынша) ЖҮӨ мыналарды кіріктіреді: үй шаруашылықтарының, яғни елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі С; жалпы жекеше ішкі инвестициялар Ig; тауарлар мен қызметтерді үкіметтің сатып алуы G; Хn таза экспорт (экспорт көлемінің импорттан асып түсуі немесе, керісінше, «минус» белгісімен).
1.3. Қаржының айрықшалықты белгілері
Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да ақша, табыс (пайда), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен бірге, құбылысатын мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен, тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады. Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен өзгешеліктерін ашып бере алады.
1.4. Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оңын функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән кызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан ақшадан туындайтын айрықшалықты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терек дендеп енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым - теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр.
1.5. Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы
Қоғамдық енімді болу үдерісі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған күн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек езіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу үдерісіне қатыса отырып, баға, енбекке ақы төлеу, кредит, сақтандыру және басқа категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-әрекет жасайды. Бұл ақшалай категориялар сонымен бірге ұдайы өндіріс циклінің барлық стадияларына қатысады, алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс үдерісінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен коғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі үдерісіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.
1.6. Қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақшалай қорлар түріндегі олардың материалдың іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастардың тұрақты иелері болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Демек, қаржылық ресурстар - бұл жалпы коғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу үдерісінде жасалынатын экономикалық субъектілердің және мемлекеттің қаржылық әдістердің көмегімен қуратын ақшалай қорланымдары мен ақшалай қорлары. Қаржылық ресурстар ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Тап қаржылық ресурстар қаржылық категорияны баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржылық ресурстар өсуінің басты шарты болып табылады.
1.7. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржылық қатынастардың пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақшалай қорларды қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпаттың жүйесі болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі ездігінен өмір сүре алмайтындығымен анықталады: қаржы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, басқа жағынан, өзінің функциялық қасиеттері бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.