Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері


Жоспар
1 Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері 3
1.1 Табыс - жалпы түсініктеме 3
1.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері 4
1.3 Маржинальды табысты талдау 6
Әдебиеттер 9

1 Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері
1.1 Табыс - жалпы түсініктеме
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

1.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

1.3 Маржинальды табысты талдау
Маржиналды табыс - бұл өнімді өткізуден түскен табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырма. Екінші жағынан, ол - тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасы. Бұл жағдай көп сатылы есеп құруға мүмкіндік береді, оның есепті жіктеу үшін маңызы зор.
Көп сатылы есептер кем дегенде екі бөлімнен тұрады: жоғарғысы маржиналды табысты, ал төменгісі негізгі қызметтен туекен табысты көрсетеді.