Коммерциялық банктердің қызметін реттеу
Мазмұны
Кіріспе 3
І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері 5
1.1 Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі 5
1.2 Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері 7
1.3 Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі 10
ІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы 14
2.1 «БТА Банкі» АҚ-ның тарихы 14
2.2 «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – құрылымдылық сипаттамасы 16
2.3 «БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы 20
ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да реттелудің экономикалық әдістері 27
3.1. «БТА Банкі» АҚ-да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу 27
3.2 «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі 30
3.3 «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары 34
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Кіріспе
Банк деп ақша қаражаттарды тарту және оларды өз атынан қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттары негізінде орналастыру үшін құрылған ұйым аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нұсқауларын орындап, оған бағынатын банктер екінші деңгейлі банктер деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Банктердің негізгі мақсаты – ақшалай қаражатты кредиторлардан борышкерлерге және сатушылардан сатып алушыларға жеткізуге делдалдық.
Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Курстық жұмыстың объектісі ретінде «БТА Банкі» АҚ алынған. Бұл объекті тақырыпты жан-жақты зерттеп, қолданудың ерекшеліктерін нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмысты орындау барысында «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық жағдайы, қаржылық нәтижесі, қызметтерінің ҚР-да реттелу әдістері, дағдарыс кезінде Үкімет тарапынан қолданылған шаралар және мемлекеттік реттеудің жетілдіру жолдары қарастырылмақ.
Курстық жұмыстың тапсырмалары:
- Коммерциялық банктердің мәні мен оның экономикалық рөлін анықтау;
- Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігіy және әдістерін көрсету;
- Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесіне шолу жасау;
- «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - құрылымдық сипаттама беру.
- «БТА Банкі» АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау.
- «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу:
- «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесін қарастыру;
- «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын анықтау:
Курстық жұмысты орындау барысында ақпараттық және әдістемелік негізі болып, Қазақстан Республикасының заң актілері, отандық авторлардың еңбектері және «БТА Банкі» АҚ-ның жылдық есептері табылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.
І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері
1.1 Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызметтер көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
1.2 Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері
Қоғамымызда және еліміздің экономикасында коммерциялық банктердің атқаратын ролі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік орындардың тарапынан мұқият қадағалау және реттеу объектісі болып табылады. Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажыраттатын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс - әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажеттілігі жатады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай банктер келесі операцияларды атқара алады:
1.3 Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі
Әрбір ел банкiлерінiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қызметтерін реттеп қадағалап отырады. Қазіргі қиын дағдарыс кезінде шетелдерде қаржылық институттарды мемлекет өз бақылауына алып, қатаң қадағалауда. Мәселен, Исландия үкіметі қаржылық тығырықтан шығатын жол іздеп, елдің ең үлкен үш банкі: Glitnir, Landsbanki Islands және Kaupthing Bank-тi бақылауға алды. Германияның ең ірі екінші банкі Commerzbank-тің де қаржы «құйынынан» басына қара бұлт үйіріліп, әлеуеті әлсірегендіктен жартылай үкіметтік бақылауына көшті. Еуропадағы азулы елдер болып саналатын Бельгия, Голландия және Люксембург банктердің 49 пайызы мемлекет бақылауына өтетінін хабарлады.
ІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы
2.1 «БТА Банкі» АҚ-ның тарихы
1997 жылдың басында еліміздің банк картасында тағы бір қаржы институты - «ТұранӘлемБанкі» ЖАҚ пайда болды, ол ҚР Министрлер Кабинетінің 1997 жыл 15 қаңтар №73 қаулысының негізінде Қазақстанның екі ірі банкі «Қазақстанның Әлембанкі» ААҚ және «Тұранбанк» АҚ қосу процесінде пайда болды.
«Тұран банк» АҚ тарихы 1925-жылдан басталады, сол жылы республиканың территориясында КСРО-ның Өнеркәсіп банкінің бөлімшесі ашылған болатын. Банк клиенттері болып республиканың ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, кооперативтік және жеке меншіктегі шағын және орта кәсіпорындар, және тұрғындар табылады. Өзінің әрекет етуінің барлық мерзімінде Тұранбанк Қазақстанның ірі қаржылық мекемелерінің қатарына жатып келді, республикада филиалдар санының даму деңгейі бойынша екінші орын алды. Бұл банктің іс әрекеті экономиканың индустриалдық секторының қалыптасуы мен дамуымен тікелей байланыста болды.
«Әлембанк» АҚ өзінің қызметін 1990-жылы бастады, ол КСРОның Внешэкономбанкінің Қазақстандық республикалық банкі болды және көп жыл бойына Қазақстан республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесі бойынша шет елдік несиелерді тарту бойынша агенті болып табылды.
2.2 «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – құрылымдылық сипаттамасы
Банктің тиімді дамуына оның ұйымдық құрылымы да ықпал етеді. Банктің ұйымдық құрылымы екі негізгі сәтпен анықталады: банкті басқару құрылымы және оның бөлімдерінің құрылымы. «БТА Банкі» АҚ басқару құрылымы 1-суретте келтірілген.
Басқарма күн сайынғы ағымдағы басқару және Банкті әкімшілендіру жауапкершілігін өзінің мойнына алады. Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша Басқарма кеңесі барлық атқарушы өкілеттіктерді жүзеге асырады, ал Директорлар кеңесі координациялық қызметті атқарады.
- басқарманың өкілеттігі төмендетілерден тұрады:
Сурет 1. «БТА Банкі» АҚ ұйымдық құрылымы
Банктің аға менеджментінің негізгі бөлігі Казкоммерцбанк, бұрынғы Әлем банк, Қазақстандық Эксим банк, Қазақстанның Халық банкі сияқты алдыңғы қатардағы банктерінен ауысты.
«БТА Банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасы құрылымдық бөлімшелердің есептерін бекітеді. 1-суретте келтірілген ұйымдық құрылымының схемасы қысқартылған болып табылады. Себебі департаменттер мен басқармаларды қамтитын бөлімдерді қарастырмайды.
Несиелендіру басқармасы төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- қаржыландыру бөлімі;
- мониторинг бөлімі;
- несие тәуекелдерін бағалау бөлімі.
Операциялық департамент төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- операциялық зал;
- құжаттық есептесу бөлімі;
- кассалық операциялар бөлімі;
- саудалық емес операциялар бөлімі;
2.3 «БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
«БТА Банкі» АҚ 2015-жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясы барлық ТМД елдерінің қаржылық нарықтарында жұмыс жасаудан тұрады.
Халықаралық инвестицияны тарту бойынша және қаржылық қызметтің экспортеры ретінде орталық банк болуға «БТА Банкі» АҚ -ның барлық шансы бар.
Қазіргі таңдағы «БТА Банкі» АҚ-ның бұл нарықтың барлық сегментінде қатысып отырған алдыңғы қатардағы қаржылық топ, ол нарықтар мыналар: корпоративтік және бөлшек бизнес, саудалық қаржыландыру, қор нарығы, шағын және орта бизнесті несиелендіру, лизинг, ипотека, зейнетақы қоры т.б.
2005 жылы «БТА Банкі» АҚ «Евромани» журналымен «ТМД ең үздік банкі» және «Орталық Азияның үздік банкі» атанды.
«The Banker» атты британиялық журналдың «Шығыс Еуропадағы шағын банктердің ішіндегі үздік банк» атты марапатына иемденді.
«БТА Банкі» АҚ -ның авторитетті халықаралық Moodys және Standart and Poors агентстволарымен берілетін ұзақ мерзімді ағымдағы рейтингтер ТМД елдерінің ішіндегі қуатты банк екендігін көрсетеді, банк Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің ішінде активтерінің көлемі және жеке капиталының көлемі бойынша алдыңғы қатарларды алады.
Банктің активтері 9 млрд. АҚШ долларын құрайды, жеке капиталы 1,5 млрд.АҚШ долларынан асады.
ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да реттелудің экономикалық әдістері
3.1. «БТА Банкі» АҚ-да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу
Елдің банк жүйесі АҚШ-та басталған ипотекалық дағдарыс салдарынан 2007 жылдың соңында-ақ (“бірінші толқын”) қиыншылықтарға душар бола бастады. Әлемдік қаржы рыноктарындағы ахуалдың шиеленісуі нәтижесінде, дәлірек айтқанда, жаһандық дағдарыстың 2008 жылғы “екінші толқынында” қазақстандық банктер сыртқы рыноктардан келетін қаржылардың толық “жабылуы” немесе олардың шектен тыс қымбаттығына байланысты қол жеткізудің қиындығы жағдайларына тап болды.
Әлемдік рыноктардағы капитал өтімділігі дағдарысы нәтижесінде Үкімет 2008 жыл бойына бүтіндей алғанда елдің қаржы жүйесінің, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығын арттыру жөнінен бірқатар шаралар қабылдады. Бұл жұмыста негізгі салмақ елдегі жүйе құраушы банктерге түсірілді.
Осы орайда жүйе құраушы банктер қалайша анықталады деген сауалға сәл-пәл тоқтала кеткен жөн. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің жалпы көлеміне қатысты капитал мөлшері, отандық экономиканы несиелеу рыногындағы үлесі, жеке тұлғаларды несиелеу рыногындағы үлесі, заңды тұлғалар депозиттері рыногындағы үлесі, екінші деңгейдегі банктер төлеген жалпы салықтарға қатысты төлеген салықтарының үлесі және жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны есепке алынады. Осы бес көрсеткіштің әрқайсысы банк жүйесінің жалпы көлемінің 5 пайызынан кем болмауға тиіс. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің тек төртеуі ғана жоғарыда аталған критерийлерге жауап береді. Олар – Қазкоммерцбанк, Халық банкі, БТА Банк және Альянс банк.
3.3 «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
Елдегі қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған басым мақсаттарды басшылыққа ала отырып Үкімет өзінің тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде алдын ала қадамдар жасады.
Мамандардың пайымдауынша, банктердің мемлекет бақылауына көшуі жүйе құраушы банктердің іркіліссіз жұмыс істеуін, елдің экономикалық мүдделерін, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан азаматтарының ақшалай салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Осы қадам арқылы Қазақстан экономикасының қаржылық “қан айналысы” жүйесінің тұтастығы қамтамасыз етіліп, банктердің ел ішіндегі және шетелдердегі инфрақұрылымы сақталатын болады.
Қорытынды
«Екінші деңгейлі банктер қызметтерінің ҚР-да реттелудің экономикалық әдістері» атты тақырыбында жазылған курстық жұмысты қорытындылай келе, келесідей тұжырым жасауға болады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Қоғамымызда және еліміздің экономикасында коммерциялық банктердің атқаратын ролі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік орындардың тарапынан мұқият қадағалау және реттеу объектісі болып табылады.
Банктердің мемлекет бақылауына көшуі жүйе құраушы банктердің іркіліссіз жұмыс істеуін, елдің экономикалық мүдделерін, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан азаматтарының ақшалай салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Осы қадам арқылы Қазақстан экономикасының қаржылық “қан айналысы” жүйесінің тұтастығы қамтамасыз етіліп, банктердің ел ішіндегі және шетелдердегі инфрақұрылымы сақталатын болады.