Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Ғабит Мүсірепов

Жамбыл ауданы Солтүстік Қазақстан облысы, «Жаңа жол» аулында орта дәулетті отбасында туған. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Ғабит 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныпты орыс мектебіне барады. Осы мектепті бітірген соң болашақ жазушы Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге түсіп, жеті жылдық мектеп көлемінде білім алады.

1923 жылы Ғабит Мүсірепов Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне рабфакқа оқуға түседі; орыс және әлем мәдениетінің саңлақтарын, ұлттық сөз өнерінің үлгілерін құмарта оқиды. «Автобиографиялық әңгімесінде», - он тоғызыншы ғасырдағы орыс классиктерін сол рабфакта ұғынып шыққандай болады. Оның ойында әсіресе Гоголь, Чехов; Горький бағыты қона қалушы еді. Жұмысшы факультетін бітірісімен 1926 жылы Мүсірепов бір жыл Омбыда ауылшаруашылық академиясында оқиды.

Шағын жанр өрінде
Әдебиетке 20 – жылдардың екінші жартысында келген Ғабит Мүсіреповтің алғашқы көлемді туындысы – «Тулаған толқында» хикаятында 1916 жылғы дүрбелең кезіндегі ауыл тіршілігі, әйел тағдыры, кейінгі азамат соғысының көрінісі бейнеленсе, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдарда» еңбекші халықтың сана – сезімінің өзгергені суреттеледі. Ғабит Мүсіреповтың азаматтық және қаламгерлік қасиетін айқындай түскен Талпақ танау мен Шұғыла сол кездегі қазақ әңгімесінің айтылуы шығармаларының қатарына жатады.