Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттеріннің есебі
Активтер - кәсіпорындағы өткен периодтардың нәтижелерін бақылаудағы ресурстар, компания олардан болашақта экономикалық пайда түсіреді.
Активтерді жою мерзімі бойынша бөлінеді:
көп мерзімді (бір жылдан көп);
қысқа немесе өтпелі мерзімді (бір жылға дейн).
ХҚЕС сәйкес актив қысқа мерзімді болып саналады, егер:
Ақша құралдары өтпелі активтер сияқты сұрыпталады. Олар ақша құралдарына қатысты болу үшін өтпелі міндеттерін төлеуге қолайлы болуы керек. Ақша аударымы, клиент чегі банкте берілген кепілдемесімен, кассалық чектер, персоналды чектер мен банктік аударымды вексельдер сияқты қайтымды құжаттар ақша құралдарына жатады. Егер компанияның ақшалай құралдары төленетін өтпелі міндеттерінен көп болса, онда бөл ақшалай құралдарды пайыздық бағалар өскен кезде айналымға түсіру пайдалы. Ол ақша құралын шұғыл депозиттерге немесе депозитті сертификаттарға, мемлекеттік немесе басқа құнды қағаздарға салуы мүмкін. Мұндай салымдар қысқа мерзімді инвестициялар деп аталады және ақша құралына жатпайды.Ақша құралдарын есептеу барысында басшылық екі мәселеге тап болады:
Көбінесе овердрафттар компаниясының чек беру кезіндегі жай ғана қателіктерден пайда болады. Банктер компанияда белгілі бір уақытта овердрафттар пайда болғанын күтеді, сондықтан комиссионды төлемді пайда болар овердрафт үшін ұстап қалады. Егер овердрафттар сол банкте бөлек есеп шотта көрсетілген болса, онда өтпелі активтер шотынан овердрафттар жойылмайды.
Ақша құралының эквиваленті. Ақша құралының эквиваленті - қысқа мерзімді, жоғары ликвидті инвестициялар, келесі шарттарды қанағаттандырады:
Сонымен қатар бұдан басқа бюджетпен, банктермен, сақтандыру компанияларымен және т.б. есептеулер жүргізіледі. Кәсіпорындар арасындағы болатын барлық төлемдер ақшалай жасалады. Төлеулер екі түрлі жолмен жүреді: банк жүйесіне аударымдар арқылы немесе тұтас ақшалай төлемдері арқылы.
Ақшаны сақтау және есепсіз төлемдер жүргізу үшін әр заңды тұлға банкте есептік шот ашады.
Банкте есептік шот ашу үшін келесі құжаттарды әкелу керек:
Ақшаны беру, есепсіз аударуларды кейбір жағдайларда және есептік шотқа түсіру басқарушының және бас хатшының қолдарымен және мөрімен куәландырылған құжаттардың арнайы түрімен жүргізіледі. Заңмен қарастырылған басқа жағдайларда банк есептік шоттан ақшаны ала алады.
Банктерде ақшаны алу және беру немесе есепсіз аударулар жүргізетін құжаттар:
Есептік шоттағы ақшалай қаражатты есептеу үшін есептерді типтік жоспарлауда 1030 шоты белгіленеді. Бұл шот активті. Дебеттік сальдо белгілі уақытқа кәсіпорынның ақшалай қаржысының бос қалдығын көрсетеді. Дебет есеп 1030 есептік шотқа түскен ақшалай қаражатты көрсетеді. Бұл шоттың несиемен жеткізушілерге, бюджет подрядчиктеріне, банкке ақша құралдарынының аударымы көрсетіледі, сонымен қатар кәсіпорын кассасына берілген ақшаның сомасы корсетілген.
Тенгемен банк шоты операциялары бойынша шот корреспонденциялары 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Тенгемен банк шоты операциялары бойынша шот корреспонденциясы
Есеп шоты бойынша келесі валютамен көрініс алатын шаруашылық операциялары келесі кестеде 2 берілген.
Кесте 2 - Валютамен банк шоты бойынша шот корреспонденциясы
Типтік жоспарлық есепте кассадағы ақша қаражатының есебі мен қозғалысы үшін «Ұлттық валютада кассада болуы» 1010 шоты және «Шетелдік валютада кассада болуы» 1032 шоты белгіленген. Шоттар активті болады. Дебеттік сальдо кәсіпорынның ай басында кассадағы бос ақшаның сомасын көрсетеді. Дебет бойынша айналым кассаға түскен ақша сомасын ал несие бойынша айналым берілген соманы көрсетеді.
Кассалық операциялар бойынша шот корреспонденциясы 3 кестесінде көрсетілген.
Кесте 3 - Кассалық операциялар бойынша шот корреспонденциясы
Банктердегі арнайы шоттарға қаражаттың түсуі: есептік шоттан қаражатты аудару кезде: Дт 1060 Кт 1030.
Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражаттың түсуі кезде: Дт 1060 Кт 6230.
Банктерде арнайы шоттардан жеткізушілер алдындағы қарыздарды жабу Дт 3310, 3390 Кт 1060.