Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы


Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Моғолстан мемлекетінің құрылуы 5
1.1 Аумағы мен халқы 5
1.2 Алғашқы моғол хандары 7
ІІ тарау. Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы 11
2.1 Моғолстанның ішкі - сыртқы жағдайы 11
2.2 Моғолстан Темірдің басып кіру қарсаңында 14
2.3 ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан 16
2.4 Моғолстанның ыдырауы 21
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Моғолстанның құрылуына Шағатай мемлекетінің ыдырауы бастау болды. ХІҮ ғасырдың орта шенінде Шағатай ұлысы екіге бөлініп, оның шығыс бөлігінде Моғолстан хандығы, ал батыстағы Мәуереннахрда Әмір Темір мемлекеті құрылды.Моғолстан мемлекетінің астанасы Іле өңіріндегі Алмалық қаласы болды.Моғолстан хандығы кезінде ғылым мен мәдениет барынша дамып, өркен жайды.Моғолстан Қазақ хандығының және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасуына аумақтық тірек, саяси - экономикалық негіз болғандығы бұл жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
ЗЕРТТЕЛУ ДӘРЕЖЕСІ. Жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген.

І тарау. Моғолстан мемлекетінің құрылуы
1.1 Аумағы мен халқы
Жаңа мемлекет сол кезге дейін - ақ Шағатай ұрпағы иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасқан атпен, яғни Моғолстан («Моғұлстан») деп атала бастады. Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарихи Рашидиіне» сәйкес Моғолстанның шекарасы төмендегідей болды: «...қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі ( ұзақтығы) 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті ( Моғолстанның ) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті [өзіне қосады]. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз ( Балқаш) Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі», яғни Моғолстанның едәуір бөлігі Оңтүстік - Шығыс Қазақстан мен Қырғыз аумағынан құралған./1/

1.2 Алғашқы моғол хандары
«Тарихи Рашиди» бойынша, Тоғылық -Темір едәуір дәрежеде жағдайды біршама тұрақтандырып, Моғолстанның бүкіл аумағын өз билігіне біріктіре алды; оның ордасы Алмалықта болған./5/
Алғашқы моғол ханы ұлыстық жүйені сақтады; жоғарғы ұлыс бегінің мұралық лауазымын ( ұлыс бегі) ол дулаттардың басшысына бекітті. /6/
Салық жинауды кейбір шаралар қолданылды.

ІІ тарау. Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
2.1 Моғолстанның ішкі - сыртқы жағдайы
Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде билік басына киелеген Тоғылық - Темір хан елдің ішкі - сыртқы жағдайын жақсартып, ХҮІ ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады.
Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырды. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылды. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық - Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза - Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған.

2.2 Моғолстан Темірдің басып кіру қарсаңында
Ілияс - Қожа ханның билік жүргізген аз ғана уақыты шонжарлар топтарының оқшаулану ниетімен жүргізген күресіне толы болды. Моғолстанда хан билігі рулық - тайпалық үстем таптың еркімен шектелген тым әлсіз еді. Хандар шонжарлар алдында іс жүзінде дәрменсіз болатын. Бұл Мауараннахрда жеңілгеннен кейінгі Ілияс - Қожаның мысалынан көрінеді. Ілияс - Қожа хан билігінің күйреуі мен оның өлімінің нақты мән - жайы деректемелерде тым қарама - қайшы келтіріледі.

2.3 ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан
Моғолстандағы ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы Орта Азиядағы Темір ұрпақтарының Оңтүстік - Шығыс Қазақстанға көз тігуін одан әрі жалғастыруларына мүмкіндік берді. Қызыр - Қожа ханның төрт баласы - Шам и- Жахан, Мұхаммед оғлан, Шерәлі және Шах - Жахан арасындағы билік жолындағы өзара қырқысулары салдарынан «уәлаят құлдырауға ұшырап, ал адамдары жан - жаққа қашып кетті», Моғолстан мемлекеті бірнеше бөлікке ыдырады /20/