Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мәдениетаралық коммуникация

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары


Жоспар

1 Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары 3
1.1 Коммуникативтік қызмет 3
1.2 Тіл мен қоғамның өзара қызметі 5
1.2.1 Тіл функциялары 6
1.3 Тіл және мәдениет 7
1.4 Мәдениетаралық коммуникация тарихынан 12
1.5 Вербальды коммуникация. Вербальды коммуникация тильдері 16
1.5.1 Вербальды коммуникация стильдері 18
Әдебиет 21

1 Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары

1.1 Коммуникативтік қызмет

Бұл бөлімде коммуникация үрдісінде мәдени сәйкессіздікке практикалық талдау жүргізу және олардың туу себептерін анықтау үшін іргелі теориялық негіз болып табылатын базалық терминологиялық аппаратын қарастырамыз. Ең алдымен коммуникация ұғымының өзіне тоқталайық. Коммуникация сөзі латынның соmmunico – ортақ етемін, байланыстырамын, араласамын [1, 207 б.] сөзінен шыққан. Адамдар қоғамында коммуникация (орыс тілінен басқаларындағыдай) араласуды, ой, білім, сезім, мінез – құлық әдебімен және басқаларымен бөлісуді білдіреді [2, 341 б.]. Араласу бірге өмір сүру қажеттілігі тудырған субъектілердің араласып, құраласуы ретінде көрінеді. Араласу үрдісінде қызметтің түрлерімен және нәтижелерімен, идеяларымен, сезімдерімен, ұстанымдарымен және сол сияқтылармен алмасу жүреді. Араласудың өзі социумды ұйымдастырып, адамның өз мінез-құлқын басқалардың іс-әрекетімен, мінезімен үйлестіріп, өмір сүріп, дамуына мүмкіндік береді. Алайда «коммуникация» мен «араласу» барабар ұғым емес, олардың ортақ, сонымен қоса айырықша нышандары бар. Ақпарат алмасу мен беру үрдістеріне қатыстылығы мен ақпарат беру құралы ретінде тілмен байланыс олар үшін ортақ болып табылады. Айрықша нышандары сол ұғымдардың түрлі көлемдері мен мазмұнында.

1.2 Тіл мен қоғамның өзара қызметі

Тілді қатынас құралы ретінде қолданатын адамдарсыз (ақпарат беруге және қабылдауға қатысатын адам [10, б.80]) коммуникация үрдісінің жүруі мүмкін емес. Өйткені қоғам – адамдардың өзара қызметінің жемісі, ал араласқанда қоғам мен тілдің өзара қызметі орын алады. Осы ұғымдарды тыңғылықты қарайық.
Тіл шағын адамдар тобынан құралған рудан бастап, әдетте миллион, кей жағдайларда жүз миллиондаған адамнан құралған адамдар қоғамына қызмет көрсетеді. Дамушы қоғамға қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде тіл, табиғи белгі жүйесі ретінде, ішкі заңдарына мойын ұсына отырып, өзінің тұлғасы мен қоғамға қатысты белгілі бір дербестікті сақтайды.
Түрлі қоғамдық формациялардың тілін салыстырғанда жаңа сөзді де, көне сөзді де кездестіреміз, нақтылай айтқанда белгілі дәреже функциясының түрін өзгертіп, бір қоғамдық жағдайдан екіншісіне көшкен элементті де, тек белгілі бір қоғамдық жағдайда, белгілі бір қоғамдық формацияда ғана пайда болып, қолданылған элементті табамыз.

1.2.1 Тіл функциялары

Жоғарыда тілдің функциясын қарастырдық, бұл бөлімде осы мәселені лингвокультурологиялық тұрғыдан қарастыралық, себебі еңбегімізде түрлі мәдениет, соның ішінде неміс және қазақ мәдениетін иеленушілер арасындағы қатынас үрдісін қарастыру жобаланып отыр.
Неміс тіл маманы К. Бюлердің пікірінше, адамның психикалық қабілеттері – ойлау, сезіну және еркін білдіру тілдің үш функциясын-коммуникативтік (хабарлау) функциясын, қабылдау функциясын және үндеу функциясын тудырған. Бұл функцияларға айтылымның үш типі- баяндау, лепті және сезімді оятушы сәйкес келеді. [12, б.65-66].
Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров төмендегі функцияларды бөліп қарайды:
Коммуникативтік функция – тілдің қатынас құралы болу үлесі.
Лингвистика тарихында коммуникативтік функцияның екінші қатарға ысырылған кездері де болған. Мысалы, қазіргі заманғы тіл білімінің негізін қалаушы В.Гумбольдт үшін тіл «адамдардың қоғамдағы сыртқы қатынас құралы» ретінде емес, «олардың (адамдардың) рухани күшінің дамуы мен дүниетанымының қалыптасуының» аспабы, әлемді тану кұралы ретінде шыққан. Демек, Гумбольдт гносиологияны, танымды тілдің жетекші функциясы деп есептеген.
Тілдің гносиологиялық функциясы бір текті емес, кезегінде бір-бірімен байланысты болғанымен айрықшаланатын екі-дискурсивті және кумулятивті (шағын) функцияға бөлінеді. Қос функция дүниені танудың екі жоспарын көрсетеді.

1.3 Тіл және мәдениет

Мәдениетаралық коммуникация екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады. Зерттеуіміздің тұрғысына мәдениетаралық коммуникация терминін нақтыламас бұрын тіл мен мәдениеттің арақатынасын қарастырғанымыз жөн.
Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары. Аталған түрлердің ішінен бұл еңбекте мәдениетаралық коммуникация қарастырылады.

1.4 Мәдениетаралық коммуникация тарихынан

«Мәдениетаралық коммуникация» термині тар мағынасында әдебиетте 1970 – жылдары пайда болды. Сол кезге қарай мәдениетаралық қатынас жағдайларында коммуникативтік сәтсіздіктер мен олардың салдарын зерттейтін ғылыми бағыт та жасақталды. Соңынан мәдениетаралық коммуникация ұғымы аударма теориясы, шет тілдерді оқыту, салыстырмалы културология, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады.
Қазір мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми зерттеулер тілдік қызметте мәдени шартты айырмашылықтарына және солардың салдарларына душарласқан адамдардың мінез – құлқына бағыт бұрған. Коммунниканттардың ахуалдық тілді іс - әрекеттерді айту және түсіндіру кезіндегі мәдени айырмалары сипаттау зертеу нәтижелері болды. Әуел бастан бұл зерттеулер үлкен қолданбалы мәнге ие болып, кросс - мәдени әсерлікті дамыту жөніндегі практикалық сабақтар (тренингтер) үшін сандаған жасалымдарда пайдаланылды.

1.5 Вербальды коммуникация. Вербальды коммуникация тильдері

Қатынастың түрлі тәсілдерінің, амалдары мен стильдерінің үйлесуіне қатысты коммуникативистикада мәдениетаралық коммуникацияның үш негізгі түрі бөлінеді – вербальды, вербальды емес және паравербальды. Бұл еңбекте вербальды коммуникацияның түрі қарастырылады, өйткені вербальды коммуникация адамдар қатынасының әмбебап тәсілі болып табылады да, адамдар соның көмегімен түрлі ақпараттың негізгі бөлігін жіберіп, қабылдайды.
Вербальды коммуникация дегенде сұхбаттасушылардың ой-пікірімен, ақпаратымен, көңіл - күй әсерімен бөлісуін білдіретін тілдік қатынасты айтамыз. [9, б.45-46].
Вербальды қатынас адам коммуникациясының барынша зерттелген алуан түрі болып табылады. Вербальды адам тіліне кез келген басқа белгі жүйесінің көмегімен жасалған хабарды «аударуға» болады. Мысалы, қызыл жарық белгісі «өтуге болмайды», «тоқта» дегенді, спорт жарыстарында басқа қолдың алақанымен жабылған қолды жоғары көтеру «қосымша үзіліс минутын беріңіз» дегенді білдіреді. Коммуникацияның сөйлеу қыры күрделі көп ярусты құрылымға (фонеманың диффереренциалды нышанынан мәтін мен интермәтінге дейін) ие, сан алуан стилистикалық түрлерде (әртүрлі стильдер мен жанрлар, ауызекі сөйлеу және әдеби тіл, диалектілер мен социодиалектілер). Сөйлеу коммуникациясын қамтамасыз ететін жүйе – адам тілі. Сондықтан мәдениетаралық коммуникацияда тілді коммуникацияға қатысушылардың өзара түсінісуіне арналған қатынас құралы ретінде түсінген жөн.

1.5.1 Вербальды коммуникация стильдері

Араласу стилі коммуникацияда маңызды роль аткарады, соның көмегімен түрлі жағдайлар түсіндіріледі, коммуникация бойынша серіктермен қатынас орнайды, проблемаларды шешу тәсілі таңдалынады.
Коммуникация стильдері түрлі мәдениеттерде түрленіп отырады. Т.Г.Грушевская, В.Д.Попков, А.П.Садохин вербальды коммуникацияның төрт тобын (класын) бөледі:
- тура және тура емес;
- астарлы, дәл және сығымдалған;
- тұлғалық және жағдайлық;
- инструментальды және аффективті.
Вербальды коммуникация стильдерінің арқайсысына кеңірек тоқталайық:

Әдебиет
1 Философский словарь/ под ред. И.Т. Фролова - 5-е изд. - М.: Политиздат, 1987, с.207, 333-334
2 Словарь иностранных слов/ под ред. И.В. Лехина и Ф. Н. Петрова издательство иностранных и национальных словарей М., 1981, с.341
3 Розеншток - Хюсси О. Речь и действительность. М.: Лабиринт, 1994, с.36, 58-61
4 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М.: 1996. с.200
5 Dimbleby R, Burton S/. More than Words. An Instruction to Communication. L; N.Y.: 1998, c.67
6 Якобсон P.O. Речевая коммуникация; Язык в отношении к другим системам коммуникации// Избранные работы. М.: Прогресс, 1985. с. 306-330
7 Леонтьев A.A. Психология общения. М.: 1997, с.89-92
8 Гречко В.А. Теория языкознания: учебное пособие/ В.А. Гречко - М.: Высшая школа, 2003, с.267