Нейропсихологияның зерттейтін пәні мен бағыттары
Жоспар
Кіріспе 3
1 бөлім. Нейропсихологияның зерттейтін пәні мен бағыттары 4
1.1 Нейропсихология ғылымының зерттейтін пәні 4
1.2 ЖПФ және оның мидағы механизмі, оның локальды зақымдануы 5
1.3 Нейропсихология ғылымының атасы Лурия 6
1.4 Нейропсихология бағыттары 10
2 бөлім. Нейропсихология ғылымының басқа ғылымдар үшін маңыздылығы 15
2.1 Нейропсихология ғылымдар арасындағы маңыдылығы 15
2.2 Нейропсихологиялық терминдер 17
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19
Кіріспе
Нейропсихология – бас миының локальды зақымдануына байланысты адамның жоғарғы психикалық функцияларының мидағы механизмін зерттейтін ғылым. Нейропсихология – медицинаның және психологияның бір саласы болып табылады.
Нейропсихология – медицинада нейрохирургия, неврология саласы мен физиология мен психологияның торабы арқылы пайда болған. Нейропсихология – психологиялық білім беруде тек теориялық қана емес практикалық мақсаттарды да шешеді.
Теориялық тұрғыда – оның пәні мидың психикалық функциясын зерттейді.
1 бөлім. Нейропсихологияның зерттейтін пәні мен бағыттары
1.1 Нейропсихология ғылымының зерттейтін пәні
Нейро ұғымы – «жанның мидағы өкілдігі» деген мағынаны білдіреді. Ол адамның психологиялық құрылымының жиынтығын білдіреді. Нейропсихологияның зерттейтін пәні – адамның жоғарғы техникалық функциясының мида ұйымдасуын қарастырады. Психология дегенде біз психиканы қарастырамыз. Психика туралы әр түрлі түсініктер болды.
1.2 ЖПФ және оның мидағы механизмі, оның локальды зақымдануы
Нейропсихология – жоғарғы психикалық функцияның механизмі деуге де болады. Ми механизмі жоғарғы психикалық функция арқылы жүзеге асады. Ол жүйелік сипатта болып, механизмі өзгермелі динамикалық болады. Сонымен адамның түрлі жас ерекшелік кезеңінде жоғарғы психиалық функция түрлі ми механизмдерінің арқасында жүзеге асады. ЖПФ-ның жүйелік және динамикалық локализация (мида ұйымдасу) заңы түрлі пайда болған дефектілерде көріне береді. Қалпына келтіру немесе функция бұзылуын қалпына келтіру алғашқы жүйелік ұйымдасуды қайта құру есебінде жүзеге асады.
Психика ауруларын немесе психикалық функцияның бұзылуын қазіргі кездегі әдебиеттерде психикалық дизонтоген деп атайды.