Қылмыстылықты ескерту бойынша криминологиялық теорияның жалпы сипаттамасы
Жоспар
1 Қылмыстылық себептері ұғымы 3
2 Қылмыстылық себептерін жіктеу 8
3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік демографиялық үрдістердің криминологиялық талдауы 11
Ұсынылатын әдебиеттер 22
1 Қылмыстылық себептері ұғымы
Себептілік – бұл себеп пен салдар сияқты екі құбылыстың арасындағы объективті, жалпыға бірдей генетикалық байланыс. Себептілік үрдісі жүйелі түрде уақытқа байланысты дамиды, ал себеп қашанда салдардың алдында болады. Мінез-құлық нормалары мен құнды¬лықтар туралы мағлұматтар адамдар мен жеке тұлғаларда дүниеитаным мен психологияны қалыпсастырып, ақпарат¬тың әрқилы көздері мен жолдары арқылы игеріледі.
Себеп-салдар байланыстарын зерттеуде шексіз «себеп-салдар» буындарын айырып алу жүзеге асырылады. Мұндай айырып алу белгілі бір әрекеттестікті тура анықтаудың ең жақын деген себептерін жүйесін түсініп-білуге мүмкіндік туғызады.
2 Қылмыстылық себептерін жіктеу
Қылмыстылықтың себептері мен шарттары әралуан және олар әртүрлі деңгейде болады. Осыған байланысты оларды ғылыми және практикалық тұрғыдан танып білу үшін тиісті бір дәрежеде жіктеу қажет. Ол былайша жүзеге асады: а)әрекет ету деңгейі бойынша (субординация); б)мазмұны бойынша; в)табиғаты және басқа да өлшемдері бойынша.
Қылмыстылықтың іс жүзіндегі детерминация процесіне сәйкес осы жөнінде айтылған көзқарастардың бәрін пайдалана отырып кешенді талдау жүргізу қажет.
3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік демографиялық үрдістердің криминологиялық талдауы
Жоғарыда келтірілген әдіетемелік және тұжы¬рымдамалық қөзқарастарды басшылыққа ала отырып, қылмыстылықтың себептері мен шарттарын әлеуметтік қайшылықтармен тығыз байланыстыра және қылмыстылық, қылкердің тұлғасы мен криминогенді жағдайлар туралы мәліметтік деректерді ескере отырып талдауға болады.
Кейінгі онжылдық ішінде қоғамымыз бен мемлекетіміздегі қарама-қайшылықтардың күрт өршіп кеткені жасырын емес. Олардың кейбірісі әлеуметтік антогонизм сипатына да ие болып отыр. Өркениетті нарықтық жүйеге өту мен құқықтық мемлекетке айналу жолындағы қиындықтар бастауы кешегі өтпелі кезеңнің объективті қиындықтарынан, сол сияқты -кономикалық, әлеуметтік және құқықтық реформа жүргізудің елеулі қателіктері мен кемшіліктерінен басталған.
Жүйелі түрдегі өзара әрекеттестік заңдылығына бағынатын қылмыстылық крминогенді себепттер мен шарттарға мейілінше кері әсерін тигізеді. Олар әлеуметке қарсы әсері бар қарама-қайшылықтары шешуге аяқ бастырмайды және тежейді. -кономикалық қылмыстылық -кономикалық реформаны айтарлықтай кері тартады, қоғамдық психологияға мейілінше кері әсерін тигізеді.
Барлық қылмыстардың себептерін құқықтық нигилизм құрайды: құқық бүзушылардың жазадан сескенуін жоғалту, жазадан құтылып кетуді ойластыру. Қылмыстың мейлінше жасырындылығы, ашылу нәтижесінің төмендігі, құқық қорғау органдарының осалдығы, қоғамның атсалыспайтындығының бәрі құқықтық нигилизмнің және қылмыстылықтың өсуіне жағдай туғызады.