Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Аудит

Тип: Курсовая работа

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы

КІРІСПЕ
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:

1 Тауарлы – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы
1.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.
13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар – бұл:

1.2 Тауарлы – материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу
Тауарлы – материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.

2 Тауарлы – материалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар
2.1 Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
Лимиттік – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.

2.2 ТМҚ синтетикалық есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу
Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметермен салыстырады. Құжаттың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайданылады, ал екінші даналары – материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық көшірмелері бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсатта қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін салыстыру тексеру үшін пайданылады. Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастыралады, ол тауарлы-материалдық құндылықтар кірісі мен шығысы бойынша 20 «Материалдар» бөлімшесінің жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімдемеді материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша қалдығы шығарылады. Материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесін көрсетіп өтемін.

3 Тауарлы –материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары
Біріншіден ТМҚ есебін жетілдіру мен қарастыруым бойынша бухгалтериялық есепті жүргізуде қолданылатын бағдарламаларды көрсетемін. Яғни, бухгалтерлік жұмысты жеңілдету, тездету және шығын аз келтіріп қызмет жүргізуді таңдаймын. Қазір мен ПК Компьютерленген бухгалтерия «Алтын» бағдарламасында, жабдықтаушылар мен жұмыс жасау және тауарлы – материалдық қорларды қоймаға қабылдау жөнінде айтып кетемін.
Негізгі жұмыс «Қойма» есебінде жүргізіледі, «Алтын» бағдарламасында аналитика қандай да болмасын балансттық шотта бес баспалдақты болады. «Қойма» есебінде келесі функциялар жүзеге асады:

ҚОРЫТЫНДЫ
Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Тауарлы – материалдық қорлар қалдығын есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы – материалдық қорларының құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. Егер № 7 БЕС «Тауарлы – материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандартына келесі төрт әдістерін ұсынады: Ерекше ұқсастыру, Орта құн есептеу, Фифо әдісі және Лифо әдісі.ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде өзіндік құн немесе мүмкіндік сату бағасы бойынша жүзеге асады. Қордың өзіндік құн орташа өлшенген құн бойынша немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады.