Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасы конституциялық негіздерінің түсінігі, пәні

Жоспар
1. Конституциялық негіздер түсінігі және пәні 3
2. Констицуциялық құқықтың бастауларына сипаттама 4
3. Конституциялық негіздер әдісі мен рөлі 6
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 7

1. Конституциялық негіздер түсінігі және пәні
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқықтық негіздер құқықтың басқа салалары сияқты заңдық нормалар жиынтығын құрайды. Олар ортақ белгілермен анықталған, сонымен қоса құқықтың басқа салалары нормаларынан ерекшеленетін ішкі бірлікпен сипатталады.
Конституциялық құқықты құқықтың саласы ретінде, ғылым ретінде және оқу пәні ретінде қарастыруға болады.Құқықтың кез-келген саласымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәні деп аталады.

2. Констицуциялық құқықтың бастауларына сипаттама
Қазақстан Республикасының конституциялық құқық бастаулары деп Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғам құрылым негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұғынылады. Конституциялық құқықтың бастаулары нысандары бойынша да, маңызы жөнінен де сан салалы. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негізгі бастауы Конституция болып табылады. Бұл Конституцияның жоғары заң күші барлығымен және Республиканың барлық аумағында тікелей әрекет ететіндігімен түсіндіріледі. Барлық басқа бастаулар Конституция нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиіс.

3. Конституциялық негіздер әдісі мен рөлі
Конституциялық құқық әдісі деп қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал етудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ұғынылады.Конституциялық құқықтың негізгі әдістері міндеттеу, шектеу және рұқсат ету әдістері болып табылады. Конституциялыққұқықтық әдіс биліктік-империативтік бастауларда негізделеді. Конституциялық-құқықтық реттеудің негізгі нысаны міндеттеу әдісі болып табылады.
Рұқсат ету әдістерімен адам және азаматтың құқықтық мәртебесі реттеледі, сондай-ақ мемлекеттің конституциялық органдарының өкілеттігі белгіленеді.