Мемлекеттік бюджет..
Жоспар
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі 3
2. Мемлекеттік бюджет кірістері, олардың құрамы мен құрылымы 9
3. Нарықтық үлгідегі экономикалық бюджет шығыстарының ерекшеліктері 11
4. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы. Бюджет жүйесін құру принципі және оның құқықтық негіздері 14
5. Бюджет жіктеуі, бюджет процесі, оның кезеңдері. Бюджеттік бағдарламалар 18
6. Жергілікті қаржыландырудың маңызы, қаржы жүйесіндегі олардың орны 22
7. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыру 27
Әдебиеттер 35
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Қаржылық қатынастар жүйесінде, субьектілердің мемлекет алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауы бойынша мемлекеттің субьектілерімен қатынасы ерекше орын алады. Мемлекетте құралатын ақша қорлары – орталықтандырылады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі көзі болып қатысады. Бюджет, өзінің маңызы бар, функцияларды орындайтын, көптеген белгілері бойынша жіктелетін мемлекеттің негізгі ақша қоры болып саналады. Мемлекеттің өмір сүруі «бюджет» ұғымымен ажырағысыз байланыста. Осыдан, мемлекеттік бюджетті, объективті түрде қажет, бірақта қондырмаға, әрбір нақты кезеңдегі саясатқа қатысты болатын экономикалық категория ретінде сипаттауға болады.
2. Мемлекеттік бюджет кірістері, олардың құрамы мен құрылымы
Бюджет кірістері – бұл өзіндік қоғамдық маңызы бар және мемлекет қызметінің қаржылық базасы болып саналатын, объективті келісілген категория.
Процесте оның жұмыс істеу материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне келіп түсетін, қаражаттар жиынтығы құралатын экономикалық қатынастар жүйесі мемлекеттік кірістер болып түсіндіріледі.
Мемлекеттік кірістерді қалыптастыру мемлекеттің белсенді қатысуы жағдайында жүзеге асырылады: ол таза кірістің үлесін, кәсіпорындар мен ұйымдарда қалдырылатын және бюджеттегі орталықтандыруды білдіреді, сондай-ақ халықтың жеке кірістерінің бір бөлігін және бюджеттің өзге қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістерді жіктеу мемлекеттік кірістердің экономикалық табиғатын, олардың құрамын және нысаналы бағытын, қалыптастыру принциптерін, яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін терең түсінуге мүмкіндік береді.
5. Бюджет жіктеуі, бюджет процесі, оның кезеңдері. Бюджеттік бағдарламалар
Кез келген мемлекетте, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты бюджеттің жұмыс істеуі ерекше экономикалық формалар – бюджет кірістері мен шығыстары арқылы жүзеге асырылады. Олар құндық бөлудің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Екі категорияларда объективті, бюджеттің өзі сияқты өзіндік қоғамдық тағайындалуға ие: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес орталықтандырылған ресурстарды бөледі.
Бірақ та, ұзақ уақыт қолданылып келген бюджет жіктеуі бюджет қаражаттарын болжау, есебін жүргізу мен бақылау, сондай-ақ бюджет процесін жүзеге асырудың осы заманғы талаптарына жауап бере алмады.
Сондай-ақ шығыстарда функционалдық және экономикалық жіктеу көзделген. Осы жіктеуге сәйкес шығыстар мынадай алты бөлімге бөлінеді:
Функционалдық жіктеу қызмет түрлерінің, іс-шаралардың және бюджет қатынастарына қатысушылардың толық сипаттамасын білдіреді.
Шығыстардың экономикалық жіктеуі оларды экономикалық белгілері бойынша:
6. Жергілікті қаржыландырудың маңызы, қаржы жүйесіндегі олардың орны
Жергілікті қаржылар, сол арқылы жергілікті басқару органдары, өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес, ақшалай формадағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жұмылдыратын, бөлетін және пайдаланатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Оларға жергілікті бюджеттер, арнайы бюджеттен тыс қорлар мен жергілікті басқару органдарының меншігіндегі шаруашылық субъектілерінің қаржылары кіреді.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеті, Бюджет Кодексімен айқындалған және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), оларға ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін тағайындалған (белгіленген), салық және өзге түсімдер есебінен қалыптасатын, орталықтандырылған ақша қоры болып саналады.
Қаржы қатынастарын бюджет түрінде ұйымдастырудың екі үрдісі қолданылады:
Теорияның маңызы мынада: мемлекеттік шаруашылықтың бүкілі (экономиканың мемлекеттік секторына кіретін, барлық кәсіпорын, мекеме мен әкімшілік құрылымдар), онда деңгейлер арасында басқару функцияларының бөлінісі мен олардың саты бойынша заңдық бағынуы өмір сүретін, көпдеңгейлі жүйені білдіреді. Осымен байланысты келесі мәселелер негізгі назарда болуы тиіс:
7. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыру
Нарықтық экономикада, олардың аумақтарында экономикалық және әлеуметтік қызметті неғұрлым кең түрде либерализациялау арқылы әкімшілік-аумақтық бірліктерді дамытудың өзіндік ұйымдық-экономикалық әдістері кең тарау алды. Бұл әдістер, еркін немесе арнайы экономикалық аймақтар түрінде, экономиканы дамытудың нарықтық жолын таңдап алған елдерде маңызды түрде дамыды. Экономикалық қызметтің еркіндік дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан да олардың атауларында: еркін сауда аймағы, еркін кеден аймағы, субаймақ сияқты нұсқалар болуы мүмкін; оффшорлық аймақтар немесе аумақты экономикалық либеризациялаудың ең шекті нұсқасы болуы мүмкін.