Бөгенбай батыр (қазақша)
Ақшаұлы Бөгенбай (1680-1775) – жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, қолбасшы сардар. Шыққан тегі – Орта жүздің арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен.
Бөгенбай батырдың соңғы үлкен жорығының бірі – Аягөз өзені бойында болған. Қазақ қолына төтеп бере алмаған жоңғарлар жеңілгенің мойындап, келісімге келуге мәжбүр болған. Осы арада батыр жоңғарлардан ақ үйлі аманат алып, олардан бұдан былай Бөгенбай белгілі бітімші мәмлегер де болған. Ол Абылай ханның Қытайға жіберген елшілігін басқарып барып, екі елдің арасында бейбіт қарым-қатынастың орнауына үлкен үлес қосады.
«Қанжығалы қарт Бөгенбай» кітабынан
Бөгенбай бастаған қол Сарыарқадан аттанып сол бетінде Зайсан көліне бір-ақ тоқтады. Жолай қалмақтың бірлі-жарым жан сақтап қашып жүрген адамы кездеспесе басқа жан жоқ. Қалмақтың көбі Зайсан көлінің оң жағасында ескі заманнан бері келе жатқан қалашықтардың маңына ұйлығып, жиналған екен. Зайсаң көл Алтай мен Тарбағатай арасында, Қара Ертістің ағысында орналасқан көл. Ертіс осы көлдің шығысынан еніп батысынан шығып кетеді. Бұл жер алапат қазан шұңқыр сияқты. Жан-жағының бәрі Орталық Азияның алапат таулы-тасты жоталары. Сол ірі жотаның бірі Тарбағатай мен Сауыр-Сайқанның арасында жатқан Маңырақ. Қазақ үлкен жотаны Қой Маңырақ, кіші жотаны Қозы Маңырақ дейді. Бөгенбайдың алдымен кездескені осы екі Маңырақтың арасындағы көп қалмақ.
Қазақтың екі ғұламасы бір ғасырға жуық тіршілікке осы жолы сараптама жасады. Қазақи аттың аяңы қандай жақсы асықпай әңгімелескен екі жыраудың көкіректеріндегі түйген ойлары асыл- жауһардай мөлдір, алмастай өткір, теңіздей терең, шыңдай биік: