Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Инфляция ұғымы және мәні 5
1.1 Инфляция көпфакторлы құбылыс 5
1.2 Инфляцияның түрлерін жіктеу 6
1.3 Инфляцияның себептері 10
2 Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат 13
2.1 Инфляция мәні мен салдары 13
2.2 Филлипс қисығы 16
3 Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері 24
3.1 Өтпелі экономикалық кезеңдегі Қазақстан Республикасының жағдайы 24
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 31
Кіріспе
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
1 Инфляция ұғымы және мәні
1.1 Инфляция көпфакторлы құбылыс
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі.
1.2 Инфляцияның түрлерін жіктеу
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді. Инфляцияның мыныдай типтері болады.
Баға өсуінің қарқыны бойынша:
1. Бірқалыпты – жылына 10% - ға дейін
2. Шоқырақтау – жылына 20% - дан 200% - ға дейін.
3. Гиперифляция – жылына 1000% - ға дейін.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның бірқалыпты(баяу) түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден – бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттен отыруға мүмкіндік береді.
1.3 Инфляцияның себептері
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жургізілетін болса, түптен келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
2 Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
2.1 Инфляция мәні мен салдары
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
1.-сурет.
Филлипс қисығы. Қисық сызықтың жылжуы стагфляциялық жағдайды көрсетеді
Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс кисығын қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.
Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс-әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.
Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сєйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.
3 Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері
3.1 Өтпелі экономикалық кезеңдегі Қазақстан Республикасының жағдайы
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс кұрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
Қорытынды
Информацияның жеке жағдайлары тарихта орын алғанына қарамастан инфляция жаңа экономикалық фактор болып табылады. Инфляция – бұл көп факторлы үрдіс, және монетаристердің көзқарасы бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс. Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды.