Пейзаж. Жыл мезгілдері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 - тарау. Пейзаж жанрының түсінігі мен жалпы даму ерекшеліктері 5
1.1. Пейзаж жанрының жалпы түсінігі 5
1.2. XIX ғасырдағы пейзаж жанрындағы орыс суретшілерінің еңбектері 5
1.3. Қазақстан суретшілері, олардың пейзаж жанрына қосқан үлесі 8
2 - тарау. Пейзаж жанрының негізгі ерекшеліктері 14
2.1. Пейзаж жанрының мәні 14
2.2. Жұмысқа қажетті құралдар 16
2.3. Менің курстық жұмысым 18
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
КІРІСПЕ
Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай беруге тырысады. ХVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.
Кез - келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді, әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда болады.
1 - тарау. Пейзаж жанрының түсінігі мен жалпы даму ерекшеліктері
1.1. Пейзаж жанрының жалпы түсінігі
Пейзаж – «Раусаде» деген француз сөзінен шыққан, табиғатты, ландшафты бейнелеу деген мағына білдіреді.
Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде VII – X ғасырларда Еуропадағыдан ертерек қалыптасты. Еуропалық кескіндеме XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнеріне пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың соңына тұспа – тұс келеді.
1.2. XIX ғасырдағы пейзаж жанрындағы орыс суретшілерінің еңбектері
XIX ғасырдың екінші жартысы - А.К.Саврасов, Л.Л.Каменев, И.К.Айвазовский, И.И. Шишкин, А.И.Куинджи, М.К. Клодт, Ф.Васильев, В.Д.Поленов, И.И.Левитан, К.А.Коровин және т.б. сынды тамаша шеберлердің еңбектерін көркем өнер аренасына шығарған орыстың пейзаждық кескіндеме заманының жоғары дәрежедегі гүлдену шағы.
Орыстың пейзажды кескіндемесінде В.Д.Поленов ерекше орын алады. Ол өзін өнердің әртүрлі бағытында – тарихи және жанрлы кескіндеме түрінде сынаған, жан – жақты шығармашылық бағыттағы адам болды. Ол орыс өнерінің тарханы пейзажшы ретінде енді. Оның еңбектері – «Разлив на Оке» (1918), «Московский дворик», «Бабушкин сад», «Заросший пруд» (1870 – 1890), «Ранний снег», «Золотая осень».
1.3. Қазақстан суретшілері, олардың пейзаж жанрына қосқан үлесі
Әбілхан Қастеев – қазақтың тұңғыш кәсіби кескіндемешісі. Ә.Қастеев қазақ мәдениетіндегі үлкен құбылыс. Ол республикамызда тұңғыш рет Қазақ ССР – ң халық суретшісі деген құрметті атаққа ие болды. Кәсіби суретші атанған кезде ол 40 жаста еді... Ал, сурет өнерінің сырын орда бұзар 30 жасқа келгенде ұққан....
Ә.Қастеев 1904 жылы қарлы қаңтарда қазіргі Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген.
Қазақ қыздарының ішінен тұңғыш суретшілік мамандық алған Қазақ ССР – ң халық суретшісі Айша Ғалымбаева еді. А.Ғалымбаева шығармаларының образдары лирикалық сезімге толы, оның көркем полотноларына нәрлі калорит, сурет салудың декоративті және ұлттық айрықша белгілері тән.
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева 1917 жылы 29 – желтоқсанда Алматыға таяу жердегі Есік селосында дүниеге келген. 1943 жылы Алматы көркемөнер училищесін бітірген соң, ол 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында суретші - көркемдеуші деген мамандық алып шығады.
Суретші Қазақстанға келгеннен кейін көп ұзамай «Жамал» деп аталатын картинасын салады. Суретші талантының жарқ етіп, өзгеше танылуы оның туған жермен қауышуын көрсеткендей еді. Жамал образы ұлттық табиғилығымен тұлғаланады. Суретшінің картинасы өз анасының атымен атауы да кездейсоқ емес – Қазақстанның табиғатымен табысуы ол үшін ең ізгі, ең жарқын адамын есіне түсіргендей еді. Шығарма өзінің сыршылдығымен, тылсым толғанысымен тартымды. Сол кезде – ақ, кейіпкерінің табиғи сұлулығы мен тумысы шығыс әйеліне тән сыпайылықты айқындауда жас суреткер тұлға мен негізгі түс арақатынасын асқан дәлдікпен таба білген – ді.
Туған халқының тағдыры мен тарихы туралы философиялық ой толғау – Телжановтың творчестволық дүние танымына тән қасиет. Шебер суреткер өзінің көркемдік пайымдауларына замандастарымыздың өмірінен алуан түрлі тақырып табады.
2 – тарау. Пейзаж жанрының негізгі ерекшеліктері
2.1. Пейзаж жанрының мәні
Адам әу бастан – ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ көп уақытқа дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға – тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып келген. Тек XVII ғасырда ғана бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар пайда бастады.
Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Голландия – Солтүстік теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен жазықта орналасқан ел. Егер тоспалар мен бөгеттер болмаса, ол түп – түгел су астында жатуы мүмкін еді. Табиғатпен қатал да қиын күрес голландтарды өздерінің шағын болғанымен, көрікті елін көздің қарашығындай қастерлеп, сүйіп өсуге баулиды. Сондықтан да олар өз жерін бейнелейтін картиналарды өте ұнатады. Міне, теңіз жағасында дөңкиіп – дөңкиіп жатқан тау – құм шағылдары, міне, мал жайылып жатқан ну шалғын, өзен жағасындағы жел диірмендер. Соның бәрін суретшілер өз өлкесінің портреті деп ұғып, мейлінше тәппіштеп мұқият көрсете білген.
2.2. Жұмысқа қажетті құралдар
1. Холст (кенеп).
Суретшілер өз шығармаларын көбіне – көп майлы бояумен зығыр талшығынан тоқылған кенеп матаға (холст) салады. Сондықтан жа жұрттың пәлен деген суретшінің шығармасы демей, бұл «холст» түгеншенің қолынан шыққан деп жатқанын жиі естиміз. Кейде тіпті пәлен деген суретшінің полотносы дей саламыз.
2. Төсек (грунт)
Суретшілер өз шығармасының ұзақ ғұмыр жасағанын, бояуының уыты мен әрін жоғалпағанын және шытынап жарылып – жарылып кетпегенін қалайды.
XVII ғасырға дейін суретшілер өз шығармасын ағаш тақтайдың бетіне салған –ды.
Ондай төсек тақтайды дайындаудың өзі де оңайға түспейтін – ді. Оның еш жерінде безі болмауға, әрі әбден семіп қатқан құрғақ болуға тиісті. Ол үшін тақтай көптеген жылдар бойықұрғақ жерде сақталып кептіріледі. Сосын май сіңіріп, арнайы құраммен бетін сылап, өңдейді. Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері шәкірттерінің көмегімен бояуларын өздері ұнтақтап, өздері езіп, тақтайларын өздері өңдепті.
2.3. Менің курстық жұмысым
Қазіргі кезде пейзаж жанрын бейнелеу өте жақсы дамыған. Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат - кеңістіктегі сұлу табиғатты көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу. Мен өз курстық жұмысымды зерттей отырып, орыстың атақты суретшісі И.Шишкиннің сурет салу техникасына сәйкес етіп, өз жұмысымды жаздым.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы пейзаж жанрына арналғандықтан мен табиғаттың сұлу көрінісін және туған жердің, туған қаланың әдемі сұлу көрінісін, сылдырлаған суын, жайқалған желектерін бейнелеп, оны әрі қарай дамытуды ұйғардым.
ҚОРЫТЫНДЫ
Табиғаттың шексіз ғажап әртүрлі күннің шуағы, қоршаған орта таусылмас түсінің адамға, оның шақыратын әсерін бейнелеу өнерінде пейзаж деп аталатын жанр түрін пайда болғызды. Оқушыны өмірге үйрету үшін тек қана бір жақты білім мен тәрбие беріп қоймай, сонымен қатар, оның жеке қабілетін дамытып, жаңа бір нәрсе ойлап табуға, әдемілік заңдарымен өмір сүруге үйрету керек. Бұл тақырыптағы кескіндемені түсі бір рең бере алатын нәрселердің бәрімен жазуға болады. Суретшілер қауымы өз талғамын білдіріп, өнер қайраткерлері сол кездегі тіршілікпен демалып, өз жұмыстарын іздеген, ал суретші жыраулар сияқты болашаққа да жорық, жаңалыққа ұмтылуы, күресуі керек. «Суретші» - «суретші емес, ол әрдайым табиғат аясында палитрасымен шырқалса, тіршіліктің мұң – мұқтажын жырламаса, жақтамаса» .... алау, авангардизм, жұмбағымен тіршілікті аңсауы керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Беда Г.В. Живопись: Учебник для студентов пед.институтов по спец. «Черчение, изобраз. искусство и труд». – М.: Просвещение, 1986.
2. Бенуа А.Н. История русской живописи в XIX веке. – М.: наука, 1993.
3. Вагнер А.К. С веком наравне. – М.: Просвещение, 1976.
4. Каменова А. Кемпірқосақтың түсі қандай. – Алматы: Өнер, 1981.
5. Мальцева Ф.С. Мастера русского реалистического пейзажа. – М.: Просвещение, 1982.
6. Островский Н.К. Рассказы о русской живописи. – М.: Искусство, 1971.
7. Памятники мирового искусства. Русское искусство XIX – начала XX века. / под редакцией А.С.Петрова, Б.И.Каменского. – М.: Наука, 1972.
8. Русское искусство. Очерки о жизни и творчестве художников. – М.: Просвещение, 1981.
9. Стасевич В.Н. Пейзаж. Картина и действительность. – М.: Наука, 1984.
10. Федоров – Давыдов А.А. Русский пейзаж XVIII – начала XIX века. – М.: Наука, 1953.
11. Шорохов Е.В. Композиционная живопись. – М.: Искусство, 1986.
12. Щипанов А.С. Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге. – М.: Наука, 1981.
13. Ягодовская А. О пейзаже. – М.: Наука, 1963.