Заңды жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері
Мазмұны
Кіріспе 3
1 тарау. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны 5
1.1. Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі 5
1.2 Құқық бұзушылық түрлері 12
1.3 Құқық бұзушылық себептері және оны алдын алу шаралары 15
2 тарау. Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері 18
2.1. Заңды жауапкершіліктің ұғымы және түрлері 18
2.2 Заңды жауапкершілікті жүзеге асыру 50
2.3. Заңды жауапкершілікті болдыртпайтын жағдайлар 54
Қорытынды 58
Пайдаланған әдебиеттер тізмі 60
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбы “Заңды жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері”.
Дипломдық жұмыс екі тараудан және алты бөлімнен тұрады.
Бірінші тарау құқық бұзушылық деп аталады. Аталған тарауда құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері,түсінігі, құқық бұзушылықтың түрлері, құқық бұзушылықтың себептері және оларды жою жолдары қарастырылады.
Екінші тарау заңды жауапкершілік деп аталады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады. Екінші тарауда мынадай мәселелер қарастырылады, яғни заңдық жауапкершіліктің түрлері және белгілері, түсінігі, заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы, заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән жайлар, заңдық жауапкершіліктен босату негіздері.
Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және заңды жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заң қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтыда.
Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.
Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.
Сондықтанда дипломдық жұмыста мемлекет және құқық теориясы қарастыратын ұғымдар, принциптер қарастырылады. “ Заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері “ тақырыбы бойынша мақала, монография және басылымдарды сонымен қатар әртүрлі оқу әдебиеттеріндегі қайнар көздерді оқу, тақырыптың мазмұнын ашып зерттеуде анағұрлым толықтай зерттеуге үлкен мүмкіндік береді.
Сонынмен бұдан дипломдық жұмыстың мақсаты шығады:
- “ Заңдық жауапкершілік және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі” тақырыбы бойынша жеке зерттеу.
- Зерттеу тақырыбы бойынша (анализ және талдап қорыту) тәжірбиелер пайдалану.
- Құқық бұзушылық профилактика мәселесі бойынша жаңа бағыттар жасау.
- Практикада оқып білумен байланысты ұсыныс енгізу.
1 тарау. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны
1.1. Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.
Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес” деген . Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады.
Құқық бұзушылықтың субьективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы құқық бұзушылық істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.
Кінә - бұл адамның қасақаналық пен немесе абайсызда істеген қоғамға қауіпті іс - әрекетіне және қоғамға зиянды зардабына деген көзқарстарының жиынтығының көрсеткіші.
Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана жауапқа тартылуы тиіс.
1.2 Құқық бұзушылық түрлері
Кейбір сипатына қарай құқық бұзушылықтар жалпы бірдей болғанмен , олар өте әртүрлі болып келеді. Бұл әлеуметтік қатынастардың әртүрлі мазмұнымен, субьектілердің көп жақтылығымен, жасау мақсатымен, өмірдегі жағдайлармен және т.б.анықталады.
Осындай кең ауқымды құқық бұзу актілері оларды әртүрлі бөлімдерге жіктеуіне әкеледі.
Қоғамдық өмірге байланысты оларды:
A. Экономикалық құқық бұзу;
B. Басқару қызметінде құқық бұзу
C. Отбасында тұрмыстық жағдайда құқық бұзу деп бөледі.
Ал құқық бұзулық мақсаттарын:
A. Белглі бір мақсатқа жету мақсатында құқық бұзу
B. Бірнеше мақсатқа немесе мақсат қоймай құқық бұзу.
Ең көп тараған және әлеуметтік маңызды құқық бұзушылықтың әлеуметтік қауіпсіздігіне (зардабына ) байланысты жіктелуі болып табылады. Бұл жағдайда барлық құқық бұзушылықтар қылмыс және терісқылықтар болып бөлінеді.
Қылмыстар қоғамға аса қауіптілігімен ерекшеленеді. Олар ең маңызды қылмыстық заңмен жанасушылықтан қорғалатын құндылықтарына жанасады. Қылмыс жасаудың обьектілері болып қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйесі, әртүрлі жеке меншік және басқада азаматтар құқықтары (саяси, еңбек, меншік) саналады.
Қоғамға қауіптілігіне байланысты қылмыс істегені үшін заң қатаң жазалар қолданады. Қылмыстық заңмен қаралған қылмыстық істер басқа құқық бұзуларға қарағанда талқыланып толық түсіндірілмейді.
1.3 Құқық бұзушылық себептері және оны алдын алу шаралары
Сонау ерте заманнан бері, құқық пайда болып, құқық бұзушылық пайда болғаннан бері теориялық құқықтық ойлар құқық бұзудың себебін соның ішінде қылмыстың жасау себебін сұрағына жауап іздеуде. Неліктен іс қимыл пайда болды, не себепті ол құқықтық принциптерді, ержелерді бұзады? Осы құқық бұзуларды қалай қоғамдық өмірден ығыстырып шығаруға болады? Бұл сұрақтарға жауап іздеу ғасырлар бойы жалғасып әлі күнге дейінгі шешімін тапқан жоқ.
Құқық бұзушылықтар қоғамдық кең тараған құбылыс. Ол барлық елдерде, аймақтарда да бір динамикалы жүйе. Сондықтанда пайда болуының себептерін атауға өте қиын. Сонымен қатар нақты индивидуалды құқықбұзушылық себепімен белглі бір құқы бұзу себебінің арасында айырмашылық бар.
2 тарау. Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері
2.1. Заңды жауапкершіліктің ұғымы және түрлері
Заңды жауапкершілік ұғымымен байланысты сұрақтар мемлекет және құқық теориясында дискуссоналды болып табылады. Заңды жауапкершілік туралы көптеген анықтамалар бар, оларды бір жақты салысту мүмкін емес.
Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның қоғамға және мемлекетке, басқа тұлғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір талаптарды орындауы.
Жаупкершілік тар мағынада немесе әлеуметтік – заңдық мағынада құқықбұзушылық жасаған тұлғаға заңда көзделген тәртіптпен мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану.
Заңды жауапкершілікке негіз болып құқықбұзушылық танылады.
Заңды жауапкершілікті сипаттайтын негізгі белгілер:
Қылмыстық жауапкершілік
Кез келген заң бұзушылық мінез-қылық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал қылмыс дегеніміз-қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан: қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар, орыстар, тағы басқалар болуы мүмкін.
Қылмыскерлерден әсіресе жасөспірімдер зардап шегеді. Олар құрбандыққа тікелей де, жанама түрде де тап болады. Егерде адам қылмыс істесе, оның балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленбесе, үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.
Кәмелеттік жасқа толмаған және 16 жастағы жасөспірім кез келген қылмысы үшін жауапқа тартылады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын жазалар мыналар: а) айып салу; ә) белгілі бір кәсіппен айналысу еркінен айыру; б) қоғамдық жұмыстарға тарту; в) тәртібін түзету жұмыстары; г) тұтқындау; ғ) еркінен айыру.
Заң бұдан басқа да жазалау түрлерін белгілейді.
Қылмысты, істі қарау және жазалау шараларын белгілеу кезінде сот жазаны жеңілдету жайын да қарастырып отырады. Заң қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайларды белгілейді. Оларға мыналар жатады:
1. Егер кінәлі адам істеген қылмысының артындағы зардабын өзі жойса. Мұның мәнісі-кінәлі адам зиянды зардапты толық жойды немесе одан ауыр зардапқа жол бермеді деген сөз. Мысалы, қылмыскер біреудің үйіне өрт қояды да, дереу оны өзі сөндіріп, өртті әрі қарай өршітпейді. Кінәлі адам келтірілген зиянды төлейді. Мысалы, кассир кассадан ақшаны алады, бірақ артынан алған ақшасын кассаға қайтарып береді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы.
Күнделік өмірде адамдар бір-бірімен әрқандай сипатта (мүлікті не мүліксіз) түрде де байланыс жасайды. Ал мұның жеке азамат үшін де, мемлекетті тұтастай алғанда да аса зор маңызы бар. Біреулер материалдық игіліктер (азық-түлік, өндіріс заттары немесе басқа да қажетті заттар мен бұйымдар) өндірсе, басқа біреулер оны тұтынып, материалдық және рухани қажеттіліктермен өздерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп өндіруші мен тұтынушының арасында белгілі бір қатынас қалыптасады. Мүліктік қатынас сатушы мен сатып алушының арасында туады сонымен бірге біреуге біреудің қызмет етуі мен қызметті пайдалануы көрініс береді. Осындай қатынастардың қоғамдық маңызына қарай мемлекет, осы сияқты байланыс шеңберінде бұған қатынасушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Азаматтық мүліктік қатынастың ерекшелігіне қарай екі жақ та тең құқықты болып есептеледі.
Мүліктік игіліктерге басқа да заттар жатады.
Мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға адамның өмірі, денсаулығы, жеке адамның қадірі, ары, іскерлік дәрежесі және басқа да материалдық емес игіліктер жатады.
Барлық көрсетілген объектілер адамдар арасында туатын азаматтық-құқықтық қатынастардың қайнар бастауына қызмет етеді. Мұндай қатынастарға адамдар келісім жасау, өздеріне міндеттер алу жолымен түседі.
Келісім – адамдардың азаматтық құқық пен міндетті орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс-әрекеті. Келісім бір жақты болуы мүмкін. Мысалы, өсиет қағаз жазу. Ал мұраны қабылдап алу үшін ешкімнің келісімі талап етілмейді. Сондай-ақ келісім екіжақты немесе көп жақты да болады. Мұны келісімшарт деп атайды.
Әкімшілік – құқықтық жауапкершілік туралы
Заңдық жауапкершіліктің ерекше түрі әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Мұнда заңдық жауапкершіліктің барлық түрлері бар: құқық нормасының негізі бойынша, мемлекеттік мәжбүр ету бойынша құқық нормасының бұзылуы.
Заң әкімшілік жазаның төмендегідей түрлерін қарастырады:
Ескерту. Ұсақ әкімшілік құқық бұзушылыққа жазбаша қаулы қабылдау түрінде ескерту шарасы қолданылады. Кінәлі адамға өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы болғандығы айтылып, түсіндіріліп ондай кемшілігін жою және бұдан былай болдырмауға міндетті екенін ескертеді.
Айып салу. Бұл мүліктік көріністегі шара. Келтірілген құқық бұзушылықтың мөлшеріне қарай айлық табысын есіне ала отырып белгілі мөлшерде төлетіледі.
2.2 Заңды жауапкершілікті жүзеге асыру
Бұл сұрақта міндетті түрде мазмұны мен категорияларын қарастыру қажет, бұнда яғни заңды жауапкершілік, функциясы мен және заңды жауапкершіліктің негізгі принциптері арасындағы байланысы қарастырылады.
Заңды жауапкершілік нақтылы бір құқықта және фактілік негізде қолданылуы мүмкін бұл негізге мыналарды жатқызуға болады:
2.3. Заңды жауапкершілікті болдыртпайтын жағдайлар
Кез келген құқыққа қарыс бағытталған әрекет, заңды жауапкершілілкке әкеп соғады. Бірақта осы атылған ереженің криминогендік қоғамдық қатынастың ерекшелігіне байланысты қолданылмайтын жерлері бар, яғни заңшығарушы құқық бұзушылық болған жағдайда да жауапкершілікті болдыртпайды. Олар мына жағдайларда:
Қорытынды
«Заңды жауапкершілік және олардың түрлері » тақырыбын жан-жақты зерттеуде белгілі бір қиындық болды, себебі оқулықтарда, ғылыми заңи әдебиеттерде не заңнамаларда көптеген даулы сұрақтаға қатысты бірыңғай позиция жоқ.
Сонымен, құқықбұзушылық классификациясына қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Әдетте теріс қылықтардың үш түрі болады: азаматтық, әкімшілік, тәртіптік теріс қылықтар. Сондай-ақ басқа авторлар өзіндік топ ретінде конституциялық, іс жүргізу, еңбектік және тағы да басқа түрлерін атап өтеді, және құқықбұзушылық пен құқықтық жауапкершіліктің біршама түрлі анықтамалары бар. Олар бір-бірін толықтырып отырады.
Құқықтық жауапкершіліктің негіздері құқықбұзушылықтар болып табылады, яғни құқықбұзушылық болмаса, жауапкершілік те болмаған еді. Құқықбұзушылық қоғам үшін қажетті емес құбылыс болғаннан, қоғам оны болдырмауына тырысады. Құқықбұзушылықпен күрес үшін оның себептерін білу қажет.
Құқықбұзушылық себептері мен оның шешу жолдары туралы философтар мен құқықтанушылар ертеден ойлап жатыр, қазіргі уақытта да бұл мәселе өз шешілуіне әлі де алыс.
Құқықбұзушылықтар тым әртүрлі деп айтуға да болады. Құқықбұзушылықтың ең қауіпті түрі қылмысты зерттейтін жалғыз ғылым – криминология.
Криминологияда қылмыстың түрлі себептерін түсіндіретін мектептердің саны өте көп. Бірақ онда да ғалымдардың көбі қолдайтын бір ортақ көзқарас жоқ.
Сонымен бірге қылмыс үшін болатын қылмыстық жауапкершілікте өлім жазасы сияқты шара бар. Оған қатысты көптеген елдерде қалдыру не қалдырмау туралы даулар жүріп жатыр.
Ондай шараны қалдыруға қарсы аргументтері оның қылмыс жағдайына ешқалай әсер етпейтінінде. Сондай-ақ, сот қателігін де түзеу мүмкін емес болады.
Ресейдің өлім жазасын алып тастауы оның Еуропа Кеңесіне кіруімен байланысты. Себебі бұл одақтастық шарттарының бірі болып табылады.
Сонымен, өлім жазасы – бұл көптеген уақыт бойы көзқарастардың қиылыстыру мен дауларын туғызған қылмыстық жауапкершіліктің түрі. Бұл шара бір уақытта енгізіліп, бір уақытта қайтарылып жүрді. Ал ХХ ғ. соңында бұл өшпейтін дау тағы да жаңа күшпен жанданды.
Тағы да айта кететін жайт, бұл қылмыстың әрқашан болмағаны туралы. Ол қоғамды класстарға бөлуінен, мемлекет және құқық сияқты әлеуметтік институттардың пайда болуынан, жеке меншіктің пайда болуынан шыға бастады.
Пайдаланған әдебиеттер тізмі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж. 30 тамыздағы(21.05.207ж енгізілген өзгерістермен).
2. ҚР Қылмыстық Кодексі.1997ж
3. Лазарев В.В. Липеив С.В. Общая теория государства и права. Учебник для вузов М., Спарк 2000 г.
4. Марченко М.И, Общая теория государства и права. Академический курс. 2. Теория права. М., 1998 г.
5. Алексеев С.С. Общая теория права М., 1994 г.
6. Астемиров З.А. Понятие юридической ответственности // Советское государство и право. 1979 г. № 6.
7. Базылев Б.Т. Юридическая ответственность: Теоретические вопросы. Красноярск, 1985.
8. Блажко П.К. Совокупность правонарушений по советскому праву: Понятие и юридическое значение. Казань, 1988 г.
9. Братусь С.Н. Юридическая ответственность и законность: Очерк теории М., 1976.
10. Денисов Ю.А. Общая теория правонарушения и ответственности: Социологический и юридический аспекты. Л., 1983 г.
11. Дмитриева О.В. Ответственность без вины в гражданском праве. Воронеж, 1998 г.
12. Здравомыслов Б.В., Красикова Ю.А. и др. Учебник. Уголовное право. М., 1994 г.
13. Зайцев И.М. Гражданская процессуальная ответственность // Государство и право. 1999 г. № 7.
14. Колосов Ю.М. Ответственность в международном праве. М., 1975 г.
15. Колосова Н.М. Конституционная ответственность – самостоятельный вид юридической ответственности // Государство и право. 1997 г. №2.
16. Козлов Административное право. Учебник для вузов. Юрист, 1999 г.
17. Лейст О.Э. Санкции в советском праве. М., 1962 г.
18. Кудрявцев В.Н. Закон, проступок, ответственность. М., 1986 г.
19. Липинский Д.А. Формы реализации юридической ответственности.
20. Лазарев В.В. Общая теория государства и права. М., 1996 г.
21. Маркс К. Энгельс Ф. Сочинение т.1
22. Матузов Н.И., Малько А.В. Теория государства и права М., 1997 г.
23. Мамени Н.С. Правонарушение: понятие причины, ответственность. М., 1985 г.
24. Малаш Т.А. Принцип неотвратимости юридической ответственности. Учебное пособие. М., 1999 г.
25. Мальков В.П. Субъективные основания уголовной ответственности //Государство и право. 1995 г. №1.
26. Студиникина М.С. Что такое административная ответственность? М., 1990 г.
27. Сомощенко И.С. Сущность юридической ответственности в советском обществе. М., 1974 г.
28. Тархов В. А. Гражданские права и ответственность. Уфа, 1996 г.
29. Шон Д.Т. Конституционная ответственность // Государство и право. 1995 г. №7.
30. Яковлев А.Н. Понятие правонарушения по советскому законодательству. М., 1963 г.
31. Всеобщая декларация прав человека 1948 г; Международный пакт об экономических, социальных и культурных правах и Международный пакт о гражданских и политических правах 1966 г.