Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 48 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың


Жоспар
Кіріспе 3
1-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесіне сипаттама 5
1.1 Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы 5
1.3 Қазынашылықтың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 27
1.3.1 Ақпараттық жүйенің құрылымы 27
1.4 Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар 28
1.4.1 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар 28
1.4.2 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар 28
1.4.3 Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар 29
1.4.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 30
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 31
1.4.6Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар 31
2-тарау. «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесін талдау 33
2.1 «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың қойылымы 33
2.2 «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы 33
2.3 Ақпараттық жүйедегі тапсырманың сипаттамасы 35
2.3.1 Кіретін ақпарат 35
2.3.2 Шығатын ақпарат 36
2.3.3 Ақпараттық база 37
2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база 37
2.3.5 Ақпараттық моделъ 37
2.3.6 Қолданылатын жіктегіштер 38
2.3.7 Машина ішіндегі ақпараттық база 40
2.4 Программалық жабдықтау 42
2.4.1 Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама 42
2.4.2 Программалық жабдықтаудың құрылымы 43
Қорытынды 47
Қолданылған әдебиеттер 48

Кіріспе

Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспекттісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерленуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түріне айырылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.

1-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесіне сипаттама

1.1 Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы

Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше.
Қазақстан Халық Банкі 80 жылдан астам уақыт өзінің клиенттерінің игілігіне жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттің ең ірі қаржылық институттарының бірі, бүкіл ұлттық көлемдегі филиалдар жүйесін меңгерген, оның негізі бір қалыптылық және тұрақтылық.
Соңғы жылдары елімізде нарықтық қатынастардың дамуы, ішкі экономикалық қызметтерге деген қызығушылықты тудырып отыр. Соның ішінде қаржылық басқару және қаржылық саясатқа, қаржылық бақылау және оның түрлеріне, сонымен қатар қаржылық-несиелік тіреуіштер.

1.4 Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурс – бұл ақпараттың әр түрлі формаларының (деректердің, мәліметтердің, фактілердің, құжаттардың, есеп берулердің және т.с.с.), қоймаларының, жабдықтаушыларының, ақпарат сферасы мамандарының, сонымен қатар, бәсекелестері алдында маңызды басымдылық беретін ақпараттық техникалар жиынтығы.

1.4.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Программалық жабдықтау – ақпараттық жүйенің функцияларын іске асыратын және техникалық құралдар кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.
Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар пайдаланушылардың нақты программалық өнімге деген өзінің қажеттіліктерін жасауына мүмкіндік береді. Осындай көзқарас бойынша, пайдаланушымен бақыланатын жоба неғұрлым тартымды болып келеді.

1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Есептер кешенінің техникалық жабдықтауы деректерді өңдеудің технологиялық процестерін іске асыруға жеткілікті болуы қажет.
Жүйенің қызмет етуінде қолданылатын техникалық құралдар кешеніне мыналар кіреді:

1.4.6 Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар

Ұйымдастырушылық жабдықтау ақпараттық жүйені құру мен оның жұмыс істеуіне арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. ұйымдастырушылық жабдықтау ақпараттық жүйені құру мен оны қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырады, және де элементтерінің құрамын, олардың өзара байланысын, әрекетін, ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ, жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйені жобалау – бұл ақпараттық процестерді зерттеуді, жобалық шешімдер мен жобалық құжаттар құруды, жүйе элементтерінің қызметіне енгізулерді кезектестіруді анықтауды қамтитын өте қиын және күрделі процесс.

2-тарау. «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесін талдау

2.1 «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың қойылымы

Ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектті басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және беру жүйесі.
Барлық ақпараттық жүйелер құрайтын элементтерінің рөлі бойынша екі бөлімнен тұрады: функционалдық және қамтамасыз ететін.
Функционалдық жүйе – бұл ақпараттық жүйенің белгілі бір функциялармен шектелген бөлімі. Өз кезегінде әрбір функционалдық жүйе есептер кешендері мен есептерге жіктелуі мүмкін.
Тапсырмалар кешені – бұл анықталған белгілері бойынша топтастырылған тапсырмалар жиынтығы. Ақпараттық жүйенің тапсырмалар құрамы келесідей факторлармен анықталады:

2.2 «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы

Ақпараттық жүйенің концептуалды схемасы ақпараттық жүйені құру мен оның қызмет етуіндегі негізгі әдістемелік қатынастарды көрсетеді. Концептуалды схема ақпараттық жүйенің құрылымы мен оған кіретін бағыныңқы жүйелердің өзара байланысын графиктік түрде кескіндейді.

2.3.1 Кіретін ақпарат

Кіретін ақпарат ақпараттық жүйенің кез келген тапсырмасын орындауда маңызды орын алады. Кіретін ақпараттың тасығыштары болып, алғашқы құжаттар, магниттік дисктер және магниттік ленталар табылады.
Кіретін ақпараттың есептеріне мыналар жатады:
 Бюджет қорытындысы;
 Шығыстық кассалық ордер;
 Кірістік кассалық ордер;
 Аванстық есеп.
Кіретін ақпараттардың тізімі мен құрылымының сипаттамасы 2-кестеде көрсетілген. Бюджет қорытындысының, шығыстық кассалық ордердің, кірістік кассалық ордердің және аванстық есептің құрамы мен құрылымы 3 – 6 кестелерде келтірілген.

2.3.2 Шығатын ақпарат

Шығатын ақпарат – бұл ақпараттық жүйенің функцияларын орындау нәтижесінде алынып, басқару объектісіне, персоналға және т.б. басқару жүйелеріне құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін ақпарат.
Шығатын ақпараттың құрамы пен құрылымы 7-кестеде көрсетілген.

2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база

Машинадан тыс ақпараттық база – бұл ақпараттық жүйенің қызмет ету кезеңінде қолданылатын хабарлар, сигналдар және құжаттар жиынтығы түріндегі ақпараттық жүйенің адаммен есептеуіш техника құралдарының көмегінсіз қабылданатын формасындағы ақпараттық базаның бір бөлігі.

2.3.5 Ақпараттық моделъ

Ақпараттық моделъ өзара ақпараттық байланыстарды қарастырады, берілген тапсырма кешені бойынша мәліметтерді графиктік түрде суреттейді және барлық негізгі семантикалық байланыстарды толығырақ көрсетеді.
Кіретін ақпарат базаға алғашқы құжаттардан енгізіледі. Автоматтандыру үшін келесідей алғашқы құжаттар қолданылады:

2.3.7 Машина ішіндегі ақпараттық база

Машина ішіндегі ақпараттық база ақпараттық жүйеде қолданылатын мәліметтер жиынтығын жүйенің машиналық тасығыштарында көрсететін ақпараттық базаның бір бөлігі.
Машина ішіндегі ақпараттық база машиналық тасығыштарда сақталады. Машиналық тасығыштар – бұлар автоматты түрде ақпаратты ЭЕМ-ге енгізуге арналған материалдық объекттер. Оларға жататындар:

2.4 Программалық жабдықтау

2.4.1 Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама

Программалық жабдықтау ақпараттық жүйенің мақсаттары мен программалар жиынтығын, сонымен қатар, техникалық құралдар кешенінің қызметін жабдықтауын көрсетеді. Программалық жабдықтау жалпы жүйелік және арнайы болып бөлінеді.
Программалық жабдықтаудың құрамына әмбебап құралдармен қоса, әртүрлі жеке мәселелік облыстарға негізделген пакеттер мен программалар да кіреді.
Программалық жабдықтаудың негізгі үш классын бөліп көрсетуге болады:

Қорытынды

Бұл курстық жұмыста «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» есептер кешенін шешу кезінде объектіге (банкке), оның қызметіне және қолданылатын басқару жүйесіне талдау жасалған. Программалық-техникалық құралдар, ақпараттық технологиялар қарастырылып, олардың жабдықтау түрлеріне талаптар қойылған. Сонымен қатар, оның бухгалтерлік жүйеде алатын орны да анықталған.
«Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың « ақпараттық жүйесі икемді және кез келген өзгерістерге, толықтыруларға ыңғайлы болып келеді. Есептер кешенін жобалау нәтижесінде пайдаланушыға қажетті құжаттарын ешқандай қиындықсыз алуына мүмкіндіктер жасалған. Қазынашылықтың экономикалық қызметінде оптималды жағдай жасайтын, көптеген мүмкін шешімдер жиынынан ең тиімдісін таңдау кезінде тиімді формалар мен басқару әдістерін іздеу ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.