Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 47 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің құрылымы


Жоспар

1 Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің құрылымы 3
1.1 Алматылық ТЭЦ-1 жайлы жалпы мәліметтер 3
1.2 АТЭЦ-1 негізгі және қосалқы құрылғылары 7
1.2.1 Отын-көліктік цех 8
1.2.2 ТЭЦ-ті жылумен қамту жүйесі 9
1.2.3 Мазут шаруашылығы 9
1.2.4 Газ тәріздес отынның шаруашылығы 10
1.2.5 Қазандар цехы 10
1.3 Өнеркәсіптегі еңбек қорғауды басқарудың құрылымы 17
1.4 Қауіпсіз жұмыс істеуді бақылау 21
2 Өндірістік санитария 30
2.1 Энергетикалық кәсіпорындардағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 30
2.2 Санитарлық нормалар, ережелер және нұсқаулар 31
2.3 Жылулық сәулелену мен төмен температуралардан қорғану 31
2.4 Газ бен бу бөлінулерінен қорғану 32
2.5 Өндірістік шаңнан қорғану 33
2.6 Шудан қорғану әдістер мен шаралар 33
2.7 Дірілден қорғану шаралар 35
2.8 Өндірістік жарықтанудың жағдайы 35
2.9 Электрқауіпсіздік 38
2.10 Өрт қауіпсіздігі 41
2.11 Қазандар цехінің бөлмесінде өрттің пайда болуы 46
2.12 Қазандар цехіндегі өрт сөндіру құралдарының есебі 47

1 Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің құрылымы

1.1 Алматылық ТЭЦ-1 жайлы жалпы мәліметтер

Кәсіпорынның атауы – Алматылық ТЭЦ-1.
Кәсіпорынның мекен-жайы: 480050, Алматы қаласы, Сейфуллин ат-ғы даңғылы, 433.
Алматылық ТЭЦ-1 Алматы қаласының орталығында, Жетісу ауданының аймағында орналасқан, алып жатқан ауданы 33 гектар. Жоспарына қарағанда кәсіпорын алаңы солтүстікке қарай созылған көпбұрыш тәріздес. Кәсіпорын алаңының шекаралары: батыс жағынан – ет комбинатының аймағы және тұрғын үйлер, шығыстан оң-түстікке қарай – Сейфуллин ат-ғы даңғылы, солтүстік жағынан – тұрғын үйлер. Оңтүстіктен солтүстікке қарай кәсіпорын алаңы 1200 метрге, батыстан шығысқа қарай – 200 метрден 450 метрге дейін созылған.
АТЭЦ-1 Алматы қаласының орталықтан жылумен жабдықтаудың ең ірі аймағына кіреді және де қаланың орталық бөлігінде орналасқан тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етеді.

1.2 АТЭЦ-1 негізгі және қосалқы құрылғылары

АПК ТЭЦ-1 аймағында келесі ғимараттар мен құрылыстар орналасқан:
- бас корпус;
- басқарудың басты қалқаны;
- әкімшілік корпус;
- материалдық қоймалар;

1.2.1 Отын-көліктік цех

Отын-көліктік цехте келесі учаскелер және оларда қолданатын жабдықтар бар:
- ұсақтағыш корпус: ұсақтағыштар – 2 дана, аспаптар панелі мен басқару пунктері;
- жылу жіберу жолы: жолақ конвейерлері – 9 дана, ілінген магниттік сепараторлар, барабан електері, бункерлер;

1.2.3 Мазут шаруашылығы

Алматы ТЭЦ-1-дің мазут шаруашылығы бір уақытта 18 алты текшелік цистерналардың жүгін түсіру үшін арналған үш жолдық теміржол эстакадасынан; жерасты темірбетондық қабылдаушы ыдыстан; көлемі 10000 м3 екі металл резервуардан тұратын, жүктеуші сораптармен жабдықталған айдаушы сораптары бар мазут қоймасынан; көлемі 2000 м3 мазуттың екі шығыс резервуардан және мазут сораптарынан тұрады. Мазут шаруашылығы 1968-1972 жылдары салынған және «Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары» атты ҚН және Е 11-106-79 сәйкес келмейді, бұл туралы өр инспекциясының ұйғарымы бар.

1.3 Өнеркәсіптегі еңбек қорғауды басқарудың құрылымы

Кәсіпорында еңбек қорғау бойынша жалпы басшылық кәсіпорынның президентіне жүктеледі. Жұмыс істеушілердің еңбегінің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау бойынша, өндірістік жарақаттандыру мен кәсіптік аурулардан сақтандыру бойынша жұмыстарды тікелей ұйымдастыру үшін, алдыңғы қатарлы тәжірибені және ғылыми әдістемелерді ендірудің басқарушы шешімдерін дайындау және АТЭЦ-1-де еңбек қорғау жағдайын бақылау үшін еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөнінде инспекция құрылды. Оның құрамына еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспекцияның бастығы және еңбек қорғау жөніндегі екі инженер кіреді. Олар кәсіпорынның бөлімшелерінде еңбек қорғау бойынша қолданылып жүрген заңдардың, нұсқаулардың, ережелер мен нормалардың сақталуын, еңбек шарттары бойынша жұмыскерлерге белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін бақылайды. Еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыскерлердің денсаулығын бекіту бойынша перспективалық және жылдық жоспарлардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделейді. Еңбек қорғау жөніндегі инженер сондай-ақ сақтандырғыш құрылғылар мен басқа қорғау құралдарын қоршау техникасының аса жетілген конструкцияларын ендіруге, еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын жасау бойынша шараларды, өндіріс ерекшелігін, жұмысқа қабілеттілік динамикасын, адамның физиологиялық функцияларының кезеңділігін есепке алумен, еңбек ету мен дем алудың тиімді режимдерін ендіруге қатысады.

1.4 Қауіпсіз жұмыс істеуді бақылау

Өнеркәсіпте қауіпсіз жұмыс істеуді бақылау ұйымы және жұмыс істеу ережесін талқылау, нұсқаулар және ЕҚ нормаларын үштік сатылы әдістермен анықталады. Техника қауіпсіздігі және еңбек қорғаудың үштік сатыдағы бақылаудың мәні келесі әдістерден тұрады:
─ алғашқы саты - шебер жұмыс алдында күнделікті өзінің жұмыс учаскесінің жағдайын , сондай-ақ жабдықтардың жұмыс істеу қалпында тұрғанын осыған саймандардың түгелдігін және де қауіпті жағдайларды болдырмайтын қоршаулардың болуын қадағалау керек.

2 Өндірістік санитария

2.1 Энергетикалық кәсіпорындардағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар

Энергетикалық кәсіпорындарда, басқа өнеркәсіптік мекемелердегіндей, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар бар. Олардың арасында ең жиі кездесетін мыналар: электрлік кернеу; электр өрісінің жоғары кернеулігі; жұмыс орнының биікте орналасуы; көмір шаңын дайындау және кептіру бөлмелерінде, ыдыратушы бөлімшелерде, сұйық отынды беру бөлмелерінде, цистерналарды ысыту және мазутты құю бөлмелерінде, мазут цистерналарын тазалау эстакаларында, аккумуляторлық батареялар бөлмелерінде, бензин және сутегі мен карбид ыдыстары қоймаларында, ацетиленді генерирлеу бөлмесінде жарылыс және өрт қауіпті қоспалардың пайда болу мүмкіндігі. Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар да қауіп төндіреді, атап айтқанда, ауа жинағыштар, ысытқыштар, деаэраторлар, сұйытылған газдар үшін баллондар, бу мен ыстық су құбырлары.

2.2 Санитарлық нормалар, ережелер және нұсқаулар

Өнеркәсіптік мекемелерді жобалаған, жөндеген және пайдаланған кездегі санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық талаптарды реттейтін негізгі нормативтік құжат – бұл «Өнеркәсіптік мекемелерді жобалаудың санитарлық нормалары» (СН 245-71). Бұл нормалармен ғимараттар мен құрылыстардың құрылыстық шешімдері реттеледі, мекемелерді жылыту, ауаны желдету және кондиционирлеу, сумен жабдықтау және канализация жүйелеріне қойылатын талаптарды қарастырады. Аталған нормалар бөлмелердің жұмыс зоналарындағы метереологиялық жағдайларды, ауа мен судағы зиянды заттардың ақырғы шекті концентрацияларын (АШК) анықтайды. Сонымен қатар, бұл нормалар шу мен дірілдің, ультрадыбыс пен электромагниттік толқындардың параметрлерін реттейді.

2.4 Газ бен бу бөлінулерінен қорғану

ТЭЦ-те әртүрлі зиянды заттар бөлінеді: көміртегінің тотығы және екі еселенген то, никель, азот, күкірт, ванадий және т.б. тотықтары. Атап айтқанда, жұмыс аумағының ауасынан сынама алу және зерттеу жүргізген кезде қазандар цехіндегі № 13 қазанның маңайындағы көміртегі тотығының мөлшері нормадан 2,1 есе артық екені анықталды, турбиналық цехте де көміртегі тотығының мөлшері АШК-дан біраз артық екені белгіленді. Қазандар цехінің жұмыс аймағы ауасындағы көміртегі тотығының және басқа да газдардың артық болуы аэрацияның жеткіліксіз тиімділігімен және түтін шығару жүйесінде нашар тығыздықтың болуымен, ал турбиналық цехтегі зиянды заттардың жоғары концентрациясы ауаның қазандар цехінен келуімен, майлы заттардың жануымен және аэрация жүйесінің нашар тиімділігімен түсіндіріледі.

2.5 Өндірістік шаңнан қорғану

Шаң қатты заттарды ыдыратқан, үгіткен және т.б., сусымалы заттарды елеу, тасымалдау кезінде пайда болады. Адам ағзасына дем алған кезде, тамақ пен сумен қоса, тері арқылы кірген кезде шаң кәсіби аурулардың пайда болуына әсер етеді. Адам ағзасына әсер ету бойынша шаң улы және усыз болып бөлінеді. Улы шаң ағзада еріп улануларды туындатады. Усыз шаң көзді, теріні, тістің қызыл иектерін тітіркендіреді, ал өкпеге түскен шаң пневмокониз деп аталатын кәсіби ауруды туындату мүмкін, пневмокониоздар өкпенің демалу беттерінің шектелуіне және де бүкіл ағзадағы өзгерістерге әкеліп соғады. Шаңның әсер ету зияндылығы демалатын шаңның санына, оның дисперсиялық дәрежесіне, шаң бөлшектерінің пішініне және химиялық құрамына тәуелді болады.

2.7 Дірілден қорғану шаралар

Діріл деп кеңістікте таралатын серпімді денелердің кез-келген механикалық тербелістерін атайды. Дірілдің көзі болып әртүрлі технологиялық үрдістер, механизмдер, машиналар және олардың жұмыс органдары болады.
Діріл жалпы және жергілікті болы бөлінеді: жалпы діріл кезінде діріл адам денесіне тіреуіш беттер арқылы беріледі, жергілікті діріл кезінде діріл адамның қолдары арқылы беріледі.

2.8 Өндірістік жарықтанудың жағдайы

Бірқалыпты көру жұмысын және ағзаның белсендік қызметін қамтамасыз ету үшін, қолайлы тиімді жағдайды қамтамасыз ету, ол яғни оңтайлы жарықтандыру жұмысы болып табылады. Көру қабілеті еңбек үрдісін табысты орындаудан басқа өндірістік жарақаттарға тосқауыл қойып, оны болдырмауға септігін тигізеді. Сонымен қатар еңбек қорғау саласындағы ең өзекті мәселе болып табылады. Жарық көзін тиімді жобалай білу, ол жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізеді. Қолайлы жарық көзі көру жұмысына адамның психикасына әсер етеді, сондай – ақ еңбек үрдісіне, жұмыс қабілетіне және денсаулықты сақтауға өзінің септігін тигізеді.
Осындай жолдар арқылы жұмыс орнын өндірістік мекемеде дұрыс жарық көзімен қамтамасыз ету жұмысына көп көңіл бөлу керек.

2.9 Электрқауіпсіздік

Электрқондырғыларды орнату бойынша қызмет көрсету жұмысына, жасы 18 толған, алдын ала медициналық тексеруден өткен адамдар жұмысқа жіберіледі.
Өндірісте еріксіз электр қондырғысымен жұмыс істеу адам өміріне үлкен потенциалдық қауіпті төндіреді. Оның ішінде адамның денесіне әсерін тигізеді. Тоқ адамның денесінен өтіп, өте қатты әсер етеді.

2.10 Өрт қауіпсіздігі

Өрттен немесе жарылыстан туындайтын, сонымен қатар адамзатқа әсерін тигізетін қауіпті және зиянды факторлардың көзін жоятын материалдық құндылықтарды қорғап, қауіпсіздік қорғанысын қамтамасыз ететін іс – шараларды өрт қауіпсіздігі деп атаймыз.
Өрт пен жарылыс халық шаруашылығына көптеген шығындар келтіреді және кейде адам өмірінің қиылуына, ауыр жарақаттарды тудыруға әкеліп соқтырады.

2.11 Қазандар цехінің бөлмесінде өрттің пайда болуы

Қазандар цехінің аймағында немесе бөлмесінде өрт пайда болса машинисттер бұл туралы ауысым бастығына тікелей телефон арқылы хабарлау керек.
Бұдан соң өрттің пайда болу себептерін анықтап, от шығу ошақтарын бірінші өрт сөндіру құралдарымен жою бойынша шараларды қолдану керек, егер өрттің себептері ретінде келесі жағдайлар болмаса: